Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Бидахметұлы Нұрхан, оралма (Текелі қ.)

– Қытайда жер дүмпуінің талайын көрдік қой. Бірақ, осындағыдай үйіміздің қабырғалары жарылып, толық жөндеу керек ететін жағдайды бірінші рет бастан кешіріп отырмыз. Алғашқы күннен бастап қарап отырған жоқпыз. Қолда барды жинап, жөндеуге қажет материалдарды сатып алдық. Қалалық әкімдік тарапынан да құм, топырақ, цемент жеткізілді. Талдықорғандағы құрылыс бригадасында істейтін жігіттерді жалдап, өзіміз де араласып, біраз дүниені еңсеріп тастадық. Өзіміз тұратын баспанаға атүсті қарамай, дұрыс жөндеу жүргізу керек қой. Қолда қуат, жүректе иман барда бұл қиыншылық та артта қалар.…

Усков Борис Николаевич (Текелі қ., Чехов көшесі, 31 үй)

– Әкімдіктің адамдары алып келіп берген құрылыс материалдары үйімді жөндеуге үлкен көмек болды. Рахмет. Үйімді өз күшіммен жөндеп алдым. Оны бермесе, не істер едік. Үй өзіміздікі болған соң, ілдебайлап бірдеңе істейміз ғой. Бірақ, зілзаладан зиян шеккендердің ешқайсысын сырт қалдырмаған басшылыққа тұрғындар ырзалық танытуға тиіс.…

Елена Григорьевна, 73 жаста (Текелі қ., Бөлтірік шешен көшесі, 10 үй)

– Көкірегім сайрап тұрғанмен, білек сыбанып, қабырғаны сылауға жағдайым келмейді. Табиғи апаттың зардабына ешкім кінәлі емес қой. Жер сілкінісі бола қалады деп кім ойлаған. Үйіміздің қабырғаларының сылағы түсіп, жақсылап жөндеу жүргізуге тура келді. Қалалық әкімдіктен жөндеу жұмыстарына машықтанған жігіттер жіберіліп, жұмысты еңсеріп қалды. Құм, балшық, темір торлар, цемент жеткізіп берді. Біздей адамдарға қол ұшын беріп, баспанамызды қалыпқа келтіруге жан-жақты жағдай жасап жатқан ел тұтқасында жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Құрылысшы жігіттер де істеріне адал, жауапты. Әрине, зілзаладан үйлері зиян шеккен басқаларға да тиісінше көмек беріліп жатыр ғой. «Көрші хақы – тәңір хақы» демей ме, көршілеріміздің де тез арада үйлерін жөндеп, бұрынғы қалыптарына келулеріне тілекшіміз. Қала мен облыс басшылығы көмек көрсетіп, моральдық та, материалдық та қолдау болып тұрғанда бұл уақытша қиындықтың тез-ақ ұмытылары сөзсіз. Өмірде талай қиыншылық болады. Адамдар қиындыққа мойымай, қарсы тұрып, бірлікпен күресе білсе, жеңбейтін жау, шықпайтын биік болмайды.…

Черногрудова Александра (Текелі қ., Есенберлин көшесі, 1 үй)

– Кішкентай баспанамды құрқылтайдың ұясындай қылып жөндеп бергендердің барлығына басымды иіп, шексіз алғысымды білдіремін. Облыс әкімі С.Әбікенұлы қымбат уақытын бөліп, халықтың жағдайын көріп, қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Текелі қаласының әкімі С.Бескемпіров бастаған азаматтар мен сияқты шүйкедей кемпірді назардан тыс қалдырмай, қираған дүниенің барлығын қалпына келтірді. Ризалығымды айтып жеткізе алмаймын.…

Гүлдана Нүсіпова (Текелі қ.)

– Жер сілкінісінен үйіміздің іші де, сырты да зиян шегіп, алғашында үйді ретке келтіру азаптың азабы болар деп ойладық. Сылақтары опырылып, ұсқыны қашқан үйіміздің кейпін облыс, қала әкімдері, комиссиялар келіп қарады. Үйде қарт анамыз және төрт баламыз бар. Облысымыздың басшысы Серік Әбікенұлы жағдайымызды сұрап, 89 жастағы Шағи анамызбен тілдесіп, үйді күрделі жөндеуден өткізуге көмек міндетті түрде болатынын айтып қуантып тастап еді. Міне, бүгін тап-таза, сапалы жөнделген, саңғырлаған үйімізге кіріп, облыс, қала әкімдігіне, үйімізді бастан-аяқ жөндеген Текелідегі «Болашақ-БСЕ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шексіз ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Ішкі бөлмелерді де, сыртқы қабырғаларды да сапалы етіп сылаған мың болғыр жігіттер істеріне адал екен. Айтпақшы, үйді жылытатын пешіміз құлап, оның уайымы да қатар жүр еді. Қала әкімі Серікжан Бескемпіров пешті жөндеуге қосымша көмек қолын созып, оны да біржола қалпына келтірді. Үйдегі балалар, әсіресе, мүгедектікке шалдыққан қызым мәз-мейрам. Анамызды жөндеу біткенше туысқандардың үйіне жіберіп едік, қазір үлкен кісі қол ұшын созғандарға берер батасын аузынан тастамайды. Біздейлерге көмек көрсеткен қайырымды азаматтардың барлығына алғыс айтамыз, істеген жақсылықтары Алладан қайтсын.…

