Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Оразбекова Әсем Әділқызы (Талдықорған қ.)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сіздің облыста атқарып жатқан игілікті істеріңізбен қатар жастарды қолдау мақсатында жыл сайын грант бөліп, әсіресе, тұрмысы төмен отбасы балаларының білім алуына мүмкіндік туғызып отырғандығыңыздан хабардармыз. Мен білім алатын Жетісу мемлекеттік университетінде өзіңіз бөлетін арнайы грант бойынша өткен жылы 120 бала оқуға түссе, биыл да осы игі іс жалғасын табады деп сенемін. Сіздің грантыңызға қол жеткізген студенттер қатарына іліксем деген менің де ізгі мақсатым бар. Өйткені, денсаулығы бойынша дәрігер-невропотологтың тіркеуінде тұратын анам талай жылдан бері жұмыс істемейді. Әкеміз болса бала кезімізден хабарласпайды, анам екеуі ажырасып кеткен. Інім, анам үшеуміз туыс әпкеміздің үйінде тұрамыз.
Былтырғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 96 балл жинап, сертификатқа енген 78 балл негізінде университеттің қаржы-экономикалық факультетіне ақылы оқуға түскен едім. Оқу ақысы 200 мың теңге. Биыл туған-туыстарым көмектесіп, оқу қаржысын әзер төледік. Олар жылда көмектесе бермесі анық. Ендігі оқу ақысын төлеу шындығында анамды да, мені де тығырыққа тіреп тұр. Өзіңіздің тұрмысы төмен отбасы балаларын және жастарды қолдау мақсатында бөлетін арнайы грантыңызға іліге алсам, менен бақытты адам болмас еді. Оған қол жеткізу мүмкін бе? Ол үшін қайда құжаттар тапсыруға болады? Осыны білсем деп едім. Жалпы жастарды қолдап, арнайы сайт арқылы тілдесуге мүмкіндік ашқаныңыз үшін алдын ала алғысымды айтамын.
Сауал жолдаушы Оразбекова Әсем Әділқызы…

Төкебаев Азамат Тұрдақынұ (Райымбек ауд, Жалаңаш селосы)

Мен ауылдың әкімінің жүргізушісі болып жұмыс атқарамын. 10-маусым күні жұмыс уақытында әкімнің орнында (уақытша отырған) әкім Садырова Айгүл кабинетіне шақырды. Келсем әкім мені 2009 жылы 1- маусымынан зейнеткерлік демалысқа кеткен бұрынғы әкім Сыбанқұлов Сәтбай «үйінің жұмысына шақырып жатыр» дейді. Мен келіспедім. Арада 10 минут өтпей зейнеткерлік демалыста отырған бұрынғы әкім Сыбанқұлов Сәтбай келіп, кабинетке кіргізіп алып ұрды, жеке басымның құқығын аяққа таптап, арыма кір келтіретін «кіміңе сенесің» деген сияқты т.б. сөздермен ар-ұжданыма қол сұқты. Менің сенетінім , әрине сіз болған соң, осы істі аяқсыз қалдырмай бір шара қолдануыңызды өтінемін. Адам құқығын аяқ асты етпеуге жол бермеуіңізді сұраймын.…

Бекен Г.Б. (Ақсу ауд, Егінсу кенті)

Құрметті Серік Әбікенұлы! Сізге Егінсу ауылы тұрғындары атынан төтенше жағдай орын алған уақытта халқыңызбен бірге болып, оларға моральдық қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымызды айтамыз! Ендігі уақытта халқымыздын басына мұндай қасіретті бермесін, табиғи және техногенді апаттардан жаратушмымыз сақтасын. Сізден ауыл әкімі Баян Даулеткелді қызы мемлекеттік қызметкері лауазымына лайық емес екенін айтқымыз келеді, себебі ол кісі ауылдың жас кәрісіне қарамай мәдениетсіз, дөрекі түрде сөйлеседі, тұрғындардың шағым-арыздарын қарамайды. Бұған дейін ауыл тұрғындары Ақсу ауданының әкімі Әскербек Тұрарбекұлына шағымданған болатын, ауыл әкімі тек ауызша сөгіс алғанын ғана білеміз. Осындай әкім мемлекеттік қызметкер лауазымына лайық па?…

Дюсенов Жетыбай Аманбайұлы (Талдықорған қ., Еңбек ауылы, Панфилов көшесі 5)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен, Дюсенов Жетыбай Еңбек ауылының тұрғынымын. Жасым 61 де. Жағыма жасалған бірінші операциядан кейін сөйлеу қабілетімнен айырылғанмын.
Бір ұл, бір қызым бар. Қызым тұрмыста.
Қазіргі таңда ІІ топтағы онкологиялық аурудан мүгедекпін.Қазір ауруханада Алматы қаласында жатырмын.Алдағы аптада жағыма үшінші операция жасамақшы.Оның қалай боларын бір құдай біледі.Әйелім 04 наурыз 2010 ж қайтыс болған.
Менің Сізден сұрайын дегенім ұлым -Аманбай Елдар Жетыбайұлы Талдықорған қаласындағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ақылы бөлімінің ІІІ курс студенті. Баламның оқуының ақшасын денсаулығыма байланысты төлей алмай отырмын, себебі мүгедектік зейнетақым қазіргі таңда өзімнің дәрі-дәрмегімнен аспайды. Сондықтан Сізден өтінерім баламның жартылай жетім, әкесінің мүгедек екендігін ескере отырып, оқуының қаражатын жартылай төлеуге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Оқу орнына өтініш жазған едім, ешқандай көмек болмады.
Сізден сұрарым-менің осы хатымды жауапсыз қалдырмасаңыз екен.Сізге Алланың нұры жаусын! Жауабыңызды асыға күтемін.…

