Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Молдабаева Күльбайран Рама (Капшағай қ.)

Құрметті Анзар Тұрсынханұлы ел басының бағдарламасы бойынша, қалалық білім бөліміне, балабақшаға кезекке тіркеліп "Малыш" балабақшасына 3-ке толған баламды әділдікпен орналастырғаны үшін сізге алғысымызды білдіреміз.…

Елжанов Дархан (Талдықорған қ., Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті)

Құрметті Анзар Тұрсынханұлы!

Сіздің еңбек еткен жерлеріңізді ақынын, азаматын іздейтін ірілігіңізді сонау кеңшар басшысы болған кезіңізден білеміз. Әрі қазіргі игі қадау-қадау істеріңізді естіп, Жетісуда өзіңіздей басшы болғанына қуанудамыз. Бір кездері аудандары таратылып, қайта құрылғанда елімен қауышқан сатира сардары Садықбек Адамбековтың (марқұм), жазушы Дулат Исабековтың мерейтойларындағы қуаныштың көз жасын көріп едік.
«Біз бүкіл қазаққа ортақпыз, бәрі құшақ жайып қарсы алады, алайда кіндік қаның тамған жердің ықылас-ниеті, тауы мен өзенінің орны ерекше ғой!» - деген еді Дулат ағай.
Сондай елін-жұртын сағынып жүрген азаматтың бірі - дәстүрлі ән шебері, сіздің жерлесіңіз, «Ұзынбұлақтың» тумасы ҚР халық әртісі, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі Қажыбек Бекбосын.
Ол кісі 1946 жылдыњ 19-шы мамыр айында Талдыќорѓан облысы Ќапал ауданы, Ќоњыр ауылы ¦зынб±лаќ бµлімшесінде д‰ниеге келген.
1954-1965 ж.ж сол жерде Ѓ.Орманов атындаѓы 11-жылдыќ мектепті бітіріп. 1965-1967 ж.ж Алматыдаѓы Эстрада жєне цирк µнері студиясында ЌАЗ. ССР Халыќ єртисі Ѓарифолла Ќ±рманѓалиевтіњ Халыќ єні класына оќуѓа т‰сті. Ќажыбек Бекбосын Республикалыќ эстрада µнері студиясын ойдаѓыдай бітіргеннен кейін Мемлекеттік «Ќазаќконцерт» бірлестігініњ єнші-домбырашысы ќызметін атќарды.
Табиѓаттыњ берген дарыны мен µзініњ ењбек с‰йгіштігініњ арќасында Ќажыбек Бекбосынныњ єншілік репертуары халыќ …

Жотабаева Лайла (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Құрметті Әкім! Мен Жотабаева Лайла Талғар қаласының тұрғынымын. Сізге қояр сұрағым, 2000 жылдан бастап жер кезегіндемін. Сол кезегімде келді. Бірақ Акиматқа барсан ешқандай толық мәлімет ала алмайсын. Сол жерге заңды түрде кезекке отырдық. Енді сол жерді беруге қол ұшын берсеңіз, алдын-ала алғысымды білдіремін.…

Кенжебаев Максат (Талғар ауд, Бірлік ауылы)

Алматы облысы әкімі С.Умбетов мырзаға

Талғар ауданы
Бірлік ауылының тұрғындарының атынан М.Кенжебаевтан
мекен жайым:
Талғар ауданы
Бірлік селосы
Маметова көшесі 56 үй.




Құрметті Серік Әбікенұлы!

Бірлік ауылы тұрғындары, барлығы 100-ден аса адам, ел басы Назарбаев Нұрсултан Әбішұлына 2009 жылдың 13-қарашасында тікелей эфирде халықпен болған сұхбатында Бірлік, Талдыбұлақ, Бельбұлақ, ауылдарында мәдениет ошағы, кітапхана, балабақша, Бірлік ауылында емхана, байланыс бөлімі, тірек пункті мүлдем жоқ екенін, сонымен қатар тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілмегенін, онымен қоса балалар доп ойнайтын жерді аудан әкімі жеке меншікке беріп жібергені жайында сұрақтар қойып хат жолдаған едік. Қойылған сұрақтардың оң шешімі табылатыны жайында 2009 жылғы 5- желтоқсанда «Жетысу» және Талғар саяси- қоғамдық газеттерінің бетінде «Бірде- бір сұрақ назардан тыс қалмайды» деген мақалаларында көрсетілген еді. Сол мақалалардың 18548 номерлі (Досымбаев К.-ауыл тұрғыны) берілген жауапта Талғар ауданының Бірлік ауылында футбол, волейбол, баскетбол алаңдарын салу үшін жобалау сметалық құжаттары (16 млн. 800 мың тенге) жасалып, 2010-жылдың « Жол картасы» бағдарламасына енгізілді деген. Сонымен қатар Облыс бойынша 2010 жылы 79 ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің қүрылысы жоспарлануда. Кітапхана, полиция тіркеу пунктін салу мәселесі қаралуда, Бірлік ауылында екі мыңнан …

