Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Жотабаева Лайла Какетаевна (Талғар ауд, Талгар )

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы
Менің сізге осы жайды айтатын себебім: мен көп бала тәрбиелеп отырған алтын алқалы анамын. 2000 жылдан бері Талғар қаласының жер алу кезегінде тұрамын. Өз басымда не үйім, не жерім жоқ. Кезегім 85-ші, не артқа , не алдыға жылжымайды . Қала әкіміне кірсем: " жоғарғы жақ рұқсат берсе біз жер береміз ",- деп шығарып салма жауап береді. Халыққа жер бер деген сөзді премьер-министр К.Масимовтың аузынан естідім. Ал жер жоқ дегенге сенейік десек, қала аумағынан салынып жатқан үйлер өте көп. Бұларды кімдер, қайдан алып салып жатқанын білмеймін." Көп балалы анаға үлкен қамқорлық жасаймыз" деген президенттің сөзіне сене уақыт өткізіп келемін. Осыны айта отырып, алдағы уақытта сізге жер береді деп сенім артамын! Үлкен үмітепен ардақты Ана.…

ауыл тұрғындарынан (Балқаш ауд)

Ассалаумагалейкум кұрметті жан ашыр азаматтар мына мәселені шешіп беріңіздерші біздің ауданда көлік жүргізуші оқушылар қаптап кетті қыс мезгілі кедлі, қар жауды, жер тайғақ бііреуді қағап кетсе кім жауап береді, көлікті беріп отырған ата-ана ма әлде ГАИ учаскілік полициясыма…

Рысбеков Эльдар (Талдықорған қ., Солтүстік- Батыс ш/н аудан )

Салеметсіз бе Ансар Турсынханұлы!!! Мен №25 орта мектепте 6 сыныпта оқимын. Біздің мектептің көп балалары Шайқаорған, Красный камень шағын аудандарында тұрады.Мен түстен кейін оқимын, біз кешкі сағат 6-да шығамыз.Біздің жаққа 14-автобус жүреді. Кешкі өтетін 2-микроавтобус және жай автобус іші толы болады,және тоқтамай өтеді!!! Ал біз попуткамен және жаяу қайтамыз.Сізден сұрайтыным: оқушыларды мектептен алып қайтатын үлкен автобус 20-30 теңгеден болсын немесе автобус санын көбейтуді сұраймын. Рахмет!!!…

Бекназаров Айдын Толықбайұ (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Тұрсынханұлы!!! Тәуелсіздігіміздің 20 жыл мерей тойын тойлау қарсаңында сізге қояр сұрағым бар еді. Мен Бекназаров Айдын 54 жасымда ел арасында тікенектей қатты, шенеунік, бюракратиялық көз қарасы қалыптасқан азаматарға қайран қалып, ренжісімді білдіремін. атап айтсақ Талдықорған қаласындағы И. Жансүгіров атындаға мәдениет сарайының директоры Алпысбаев Әли Демегенұлы жәйлі ой қозғағым келеді. Жылда облыс бюджетінен мәдениет ошақтарын қайта қалпына келтіру, оларды халық пайдалануына беру жұмыстары жүргізіледі. Осыдан бір жыл бұрын аталмыш мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өткен болатын, бірақ арада айлар өтіп, күн туғанда әлгі мәдениет сарайына қарағыңыз келмейді сартқы бетінен-ақ байқасаңыз болады. Ойланбастан бөлінген қаражат қайда кетті деген сұрақ туындайды.Материалдық техникалық базасы қатты тозығына жеткен.Сонымен қатар қол астында жұмыс істеп жүрген азаматтарды өз пайдасына, яғни үйінің құрылыс жұмыстарына міндеттейтіні дұрыс па? Осы бағытта, Сіздер тарапыңыздан қандай көмек көрсете алатыныңызды сұрағым келіп тұр.
Осы хат Қазақстан Республикасының бас прокуроры Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлына да жіберілді. аталған шенөунік жұмыстан босатуыңызды сұраймын. Елбасымыздың саяси-әлеуметтік бағдарламасын аяқ астына таптағаны ұят-ақ.
.…