Бекеева Н (Қарасай ауд, Ақжар ауылы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!!! Мен 24.07.2009 жазған хатыма орай тағы да хабарласып отырмын. Сайтта жарияланған жауап қанағаттандырып отырған жоқ. Себебі, орындалған іс пен жауаптың арасы аспан мен жердей. Осы хаттағы аталған ескертулер мен хатта көрсетілген кілеңсіздіктер сол қалпында тұрғанын тағы да есіңізге салғым келеді. Қарасай ауданы әкімінің бірінші орынбасары А. Көшкімбаевтың өтірік ақпарат беруінің себебін түсінбей отырмын. Бұл менің жеке мұң-мұқтажым емес. Осы маңдағы халықтың өтініші еді. Мен жолдаған хатта бір емес, екі мәселе көтерілген. Екінші мәселе -тротуар салу мәселесі. Ол туралы жауапта ешнәрсе айтылмаған. Халықтың өтініші ескерусіз қалмауын қадағалауыңызды тағы да өтінеміз.…

Төкебаев Азамат Тұрдақынұ (Райымбек ауд, Жалаңаш селосы)

Мен ауылдың әкімінің жүргізушісі болып жұмыс атқарамын. 10-маусым күні жұмыс уақытында әкімнің орнында (уақытша отырған) әкім Садырова Айгүл кабинетіне шақырды. Келсем әкім мені 2009 жылы 1- маусымынан зейнеткерлік демалысқа кеткен бұрынғы әкім Сыбанқұлов Сәтбай «үйінің жұмысына шақырып жатыр» дейді. Мен келіспедім. Арада 10 минут өтпей зейнеткерлік демалыста отырған бұрынғы әкім Сыбанқұлов Сәтбай келіп, кабинетке кіргізіп алып ұрды, жеке басымның құқығын аяққа таптап, арыма кір келтіретін «кіміңе сенесің» деген сияқты т.б. сөздермен ар-ұжданыма қол сұқты. Менің сенетінім , әрине сіз болған соң, осы істі аяқсыз қалдырмай бір шара қолдануыңызды өтінемін. Адам құқығын аяқ асты етпеуге жол бермеуіңізді сұраймын.…

Жамбыл ауданының барлық ме (Жамбыл ауд, с. Узынағаш)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сізге хат жолдап отырған Алматы облысы Жамбыл ауданының мұғалімдер қауымы. Осы хат арқылы өзіміздің жан айқайымызды білдіргіміз келеді. Жамбыл ауданының білім беру бөлімінің басшылығына С.А. Алтынбекова келгеннен бері әр мектептен ақша жинаумен келеді. Осы дағдарыс заманында мұғалімдер қауымына да оңай тиіп жатпаған кезде білім беру бөлім басшысы С.А Алтынбекова ауыл мектептерін қаражат көзіне айналдырды. Мысалы, өткен 2008 жылдың желтоқсан айында облыстық қаржы полициясының тексерісіне деп әр орта мектептен 20 000 тенге, орталау мектептерден 10 000тенге, еңбек қорғау министрлігінен келген тексеруге әр орта мектептерден 20 000 тенге, орталау мектептерден 10 000 тенге, жыл аяғында тапсыратын Біріңғай Ұлттық Тестілеуге үкімет тарапынан қаражат бөлінуіне қарамастан, С. А. Алтынбекова әр орта мектептен 15 000 тенге, әр орталау мектептен 10 000 тенгеден ақша жинап алды. Сондай- ақ, мұнымен шектелмей аудандық білім беру бөліміне келетін әртүрлі тексерістерге әр мектептен бес- он мың тенге ақшаны жинап алады. Тіпті қала берді қаладан келетін әртістер концерттерінің билеттерін мектептердің мұғалімдеріне он-жиырма данадан және көтерме бағамен сатып, мұғалімдерді концертке баруға міндеттейді. Жыл бойы мұғалімдер оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудің орнына сабақтарын тастап, концертке баруға мәжбүр болады.
Тағы бір мұғалімдерді қынжылтатын мәселе баспасөзге жазылу. Біз баспа сөз беттеріне жазылуға қарсы…

Қанағатова Рахат (Райымбек ауд, с Кеген, к Мыхитанұлы№3)

Қымбатты Серік Абікенұлы,
менің сізден өтінер өтінішім бар.Жақында инвалид I(ДСП) 24 жастағы Сатибаева Зере қызыма квота алып Астана қаласына емделуге барып қайттық. Сонда,Астанада вице - министр Вощинкова.Т ханымның шақыруымен емделдік. Ол кісі қызым екеуімізге кеткен әуе жол ақысын Алматы облысының денсаулық сақтау департаменті төлеу керек деді.Қызымды емдеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруым керек,соған байланысты жолға кеткен ақшаны алуға көмек беруіңізді сұраймын.Әрдайым халыққа жасаған еңбегіңіздің жемісін жеңіз!!!!!!!…

Қожағулов Кәрібай Т size= (Ұйғыр ауд, Шонжы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылындағы іргетасы 1948 жылы қаланған орта мектебінің ғимараты апаттыі жағдайда екендігі Сіздің назарыңыз бен бақылауыңызға алынған ба?
Құрметпен мәслихат депутаты Қожағулов Кәрібай…
Created by Alex Unknown