Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар » Еркін тақырып

Жуматов Г (Талғар ауд, Бесағаш аулы)

Алматы облысының Әкіміне,

Көшірмелері: Алматы облысы,
Талғар ауданының Әкіміне,

Алматы облысы, Талғар ауданы,
Бесағаш селосының Әкіміне,

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш селосы, Ә.Қашаубаев көшесіндегі № 1 – үй тұрғыны, ҰОС ардагері, отставкадағы полковник, ҰОС зардабының ІІ – топтағы мүгедегі, ҚР – ның құрметті зейнеткері,
Әль – Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің құрметті прфессоры,
ССРО, Қазақ ССРО – ның, егеменді Қазақстан республикасының, Қазақстан Республикасы Президенті және басқа ұзақ – жақынды мемлекеттердің Президенттерінің орден, медаль, марапаттарының иегері,
20.09.1918 – жылы Павлодар облысында туылған, Жұматов Ғаббастан
үй тел: 8-727-387-46-48, ұялы тел: 8-701-317-30-84.

А Р Ы З.

Менің арыз беру себебім; Осы жоғарыда көрсетілген адресте тұрамын, үйім күрделі жөндеуді талап етеді және үйімнің айналасын қоршап тұрған қоршауы да жоқ. Оның үстіне менің жер учаскемде бірнеше электр бағаналары мен осы ауылдың электр трансформаторы орналасқан. Ал үйімнің тура төбесінен жоғарғы киловатты элетр желісі өткен. Соның салдарынан жүрек ауырым жиі қозып, денсаулығыма орасан зор зиян келуде.
Сондықтан осы биылғы ҰОС – ның 68 жылдық мерекесіне дейін осы жоғарыда көрсетілген менің жеке меншігіме және денсаулығыма басқа жеке меншік тұлғалардың жеке мүдделері арқылы тиіп тұрған келеңсіздіктерді жойуға септіктеріңізді …

Сауранбекова Жази (Райымбек ауд, Райымбек ауданыны)

Менің арыз беру себебім, балам Қазақ Ильяс Мехмедуллахұлына ЖСН нөмерін шығара алмай жүрмін. Балам Қазақ Ильяс Мехмедуллахұлы 17.02.2012 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында туылды. Балама туу туралы куәлікті Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Бас Консулдығынан алдық. Ол құжатта баланың ЖСН нөмері көрсетілмегендіктен (осы мәселемен Консулдыққа қайта хабарласқанымызда ЖСН-ді Консулдық бере алмайтынын айтты) ЖСН нөмері алу үшін тұрғылықты мекен-жайым Алматы облысы Райымбек ауданының орталығы Кегеннің Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына бардым. Олар мені өзімнің неке тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының АХАЖ бөліміне жіберді. Құжаттарды алып Оңтүстік Қазақстан облысының АХАЖ бөліміне жолықтық. Ол жердегі қызметкерлер баланың ЖСН нөмерінің оларға қатысы жоқ екенін айтып мені қайтадан тіркеудегі мекен-жайым бойынша Алматы облысының облыстық миграция бөліміне жіберді. Облыстық миграция бөлімінде Кенже деген қызметкер менің мәселемнің аудан орталығында шешілетінін айтып, мені қайтадан Кегеннің миграция бөліміне жіберді. Кеген аудандық миграция бөлімінің базасынан балама ЖСН нөмері АХАЖ-дан алынсын деген отказ шығып тұр деп Кеген аудандық миграция бөлімінің бастығы Сейдуалиев Еркін деген қызметкер "бұл мәселені мен шешпеймін, қайда барсаң сонда бар" деп қуып шығарып салды. Отказды жазбаша түрде сұрап едім "мен саған жазбаша түрде ешнәрсе бермеймін, баратын жеріңе бар, жазатын арызыңды жаз, қолыңнан келгеннің бәрін істе" деп қолын бір …

Динара Базарханқызы (Талдықорған қ.)