Мика (Жамбыл ауд, Сұраншы батыр)

Құрметті әкім Мырза!Сәлеметсізбе...Мен Алматы обл.Жамбыл ауд.Сұраншы батыр ауылының тұрғынымын.Жаналықтардан естіген шығарсыз,осы ауылда сары ауру шыққанын.Сол кезде оқушылыр саны 20ға жеткен.Ол ауру неден,қалай шыққанын білуге тексерулер келсе де ауыл әкімі,ауданда отырған жоғарғы дәрежелі адамдар өз мүддесі үшін ауруды жасырып,бәрі таза деп қоя берді.Ал қазір сол оқушылардың саны 60тан асқан .Бұдан кейін қалай таза деп айта алады??Қазір ешкім келіп тексеріп жатқан жоқ.Ата-аналары шыр-шыр етіп,соңғы қаражаттарымен емдеп жатыр.Сізден сұрайтыным,осы жақтан жақсы санитарлық тексеруден өткізіп,көмектесуіңізді сұраймын.Қазірден бастап жас өспірімдер мен жастарды қарап,қолдамасақ,Қазақстанның болашағы қалай болмақ??Осы сұрағымды жерде қалдырмайды деп сенемін әкім Мырза...…

Жұлдыз Әбділда (Қарасай ауд, Жармұхамбет)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Мен Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылында тұрақты тіркеудемін, сол жерде тұрамын. Бұл ауыл, турасын айтқанда, назардан тыс қалған ауыл.
Біріншіден, ауылда күні бүгінге дейін мектеп жоқ. Ауыл тұрғындарының саны жылдан-жылға артып келеді. оған саяжай тұрғындарын қосыңыз. Барлық балалар сабылып, Жетісуға, Көкөзекке не Боралдайға барып оқиды. Төрт жылдық бастауыш мектеп мал қораның кейпінде. Компьютер секілді игіліктерді былай қойғанда, дұрыстап жабдықталған сынып бөлмелері де жоқ. Балабақша туралы армандамаймыз да. Бірақ, ХХІ ғасырда алақандай ауылға бір мектеп салып бере алмау еш қисынға келмейді. Естуімізше, мектеп салу биылғы жоспардан да қалып қойған көрінеді. Сонда бұл ауылдың балаларының жазығы не?
Екіншіден, ауылда кеңестік заманнан бері қарайғы уақытта жол жөнделмеген. Үлкен жолдан бұрылғаннан кейінгі ауылға кіретін жолда жарты сағат жүруге тура келеді, ойдым-ойдым. Негізі, бұл ауылдың аумағында, жалпы ауданның аумағында көптеген ірі кәсіпорындар бар. Мәселен, "Ефес" сыра зауыты, "LG" компаниясы (тура ауылдың ішінде). Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген бар, егер шын ниет болса, осы ауылға жол салып берудің түк те қиындығы жоқ еді. Мәселе әкімдердің шаруаға епсіздігінде болып тұр. Тұрғындардан ақша жинап, жолдың тесігін бітеуге де болады. Барлығымыз сол жолмен жүретіндіктен, одан қашпаймыз да. Бірақ, мемлекет бар емес пе, әкімшілік бар емес пе? Жыл сайын көліктеріміз үшін салық төлеп …

Жаңабаев Турсын (Райымбек ауд, Кеген)

