Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Аманов Ерік Серікұ (Еңбекшіқазақ ауд, Совет ауылы)

Құрметті Анзар Мусаханов! Сізге хабарласып отырған себебім жұмыс Совет ауылында ауыз су мәселесі аландатарлықтай дәрежеге жетті. Сіздің сайтыңызда 2002-2010 ж.ж. арналған ауыз-су мәселесі жөніндегі бағдарламамен таныстым. Бұл бағдарлама аясында біздің ауылда еш бір жұмыс атқарылмаған сияқты, су құбырынан аққан лай судың ішінде құрт-құмырсқа да кездесіп жатады.
Қыстай көшелердегі су құбырларының бірінен кейін бірі жарылып масқара болды.
Ауыл әкіміне тұрғындар барса, маған тиіспендерші бір жылдан кейін пенсияға шығамын, содан кейін жасайсындар деп шырылдайды екен.
Өзімнің үш ұлым бар соларға аландаймын. Жақында су себебінен кіші ұлым кишечная инфексия болып емделіп шықтық.
Осы мәселені шешерсіз деген үміттемін.…

Омишева Мархабат Бекмуханб (Қарасай ауд, любой)

Құрметті Ансар Мусаханов мырза!
Мен сізге бірінші рет хабарласып отырмын! Орныңыз құтты болсын! Мен негізі Алмалы ауданының тұрғынымын енді осы Қарасай ауданынан жер алып үй салсам деген ойым бар. Сол себепті мамандығым АТУ-дың 2010-2012жж Мемелекеттік жергілікті басқару. Құдай қаласа ендігі жылы қолыма дипломымды аламын. Өзім Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасының көмекшісі болып
2 астам жұмыс істедім. (КМС). Бірінші мамандығым 1994-1998жж экономист-менеджер бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемедім. 2-ші мамандығым бойынша сізден көмек сұрарым әкімшіліктен бос орынға орналасуыма қол үшін беруіңізді сұраймын. Рахмет 87051373654…

Аралханова Роза Ар (Іле ауд, Жана-дауір ауылы,ленина 2 а)

Сәлеметсiзбе Аңсар Турсынхан ұлы ! Менің сiзден сұрайтын өтiнiшiм жұмысқа орналасу мәселесiн карастырып берсеңiз.Резюмемдi көтерiп тоздырмаған есiгім қалмады.барлык жерде сен еш жерде жұмыс жасамағансың стажың жоқ деп шығарып салады.2007 жылы КазНАУ университетінің (вет сан врач) мамандығын үздік бітіріп, тұрмысқа шықтым. Қазір Ата- енеміздиң қолындамыз,кішкентайымызды ауыл балабақшасына беріп қойдық Келешектегі арманым жан-жолдасыма тіреу болып,маман иесі болып қызметте істеп ,бірігіп үиреніп қалған ауылымыздан жер сатып алып үи салып ,жеке өмір жолын бастап,Халқыма адал қызмет етсем - деп армандаймын Тілегімді хош көріп жәрдем етсеңіз деп сұрамын!…

шарғынов кеңесжан (Райымбек ауд, райымбек ауданы жалаңаш ауылы)

Әкім мырза , былтырғы жылдан бастап үш жылға жоспарланған Жалаңаш ауылы бағытындағы жол жөндеу жұмыстары басталған. Биылғы жылы жолшылар із -түзссіз жоғалып , жұмыстары тоқтап тұр. Осы жағдайды жіті бақылауыңызға алып іскер әкім екендігіңізді қарауыңыздағы халқыңызға көрсетсеңіз деп тілеймін. Бұндағы ел жол азабынан әбден қажыды.…

Айдар (Талғар ауд)

Менің бір сұрағым бар. Талғар қаласындағы №8 мектепте 11 сыныпта балам оқиды. Выпускной балға мұғалімі 30 000 теңгеден жинап жүр. ОЛ НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ??? МЕНІҢ АЙЛЫҒЫМ 35 000 ТЕҢГЕ, СОЛ АҚШАНЫ БЕРУ ҮШІН БІР АЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕКПІН. не деген ақшадан өлген мұғалімдер??? 15000 жинаса бір жөн.....…

Жанбосынов Марат Жалауулы (Еңбекшіқазақ ауд, С.Каракемер, ул. Тастанбекова 52)

Қазақстан Республикасы Алматы облысының әкімі Мұсаханов Аңсар мырзаға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудан Қ. Орымбетов атындағы орта мектептің бір топ мұғалімдерінен Арыз
Құрметті Мұсаханов Ансар мырза әуелі сізді жаңа тағайындалған қызметіңізбен құттықтай оытырып зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Құрметті Мұсаханов Ансар мырза, біздің сізге арыз жазу себебіміз: Біз төменде аты аталған ұстаздар ,Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің директоры Б.Таванованың заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымданғанымызға екі жылдың жүзі болды .Осы уақыт ішінде мектеп директоры Б.Таванова өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -әрекетін әшкерелеп берген жоғары санатты білімді 3мұғалімді жұмыстан босатты, және қалғандарымызға заңсыз қысым көрсеткендіктен бір ұстазымыз жүрек талмасынан «о дүниелік» болды. Осы жөнінде сіз бұрындары да қабардар боларсыз деп ойлаймыз. Олай дейтініміз осы мәселе жөнінде бұрынғы облыс әкіміне де неше қайтара шағымданған едік. Еш нәтиже болмағандықтан енді міне сізге де шағымдануға тура келіп отыр. Біз Елбасымызды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық болып бірге күресейік!» деген ұранын қолдап Б.Таванованың жемқорлық әрекеттерін көрсетіп төмендегі құзырлы мекемелерге шағымдандық, бірақта Б.Тавановаға ешбір құзырлы мекемелердің, заңның шамасы жетпейотырғанына қарағандар қандай құдіретті күштің барына таң қаламыз.…