Алматы облысының әкімі
Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановқа

Мен, Базарханқызы Динара 2008 жылдан бастап облыстық «Жетісу» телеарнасында хатшы қызметін атқарып, 2011 жылы эфир инженері қызметіне ауыстырлдым. Сол жылы балалы болып, декреттік демалыста болдым. Сол уақыттағы еңбек жалақым 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде болатын.
2012 жылы декреттік демалыстан жұмысқа шықтым. Сол уақыт аралығында басшылығымыз ауысқан болатын. Жұмысқа шыққан бойда мамандығым сәйкес емес деп, жалақымды 50% пайызға қысқартты. Ашығын айтқанда, біздің телеарнада істейтін қызметкерлердің тең жартысының мамандығы сәйкес келмейді. Алайда, кейбір азаматтардың жалақысы әр түрлі көлемде, яғни 10 000 – 15 000 мыңға ғана қысқартылды.
Қазіргі уақытта телеарна эфирында 3 адам қызмет етеміз, үшеуіміздің жалақымыз үш түрлі. Менікі ең аз.
Осы кезде мен 2-і балаға аяғым ауыр, бірақ сонда да мамандығым сәйкес келмесе де сол қызметімді атқарып жүрмін. Менің атқаратын қызметтік орным іштегі балаға да, адам ағзасына да зиян (сол зияндығы үшінде төленбейді).
Ал, телеарнаның бас директорының орынбасары Жұмахмет Жайлаубаевқа адамгершілік тұрғыда түсінігі барғой, өзіде екі қыздың әкесі, менің жағдайымды түсінедіғой деген оймен шағымымды айтсам: - «Істеп жатқан жұмысың ұнамаса, ауыр болса – сені ешкім ұстап отырған жоқ, болмаса шыдап жүре бер!» - деп шығарып салды.
Өзіңізге белгілі, жас отбасы болғандықтан пәтер жағынан бізге қиындықтар бар. Қазіргі тұрған пәтерімізд…

барменқұлова кенже (Жамбыл ауд, самсы ауылы)

Саламатсызба Аңсар Тұрсынханұлы! Мен алматы обл,жамбыл ауданы,Самсы ауылының тұрғынымын,төрт балам бар,жолдасым ғана жұмыс істеиді,өз баспанамыз жоқ,әр үиде үи кітапшасына тіркелгенбіз,енді жолдасым сол ауылда тіркелген,мен ұзынағашта тіркеудемін,қаи жердің әкіміне барсақта жер бермеді,жер берілсін деген заң шықпады деп шығарып салады,жер сатып алуға еш жағдайымыз жоқ,осы жағын шешіп беруіңізді сұраймын,алдын ала рахмет…

Талдықорған қаласының бір (Талдықорған қ.)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Талдықорған қаласының білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын вахтерларға күніне 8 сағаттық еңбек ақысы ғана төленеді, ал іс жүзінде тәулік бойы жұмыс жасаймыз. Демалыс күндері мен мейрам күндерінде де жұмыс жасаймыз, бірақ ақысы төленбейді! Сізден сұрайтынымыз осы мәселеге өзіңіз араласып, шешіп берсеңіз. Рахмет…

Лукпанова Ж.К. (Сарқанд ауд, г.Сарканд)

Аудандық маслихаттың
«Красный октябрь» сайлау
депутаты С.Елюбаеваға
осы сайлау участкесінің
тұрғындарынан