Скакова Улпан Толеухановна (Талғар ауд, Тұздыбастау)

Сәлеметсіз бе құрметті Аңсар аға! Сізге хат жазу себебім Талдықорған қаласында тұратын бөлем Несіпқалиев Нұрланға пәтер беру кезегін қарастырсаңыз деймін. Несіпқалиев Нұрлан 1978 жылы туылған жары Абеева Сандуғаш 1984 жылы туылған екеуі жаста болса көп балалы жанұя.Кәзір 3 қыз 2 ұлдың ата-анасы женгем 6-шы баласына жүкті. 2- сыныпты бітірген түнғыш қыздарының жүрегіне операция жасалған болатын кәзір мүгедек жәрдем ақысын алады. Мемлекеттен алған жәрдем ақыларына пәтер жалдап тұрады.Осы аталған себептерді ескеріп кезектен тыс пәтер беру жолдарын қарастырып көруіңізді сұраймын.
Құрметпен Скакова Улпан Толеуханқызы…

Қанағатова Рахат (Райымбек ауд, с Кеген, к Мыхитанұлы№3)

Қымбатты Серік Абікенұлы,
менің сізден өтінер өтінішім бар.Жақында инвалид I(ДСП) 24 жастағы Сатибаева Зере қызыма квота алып Астана қаласына емделуге барып қайттық. Сонда,Астанада вице - министр Вощинкова.Т ханымның шақыруымен емделдік. Ол кісі қызым екеуімізге кеткен әуе жол ақысын Алматы облысының денсаулық сақтау департаменті төлеу керек деді.Қызымды емдеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруым керек,соған байланысты жолға кеткен ақшаны алуға көмек беруіңізді сұраймын.Әрдайым халыққа жасаған еңбегіңіздің жемісін жеңіз!!!!!!!…

Раисова Гульден Максуткызы (Талдықорған қ., с Отенай)

Салеметсіз бе? Құрметті! Серік Әбікенұлы
Мен жас маманмын. Талдықорған қаласының №21 орта мектебінде жұмыс жасаймын. Мен Сізден жас мамандарға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін және Талдықорған қаласынан үй алуға (ипотекаға) көмек беруіңізді сұраймын. Өйткені қазіргі таңда барлық банктер ипотека алу үшін 30% алдын ала ақшаң болуы керек деп талап етеді. Ол ақшаны табу мүмкіндігім жоқ болғандықтан басқа қандай жолмен үй алуға мүмкіндігім бар екендігін сұрап отырмын.…

Атабаева Гүлнәр Сатылғанқы (Еңбекшіқазақ ауд, Таусүгір ауылы)

Құрметті, Әкім Мырза!Сізге ауыл тұрғындарының атынын өтініш білдіру себебім, біздің ауылдағы амбулатоиялық-дәрігерлік орталықтың әбден тозығы жетіп, құлағалы тұруына байланысты,оны Жол картасы бағдарламасына енгізіп,ауылдағы бос тұрған басқа ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп көшірілуін сұраймыз!Және де амбулаторияның ешқандай өрт,жер сілкінісі қаупі талаптарын жауап бере алмайтынымен,кез-келген уақытта адам өміріне қауіп төндіретінін атап кеткен жөн болар!…

Көкейтегі Олжас (Қарасай ауд, Тараз қаласы)

Құрметті Серік Әбікенүлы Сізді ердің жасы 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын.Мықты денсаулық,отбасыңызға жақсылық,амандық,бақыт тілеймін.Еліңізге жасап жүрген еңбегіңіз абыройлы болсын.…

Нурдаулетов Шаймұр (Талғар ауд, Белбұлақ ауылы)

Құрметті Серік Әбікенұлы! Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Айтайын дегенім ауыз су мәселесі. Белбұлақ ауылында ауыз судың сапасы сын көтермейді. Талғардың платинасынан Талдыбұлаққа дейін ашық тоғанмен елді-мененнің тұра ортасымен келеді. Санитарлық сапасы жоқ. Сол судың өзі жиі тоқтап қалады. Жаңа жылдың міне, екінші күнінен бастап тағы тоқтап қалды. Еліміздің бас қалаларының бірі Алматының тура қасындағы халқы көп елді-менкенінің осы ең қиын боп тұрған жалғыз менің емес Талдыбұлақ, Бірлік, Белбұлақ ауыл тұрғындарының өзекті мәселесі шешілетін уақыт болар ма екен? Сізге тұрғындар атынан үлкен өтінішпен хатымды жолдаймын!…
Created by Alex Unknown