Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Нурсейтов И (Іле ауд, Байсерке ауылы)

Құрметті Ансар Мұсаханов сізді өткен 1 май мерекесімен құтықтаймын! Мен Іле ауданының Байсерке ауылының тұрғынымын. Біздің елді мекенде ауыл ішінде жол жоқтың қасы. Тек Орталық көшеде асфальт бар. Көктем мен күз, қыс айларында ауыл іші батпақ пен лайға айналады, ал жазда шаң басады. Жеңіл көліктері мен арнайы көліктер жүре алмайды. Осындай жағдай міне 10 жыл болды, қатты қиналдық. Неге біз осындай жағдайда өмір сүруіміз керек? Жергілікті әкімге біз сенбейміз. Көмектесуіңізді сұраймын!…

Карлыгаш Абекова (Қарасай ауд, каскелен каласы)

Құрметті аким мырза!
Қарасай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Оспанова өзінің қызметтік мәртебесін пайдалана отырып, жазылым бағасы 180 тенге тұратын 1/2011 жылғы «Атамекен-Ай» журналын, Ш.Оспанова алып келіп білім мекемелеріне алып сатарлықпен айналысып 700 теңгеден зорлықпен сатып ақшасын жинап алады. Жағдайы жоқ меңгеруші арендалық үйденде үй алыпты, ауданға қандай еңбегі бар екен. Бір мектепке 30-40 штуктан, бір мұғалімге бір журнал неге керек, әлде қымбат болуының себебі аудандық білім бөлімінің бастығы Ұ.Бархинова шыққан журнал болғандықтан ба? Осы жағдайды жазып аудан әкімінің сайтына шықтық, ешқандай нәтиже жоқ, білім бөлімі директорларды, директорлар завуч, мұғалімдерді қырып салды. Журналдын ақшасын жинап алды, кредитке, концертке, кітапқа жетпей жатқан жалақыны қайда жеткізерімізді білмей жүрміз. Кітапханаға 2-3 штук алса болмай ма, әдістемелік өзімізге керек кітап емес қой, мерекелерге беретін грамоталарды да меңгерушінің ставкасы бар жалындырып сүйінші сұрап барып сатады. Мұғалімдердің тестілеу кезінде ақша алған мұғалімдерге пән мұғалімдерін аудиторияға мұғалімдердің көзінше кіргізіп көмектестірді, айтқан мұғалімдерді директорларға айтып ауыздарын жапсын, сөйлемесін «жалмауызға жан керек» деген мақалмен алдын ала дайындап қояды.
ППНТН директоры Н.Еркімбаева ал Білім бөліміндегі ҰБТ-ге жауапты А.Еркімбаева 4-11 сыныптар арасында 260 теңгеден жиі ақылы тест өткізеді, 40 мың теңгеден курстар ұйымдастырамыз деп…

Шакиров Әділет (Қарасай ауд, Карағайлы ауылы)

Ассалямуалейкум!!!Құрметті Серік Әбікенұлы! менің сізге өтінішім мен Алматы қаласындағы Республикалық Медицина Колледжінің 4 ші курс студенті боламын, осы жылы соңғы курс болғандықтан мен ары қарай оқуымды шет мемлекеттердегі жоғары және сапалы білім беретін университеттерінде оқығым келеді алайда ата - анамның мені шет елде оқытқанға жағдайы келмейді. Қазақстандағы ірі компаниялардың жастарды шет елде оқыту туралы ақпаратты естіген едім, бірақ қандай компаниялар және қандай жолмен келісун білмеймін сол жағынан маған жәрдем етсеніз.коп коп рахмет!!!…

Жанар Маханова (Капшағай қ., Алматы қаласы)

Салеметсізбе?Сізден сұрайын дегенім: Мен биылғы жоғары оқу орнын бітіруші түлекпін. Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының түлегімін. маған мамандығыма сәйкестендіріп Алматы қаласынан жұмыс тауып беруіңізді сұраймын.…

Садирбаева Сұлушаш (Қарасай ауд, Қаскелең)