Біз осы сайлау учаскесіне дауыс беруші сайлаушыларымыз.Сайлау кезінде осы участкедегі біз, тұрғындардың жанашыры болып, көптен бері шешілмей келе жатқан маңызды мәселе – ауыз су мәселесінің шешілуіне ат салысады деп сеніп едік.
Мәселенің мәні келесіде:
Циолковский көшесіндегі № 34 үйдің тусындағы су колонкасын кеңес кезінде осы екіқабатты үйдіөз жұмысшыларына солған 55 ПМК кәсіпорны орнатқан, одан бергі 28-30 жылда тозығы жетіп, кайта – кайта бұзылады. «Сарқан су құбыры мекемесіне арызданып едік, ол біздің баланста емес деген соң, ақысын қайта төлеп, су жүйесшне қосылуға рұксатты қайталап алдық.
Бұл колонкадан суды 12 отбасы, яғни 41 адам пайдаланады, олардың кәпшілігі көп балалы аналар мен жесірлер. Кейінгі 5-6 жылда колонка жиі сынып, оны өз есебімізден жәндеуге мәжбүрміз. «Сарқан су құбыры» мекемесі ол теңгерімдерінде еместігін сылтау етіп. Өткен жылы оны 2011 жылдың аяғында жөндеді, 4 ай ғана пайдаландық, қараша айында қатып қалып, содан бері су мүлдем жоқ. Әлеуметтік тұрғыдан қорғаусыз тұрғындар жағдайына қарап отырып қаланы дамыту жоспарына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жаңа су құбырын тартуға ықпал етуінізді сұраймыз.
Қурметпен:
Сарсембекова К.-Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі…

Алибаева Меруерт Танирберг (Ақсу ауд, с.Алтынарык)

Алматы облысының әкімі
А.М.Мусахановқа
ШЖҚ «Ақсу аудандық орталық ауруханасы»
МККО-ның перзентхана бөлімінің неанотолог дәрігері,
Ақсу ауданы, Алтынарық ауылының тұрғыны
Меруерт Танирбергенова Алибаевадан.
Конт. Телефоным : 87753692986

Ө Т І Н І Ш
Құрметті Ансар Мусаханұлы !
Сізге өтініш беру себебім төмендегідей :
Мен, 2011 жылы Семей Мемлекеттік Медицина университетінің педиатрия факультетін бітіріп, Елбасының «Дипломмен ауылға» деген бағдарламасы бойынша, шілде айында Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің сұранысы арқылы , келісім шарт бойынша, осы ауданға балалар дәрігері қызметіне келдім. Бағдарлама бойынша көтерме қаражат алдым. Тұратын үйім жоқтығынан, аудандық ауруханасының бас дәрігері уақытша бір үйге арендалық пәтерге тұрғызды. Біздін жұмысымыз-күн-түн демей істейтін жұмыс. Кезекшіліктер тағы да бар, дәрігерлер жетіспеуіне байланысты, ауыр науқастар болған кезде, уақытпен санаспай, кеш қайтатын кездеріміз көп.
Онын үстіне, мен аудандағы жалғыз неанотолог дәрігерімін. Көбіне үйге жай қайтамын, себебі- шала туатын балалар жиі кездесіп отырады.
2012 жылы 16 маусымда Медицина қызметкерлерінің Төл мерекесі күні, «Молықбай» атындағы аудандық Мәдениет сарайында өткен…

гулмира (Қарасай ауд, каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханович!
Қарасай ауданының білім саласы Назарбаева Айжан Нұрділдәқызы келгеннен бастап құлдырауда, бөлім басшысы ойына келгенін істейді. Осы кезге дейін бұл басшының тайраңдауы мектеп қабырғасында жүрген директорлармен мұғалімдердің назасын келтіруде. Ойына келген уақытта аптасына екі рет директорларға жиналыс ашады, жиналыста түкке тұрғысыз нәрсені айтып жарты күн уақытымызды алады. Аузы толған дөрекі сөз, сауатсыз, мемлекеттік этиканы білмейді. Жинап алып өсек пен өтірікті айтумен болады. Осы уақытқа дейін облыс әкіміне жазған шағым хатымызды А.Назарбаеваның өзіне жауабын жазғызды, облыстан ешқандай адам келген жоқ, бәрімізді жинап беті бүлк етпей мен сендерден ақша жинадым ба деп сұрақ қояды, директорлар қорыққанымыздан жоқ деп жауап беріп, ақша жинамайды деп қол қоямыз.
Ақша жинауын А.Назарбаева қояр емес. Мысалы: Тамыз кеңесіне бір жарнама агенттігімен келісіп, мектептерді солармен жұмыс істеуге мәжбүрледі, әр мектептен 40 мың теңгеден жинатқызып, соңында 14 мектептің стендісі дайын болмай ақшасы да қайтарылмады. Алтын ауылдағы орта мектеп ашылады деп қонақтарды күтуге 10 000 теңгеден жинап алды.
Халықаралық олимпиадаға барған мектеп оқушыларының директорларынан 25 000 теңгеден дауды жабу үшін жинады.
Қызметтік лауазымын пайдаланып білім бөлімінің басшысы А.Назарбаева больничнида жүріп ата ана ретінде сабаққа қатысамын деп 30.10.2012 ж Абай мектебіне келіп мұғалімдердің күнтізбелік, жылдық жоспарларын тексері…