Мен Жаңабаев Турсын 1922 жылы туған Кеген ауылы Маметова көшесі 1-үй турғыны Ұлы отан соғысының ардагері I-топтағы мүгедекпін. Екі көзім 1987 жылдан бері көрмейді. Бөгде адамның көмегінсізмүлдем жүріп тура алмаймын. Маған Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай Н. Ә Назарбаевтің жолдауына байланысты, Ұлы отан соғысының ардагерлеріне үй берілсін деген жолдауымен, еңбегімді бағалап А Айтжанов балам мені силап, сенатор Нусипжан Нурманбетовтің көз алдында үйдің кілтін қолыма тапсырған. Міне екі жылдан асты үйдің құжаттарын қолыма дұрыстап алмадым электр энергиясы заңсыз жердің бетінде жатыр, Электр тарату торабына барсақ бұл үйлердің құжаттары жасалмаған сондыктан уақытша токпен камтамасыз етп отырмыз деп қайтарады. Мені бағып отырған қызым Жанабаева Булбул төрт балалы жесір әйел Аудандық ауыруханада мейірбике болып жұмыс істейді. Балам өзіңнің алдыңнан өтуге денсаулығыма байланысты келе алмаймын. Ақ сақалымды жайып қартайған шағымда өзіңе деген сеніммен өтінішімді жазып отырмын. Балам осы алған үйімді меншіктікке өткізіп, үйдің құжаттарын тез арада жасап беруіңді сұраймын. Қай уақытта қай сағатта бұл өмірден кететінім белгісіз 15 жылдан бері бағып отырған қызымды төрт баласымен далада қалай қалдырып кетемін? Балам соғыстағы менің еңбегімді, мүгедектілігімді ескере отыпып осы менің өзіңнің алдыңа жазған сонғы өтінішімді қартайған шағымдағы соңғы арманымды қанағаттандырып беруңізді сұраймын. Өзіңнен қуанышты хабар күтемін.…

Сулейменова Раушан (Ұйғыр ауд, Шонжы ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсахан ұлы Шонжы ауылындағы орталық аурухана бастығының қол астындағы қызметкерлерді жұмыс уақытынан тыс кездері өз мүддесіне қажетті жұмыстарға салып,…

Нұржан (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Талғар ауданы немесе Алматы облысында ,бір себептермен, үйсіз-күйсіз қалған азаматтарға арналған пансионат немесе көмек көрсететін орталық немесе мекеме барма?…

Ақмолдаев Айбек Ақ (Райымбек ауд, Кеген ауылы. Қ.Төлебайұлы көшесі №27 үй.)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Менің жолдасым Кинашбаева Айым 2011 жылдың 26 шілдесі күні Райымбек ауданының орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде өте ауыр халде босанған. Бұл біздің екінші баламыз. Босандырған дәрігер Байғараева Бағдагүл және мейірбике Елікбаева Нағима. Жолдасым осылай боларын, қиналарын біліп жүрді ме, әйтеуір перзентханаға 1 аптадай бармай жүрді. Жүктілік кезінде қараған гинеколог-дәрігер Нұрбекова Жаңыл сенің босанатын мезгілің келді деп ауруханаға жатқызбақ болды. Жолдасым толғағым табиғи түрде келгенде толғатып бірақ барамын деп шешті. Алайда, Жаңыл Нұрбекова ханым 25 шілде күні келініңнің босанатын мезгілі өтіп кетті, бала іште өліп қалатын болса балаңды яғни мені жұмыстан шығартамын, әкелеріңді танытамын деп анама сес көрсеткен. Анамыз Айымға бармасаң болмайтын болды дегеннен кейін, анамыздың сөзін сыйлап 26 шілде күні ауруханаға жатуға кетті. Перзентханаға кірер-кірместен дәрігер Байғараева Бағдагүл жолдасымды қайта қашып кететіндей бас салып: -Бүгін босанатын әйел жоқ екен, мына біреуі келіп қалыпты, жақсы болды ғой, босандырып тастайық, -деп толғақ шақыратын дәрі ішкізген. Қазақ айтады ғой, босанатын әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде деп. Өзі қорқып барған әйелдің одан ары есін шығарған. Босануын ойлап, жолдасым түні бойы дұрыс ұйықтамағандықтан, ауруханаға шаршап барған. Босанар алдында ешқандай психологиялық тұрғыдан жолдасымды босануға әзірлемеген. Әйелім сол кезде өзімді перзентханаға босануға келген әйел емес, қасапханаға сойыл…
Created by Alex Unknown