Алматы облысының Әкімі Үмбетов С.Ә. Мырзаға Қарасай ауданы тұрғыны Садирбаева Сұлушаштан АРЫЗ Құрметті Серік Әбікенұлы! Мен, бұл арызымды жазбай тұрып, Сізге осы арызымды жазуыма мұқтаж еткен Қарасай ауданы әкімдері жайлы айтқым келіп отыр. Алдымен Сізден кешірім сұраймын. 2011 жылдың 2 сәуір күні түс шамасында үйге учаскелік 2 полиция қызметкері келіп менің жолдасым Идрисов Бейбітті осы үйде тұра ма?, – деп іздеп келді. Қолдарында еш шақыртуы жоқ, бірақ ол кісілердің айтуынша, менің жолдасым аудандық Әкімнің орынбасары Калиевке балағат сөз айтты, «Калиев мырза бізге Идрисовты табыңдар» деп жатыр деді. Мен бірден бұл не сұмдық, сайлаудың алдында әкімдердің бітірер жұмысы болмай, неге Идрисовты іздеуге шықты дедім. Көз көгеріп, бас жарылмаған шығар, үйге келсе айтамын, ол кісі субботникке кеткен деп жауап бердім. Шынын айтқанда учаскелік полицияларға Әкімнің орынбасары Калиев Еділ Әбуович мырза маза бермегенге ұқсайды. Ол күні полиция қызметкерлері күні бойы Идрисовты іздеді десем де болады. Бірақ істің барлық жағдайын егжей-тегжейлі білмей, еш шешім қабылдай алмай қалдым (Куәгерлер бар, бірақ барлығы ертең әкімдер соңымызға түсіп алады, деп отыр. Біз қай заманда өмір сүріп жатқанымызды білмейміз). Бірақ бұл учаскелік полиция қызметкерлерінің келуі менің жанұяма үлкен соққы болып тиді. Себебі, менің жолдасым Калиев мырзаны еш себепсіз балағаттауы мүмкін емес. Істің мән жайына келсек, сол Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты аудандық аумақтық инспексиясының қызметкерлерінің айт…

Марина (Талдықорған қ.)

шағын және орта кәсіпкерлік үшін салынатын салықтың ставкасы неше пайызды құрайды 2011 жылы және 2010 жылы неше пайызды құраған еді?…

Қали Аят Нүсіратұл (Еңбекшіқазақ ауд, Кендала)

Сәлеметсіз Серік Үмбетов мырза!
Біз Талғар каласы Кеңдала а.о. №5 Саяжайда турғанымызға 7-8 жыл болды, аулымызда ауыз суы болмағандықтан Алматы қаласындағы көше бойындағы су қүдықтарынан әкелуге мәжбүрміз, көлік болмаған жағдайда Талғар қаласындағы семялықтарға жалынамыз, ол судың өзіде таза емес, кір жуыуға ғана жарайды.
Таяудағы жылдары Саяжәйға қыстайтын семялар жыл сайын көбейуде, барлық адамдарға ауыз суы өте керек, ауыз сусыз түрмысымыз қйын болып барады, Алматынын іргесындегі осындай ауылдарға мемлекет қашан назар аударатынын білейын депедым. Бул тек қана меның сурағым емес, әрйне осы ауылдағы барлық ауылдастардың ортақ сурағы. Сізден және Акімшіліктен өтінеріміз ауылымызға таза ауыз су тартуға жәрдемдессеңіз.
Рахмет, Аллаһ рйза болсын сіздерге
Кали Аят…

Шындық Айтбаева (Іле ауд, Боралдай )

Сәлеметсіз бе ? Серік Әбікенұлы . Біз валантерлер, мемлекеттік қызметкерлер 3 сәуір күні өткен сайлауға 1,5 ай бойы терімізді төгіп, көше аралап, сайлауға қатысатын халықтың тізімін жинап жұмыс жасадық .Біздің бұл еңбегіміз еш бағаланбай төленетін ақысы төленбей отыр .Бұл қаншалықты заңды? Сайлауға негізінен қаржы бөлінді емес пе?…

Нурсейтов Илияс (Іле ауд, Байсерке ауылы)

Ассалаумағалейкум!
Сұрақ Байсерке ауылының авто жолдар туралы. Біздің елді мекенінде орталық көшеден басқа, бір де бір асфальты жол салынбаған. Адам тұрмысына өте қиын жағдай туғызады. Көктем мен күз айларында адам мен көлік жүре алмайтын батпақ болса, жаз айларында шаң басады. Тұрғындар өте қатты қиналуда. Жедел медициналық көмек пен құтқару көліктері лезде жете алмайды және көше атаулары мен үйлердің нөмірлері жоқ. Осы мәселені шешуге көмектесуіңізді сұраймыз.
Рахмет!…

Айдаров Бақытжан (Алакөл ауд)

Ұжымға тиесілі мүліктің іргесіндегі жер телімін ауыл әкімінің шешімімен тұрғын үй учаскесі ретінде пайдаланбақшы болдым. Ол туралы ауыл әкімінің шешімі де шықты, енді мемлекеттік актіні күтіп отырмын. Ал ұжым төрағасы ол жерлерге тұрғын үй учаскесі ретінде пайдалауға болмайды. Ол ұжымға тиесілі деп мазамды алып отыр…
Created by Alex Unknown