Алдонгаров Мухтар Алмуханб (Талдықорған қ., микрайон Коктал ул Жансугурова 2)

Кұрметті Ансар аға менің өзінізден басқа көмек сұрайтын адам калмады,үйленгеніме 1 жыл болды жумыс маселесі катты аландатып жүр, жұмысқа тұрғым келеді жанұиамды асыраушы адам жалғыз өзім,жұмыс жок, көмегінізді сураймын,…

Кожамкулов Е.А (Қарасай ауд)

Құрметті Ансар Тұрсынханұлы мырза, Бізге, яғни бір топ тұрғындарға көмек немесе мәселемізді шешіп беруілеріңізді сұраймыз. Алматы обл. Қарасай аудынына қарасты КАЗМИС шаруа қожалықтарының ассоциасына кіретін 5 соттықтан тұратын 60 участокке кіретін негізгі жол жоқ, Кадастрлық нөмерлер 03-047-117-4338, - 4339.... (60 учтасток )…

Дархан (Балқаш ауд)

Қызылағаш оқиғасына байланысты сол ауылда ескерткіш қою ойда жоқ па? Бұл Қызылағаш тұрғындарын ғана емес, күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырған үлкен апат болатын. Осыған жауап берсеңіз...…

Гульнара (Райымбек ауд)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы. Мен Райымбек ауданы, Шәлкөде ауылы тұрғындарының атынан сізге мынандай бір жағдай туралы айтқым келіп тұр. Біздің негізгі күн көрісіміз малмен байланысты. Ал қазір осы малды үлкен шығынға ұшыратын қасқыр деген өте қағынып тұр. Қыс түспей жатып-ақ қан қақсатуда. Ауылда қару ұстауға рұхсат жоқ. Ал қазір қара күзден қағынған қасқыр қыста тіпті күн көрсетпейтін шығар деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде ауылға жақын жердегі малды жеп жатқан қасқырдың қыста тіпті ауылға кіріп кетпесіне кім кепіл
Соған үкімет тарапынан қандай көмек болар екен?…

Идрисов Шокан Бере (Ұйғыр ауд, Калганта)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

Сізге Уйгыр ауданы, Калгантам ауылы тургындары атынан өтініш. Биздин сизден сурайтынымыз Калгантам ауылынын атын жане Калгантам деп койылайын деп жаткан коше атын озгертуге, дурыс ат беруине ат салысуынызды сураймыз.…

Кудырет (Талғар ауд, Береке)

Қурметті әкім,

Мен Береке ауылында турамын, кейде су Рыскулов орналаскан скважинада аламын. Сол жол қиылысында скважина аймағы толық қокысқа толы. Ешкім оңы жинамайды, кім сол скважина тазалақты қарайды?…

Жанбатырова Гулбақ (Еңбекшіқазақ ауд)