Әлдибай Рима (Талғар ауд, Тұздыбастау)

Саламатсизба Аңсар Тұрсынханұлы ! Келген қадамыңыз құтты болсын, үлкен биіктерге жете беріңіз деген тілекпен сізге сұрақ қойғым келіп отыр.Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1 жылға договормен жұмысқа қалдыру заңының күші жойылған .
Бірақ біздің Талғар ауданының ауылдық округтерінде бұл заңның күші жойылмаған секілді. Бұлардың жастары келіп зейнеткерлікке шықсада жұмыс істеп жүргені қалай? Жастарымыз жұмыс таба алмай жүр ғой. Жастарға орын бермей ма? Сізден отінерім жастарға қолдау көрсетіп , осы мәселені қарауыңызды өтінемін.…

Көпбаева Гүлнар (Текелі қ., Қора көшесі, 26/24)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Сізге бір топ текеліліктердің риза пейілін жеткізуге ниеттімін.
Ел тұтқасында жүрген азаматтарымыз қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ескерусіз қалдырмай, қол ұшын беріп жүрсе, әлеуетіміз артып, дәулетіміз молая түседі деп ойлаймын. Осыдан екі жыл бұрын Текелі жұртшылығын дүрліктірген жер сілкінісі біраз отбасының шаңырағын тұруға жарамсыз күйге жеткізген еді. Баспанасыз қалған жетпістен аса отбасы сол уақытта қала, облыс басшылығының жанашырлық қолдауын әбден көрді. Солардың ішінде мен де бармын.
Жағдайымызды жете түсініп, тез арада бала-шағамызбен уақытша қонақ үй, жатақханаға орналастырды. Баспанасыз қалсақ та, далада қалғандай сезінген жоқпыз. Аса көпке созбай кейбіреулерге қайта үй сатып алуға тиісті қаржы бөлініп, олар қалаған пәтер немесе үйлеріне қоныстанып алды. Бірқатарымыз қаланың есебінде тұрған көп қабатты үйдің жөндеуден өткен жаңа пәтерлеріне ие болдық. Төбеміз көкке жеткендей қуандық. Алған пәтерімізді бірден атымызға аударып, өз меншігімізге өткізу мүмкін болмаған, бірақ мұндай өтінішіміз де жерде қалған жоқ.
Жер сілкінген күннен бастап жарғақ құлағы жастыққа тимей, әрдайым қасымыздан табылған бұрынғы облыс әкімі Серік Үмбетовтің әкелік қамқорлығын әр текелілік отбасы сезініп, айтар алғысы мол.
Қадірменді Аңсар Мұсаханұлы, өңірімізде атқарылып жатқан абыройлы істерді жалғастырып, халықтың ілтипатына бөленіп жүрген Сіздің тікелей басшылығыңызбен баспана құжаттарын жөндеу мәселесі шешіліп, қолдау т…

Алибаева Куляш (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Мен Алибаева Куляш 2010 жылдың 1 наурызында Алтын алқаға құжаттар өткізген болатынмын 2010 жылдың қазан айында Президентіміздің жарлығы шығып Алтын алқаның куәлігін алдым, бірақ әлі күнге дейін АЛҚАНЫҢ өзін алған жоқпын. Сол жерде отыратын қызметкерлер кейін болады деген уәдемен әлі жүрміз, барсаң дұрыс жауап та бермейді, сонда мемлекеттік қызметкер халыққа қызмететпесе кімге қызмет етеді. Құжат өткізген кезде де бюрократиялық кедергілер болып еді, енді міне 1 жыл 3 ай болды алқамды әлі ала алмай жүрмін. Шара қолдануыңызды өтінемін…

Дайынов Ғабит Сейтжанович (Еңбекшіқазақ ауд, Птицевод дачасы)

Ассалаумағалейкум, құрметті әкім мырза! Мен Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Птицевод дачасының тұрғындары атынан сізге хат жазып отырмын. Бірнеше жыл болды дача тұрғындары жарықсыз, сусыз күн кешіп жатыр. Оған басты себеп, дачаның генпланын таба алмай жатырмыз. Бәйтерек әкімінен сұрастырсақ, олар бізде жоқ, ол дачаның генпланы ешжерде жоқ. Жоғалып кеткен дейді. Осы арасы түсініксіздеу болып тұр. Мемлекеттік құжат қалай жоғалып кетуі мүмкін? Ал біздер сол генпланның жоқтығынан сусыз, жарықсыз отырмыз. Сізден сұрайтынымыз, осы дачаның генпланын алуға жәрдемдессеңіз.…
Created by Alex Unknown