Амирханова Балжан (Ұйғыр ауд, Чунджа)

Құрметті Ансар Тұрсынханұлы! "Қоғамда мүгедек бала қандай орын алады? Мүгедек баланың құқығын кім қорғайды?" Себебі менің 6 жарым жаста асырап алған ұлым бар,жүрмейді,сөйлемейді. Жылына бір рет бізге памперстер беріледі,үкімет тарапынан, биылғы 2011жылы берілген памперстердің сапасы өте нашар,жыртылған, балаға қалай тартсаңдар сыймайды, баланың сапасыз берілген памперстерінен денсаулығы бұзылды. Бір ай болды апарып памперстерді бергенімізге, еш жауап жоқ, памперстерді қайдан алғанын, кім әкелгенінен еш хабарым жоқ. олар бір рет болсада шақырып сұраған емес, мынау балаңызға келеме, жоқ келмей ме деп, өз біттерінше әрекет етуде, әйтеуір бір фирма әкелген. Дүкенде сатылатын памперстердің сапасы да жақсы, әрі балаға шақ.
Екіншіден аудандық емхананың нервжүйесінің дәрігеріне есепке тұра алмай, керекті дәрілерімізді алмай жүргенімізге бір жарым жыл болды, дәрігердің алдына 3 рет бардым, келемін, күтіңіз дегелі бір жарым жыл өтті. Ауданымызда логопед, бала психологы, дефектолог бір рет баламен жұмыс істеген жоқ.
Сонда мүгедек болып қалғанына, әлде дүниеге келгеніне кінәлі ма? Үкіметтің мүгедек балаларға керек памперстеріне, дәрілеріне бөлініп жатқан қаражаты қайда кетіп жатыр? Мүгедек баланың құқығын кім қорғайды? Әлде мүгедек балалар қоғамнан аластатылған ба?
Сіз, менің осы сауалыма міндетті түрде жауап берер деп ойлаймын.

Аоматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы, Ахметов Қанағат 5 үй, 3 пәтер, 2-30-71 үй телефоны…

Бардабекова Роза (Жамбыл ауд, Ұзынағаш)

Менің сізге өтініш беру себебім,қарауымда әкесі - Бардабеков Муратбек 26.07.2000жылы,шешесі - Букекова Забида 03.02.2006 жылы қайтыс болған жетім бала бар. Сол балам - Бардабеков Рүстем биыл 2010жылы Абай атындағы гимназия орта мектебін бітіріп, Қ.Сатпаев атындағы Университетке оқуға түсті. Баланың Университет ректоры жетімдігін ескеріп 50% жеңілдікпен оқуға қабылдады. Бала оқуға қабылданғаннан кейін мен Аудандық әлеуметтік қорғау мекемесінің бастығы Ж.Қарынбаев мырзаға барып жағдайды айтқанымда, "Оқыта беріңіз,төленетін ақшаны біз төлеп береміз"- деген еді. Аудандық оқу бөліміндегілер дұрыс ақпарат бермеу салдарынан балаға берілген жәрдемақы түспеген.Қорғаушылық және қамқоршылық істер бойынша жетекші маман Құрұмбаев Ертай Арыстанбекұлына барып,қыркүйек айының басында сабақ басталысымен анықтама әкеліп өткізгенімді, дұрыс ақпарат бермеу салдарынан балаға жәрдемақы бөлінбей қалғанын айтқанымда,ол кісінің маған айтқаны мынау болды:"Сен сияқты маған он адам келді,сені жіберіп жүрген қандай жынды?Саған беретін көмегім жоқ,баратын жеріңе бар,маған не істеп аласың?". Осылай тыңдағысы да келмеді.Жетім балалардың жағдайын шешпесе,ана орнында текке жалақы алып,мансабын көтеруге отырма? "Мені облыстан жіберді" - деп, жылдың көктемінде,бала мектепте жургенде келіп менің тұрмыс-жағдайымды көріп,"Балаға үй беріледі"- деп Құрұмбаев өзі айтқан.Барлық құжаттарды жинап ,"Бала 6-шы кезекте тұр"- деген.Содан сон жер беріледі деп құжат жинады.Бал…

Нурсейтов И (Іле ауд, Байсерке ауылы)

Құрметті Ансар Мұсаханов сізді өткен 1 май мерекесімен құтықтаймын! Мен Іле ауданының Байсерке ауылының тұрғынымын. Біздің елді мекенде ауыл ішінде жол жоқтың қасы. Тек Орталық көшеде асфальт бар. Көктем мен күз, қыс айларында ауыл іші батпақ пен лайға айналады, ал жазда шаң басады. Жеңіл көліктері мен арнайы көліктер жүре алмайды. Осындай жағдай міне 10 жыл болды, қатты қиналдық. Неге біз осындай жағдайда өмір сүруіміз керек? Жергілікті әкімге біз сенбейміз. Көмектесуіңізді сұраймын!…

Карлыгаш Абекова (Қарасай ауд, каскелен каласы)

Құрметті аким мырза!
Қарасай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Оспанова өзінің қызметтік мәртебесін пайдалана отырып, жазылым бағасы 180 тенге тұратын 1/2011 жылғы «Атамекен-Ай» журналын, Ш.Оспанова алып келіп білім мекемелеріне алып сатарлықпен айналысып 700 теңгеден зорлықпен сатып ақшасын жинап алады. Жағдайы жоқ меңгеруші арендалық үйденде үй алыпты, ауданға қандай еңбегі бар екен. Бір мектепке 30-40 штуктан, бір мұғалімге бір журнал неге керек, әлде қымбат болуының себебі аудандық білім бөлімінің бастығы Ұ.Бархинова шыққан журнал болғандықтан ба? Осы жағдайды жазып аудан әкімінің сайтына шықтық, ешқандай нәтиже жоқ, білім бөлімі директорларды, директорлар завуч, мұғалімдерді қырып салды. Журналдын ақшасын жинап алды, кредитке, концертке, кітапқа жетпей жатқан жалақыны қайда жеткізерімізді білмей жүрміз. Кітапханаға 2-3 штук алса болмай ма, әдістемелік өзімізге керек кітап емес қой, мерекелерге беретін грамоталарды да меңгерушінің ставкасы бар жалындырып сүйінші сұрап барып сатады. Мұғалімдердің тестілеу кезінде ақша алған мұғалімдерге пән мұғалімдерін аудиторияға мұғалімдердің көзінше кіргізіп көмектестірді, айтқан мұғалімдерді директорларға айтып ауыздарын жапсын, сөйлемесін «жалмауызға жан керек» деген мақалмен алдын ала дайындап қояды.
ППНТН директоры Н.Еркімбаева ал Білім бөліміндегі ҰБТ-ге жауапты А.Еркімбаева 4-11 сыныптар арасында 260 теңгеден жиі ақылы тест өткізеді, 40 мың теңгеден курстар ұйымдастырамыз деп…

Шакиров Әділет (Қарасай ауд, Карағайлы ауылы)

Ассалямуалейкум!!!Құрметті Серік Әбікенұлы! менің сізге өтінішім мен Алматы қаласындағы Республикалық Медицина Колледжінің 4 ші курс студенті боламын, осы жылы соңғы курс болғандықтан мен ары қарай оқуымды шет мемлекеттердегі жоғары және сапалы білім беретін университеттерінде оқығым келеді алайда ата - анамның мені шет елде оқытқанға жағдайы келмейді. Қазақстандағы ірі компаниялардың жастарды шет елде оқыту туралы ақпаратты естіген едім, бірақ қандай компаниялар және қандай жолмен келісун білмеймін сол жағынан маған жәрдем етсеніз.коп коп рахмет!!!…

Жанар Маханова (Капшағай қ., Алматы қаласы)

Салеметсізбе?Сізден сұрайын дегенім: Мен биылғы жоғары оқу орнын бітіруші түлекпін. Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының түлегімін. маған мамандығыма сәйкестендіріп Алматы қаласынан жұмыс тауып беруіңізді сұраймын.…
Created by Alex Unknown