Салеметсізбе Аңсар Мусаханов мырза сіз келгелі Алматы обылысы үлкен асулардан асты сізге халық атынан рахмет менің жан айқайымды түсінеді деп өзіңізге хат жолдап отырмын 1-қазан 2012 жылы Еңбекшіқазақ ауданына сенбегендіктен 400 жүз км. метр жерден Талдықорған қаласына арызымды арқалап барған едім. Облыстық прокаратурасына арызымды тастағанымда аудандық прокаратураға нұсқады. Қазірде аудандық прокаратура ІІБ аудандық өткізді менің арызым неге прокаратура қарай алмайды сондай-ақ сол 1 қазан күні Алматы обылысы әкімшілігінде болып, сізге де арыз тастаған едім. Бірақ тексеру обылыстан емес ауданнан жасақталды 23-қазан 2012 жылы сағат 15:45 Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы К.Айсина,Қайырымдылық қорының және әйелдер кеңесінің төрайымы Роза ханым, Ішкі саясат бөлімінің маманы,Есеп қисап бөлімінің бас маманы, Тағыда сондай маманың бірі келіп барлығы бес маман мені айыптап кінә артпақшы болды. Мен Еңбекшіқазақ ауданына сенбейтіндігім осыдан еді. Ең сорақысы арыз жазған мен екендігіме қарамастан екі жас қызымды араластырып жүректеріне ауыр жүк салды. Аңсар мырза сізде әкесіз балараыңыздың тағдырына бей жай қарай алмайсыз мен бекер ерікенен арыз жазып отырған жоқпын дәлелсіз дәйексіз арыз жазбаймын қолымда 10 жылдан бері жиған құжаттарым бар, егер өз тікелей бақылауыңызға алмасыңыз ауданға сенбеймін. Астанаға әлде БАҚ өкілдеріне хат жолдасамда аяғыммен барсамда болар еді. Бірақ сіздің адамгершілігіңізге сенгендіктен соңғы хатымды жолдап отырмын өтінерім өз тікелей бақылауың…

Геология көшесінің (Жамбыл ауд, Қарғалы ауылы)

Сәлеметсіз бе Ансар Мұсаханович біз геология көшесінің тұрғындары 2-3 жылдан бері күн суытканнан бастап өзеннің таусылмайтын суына тап боламыз.Ашып айтар болсақ геология көшесінде мектептің артқы жағынан көше бойын бойлап су тоқтамай ағады.Балаларымыздың аяғы мектепке барыпкелгенше су-су болып келед.Осыған бир көмегіңіз қажет болып тұр. Геология көшесінің тұрғындары…

Жақанов Тұяқ (Талғар ауд, Туздыбастау ауылы)

Құрметті Әкім мырза !


Мен Талғар ауданы,Тұздыбастау ауылына қарасты " Самал-1" саяжайының тұрғынымын.Мен сізге төмендегі жағдайды баяндай отырып, Сіз қолдау көрсете ме деген үмітпен хат жолдап отырмын.
2009 жылы 25 шілдеде аудандық "Талғар" газетінде Конкурс
жарияланғаны туралы хабарлама шықты.Оның
мәтіні былайша "Алматы обылысы Талғар аудандық әкімдігі
ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдері жалға беру
туралы конкурс өткізетіндігі жөнінде хабарлайды.Конкурстың өткізілетін күні 28тамыз ,2009жылы сағат 10-00да ".Бұдан басқа онда конкурс өткізілетін мекен жай телімдерінің тізімі және 49жылға уақытша берілетіндігі айтылған .Осыған орай мен қажетті құжаттарымды алып барып ,ұйымдастырушыларға ұсынған едім .Ол құжаттардың тізімі
- Бизнес план организации крестьян.хоз-Справка 1шт.-Диплом;
-Удостоверение;-РНН;Свидетельство о регистрации;
-Автобиографии;-Заявление;-Трудовая книжка .
ҚР Президенті .Н.Ә.Назарбаевтың 2008ж 13 қазандағы Үліметтің кеңейтілген мәжілісіндегі нұсқауы бойынша ауыл шаруашылығын өркендету туралы айтылған болатын.Осыған орай жұртшылықтың талап -тілегі орындалмай қалып барады . Жер жерлерде мен сияқты тұлғалар осындай келелі шаруаны қолға алғысы келеді ,бірақ құзырлы органдардан қолдау таппа…

Нурила Кагазшаевна (Талғар ауд, Талғар)

Құрметты Ансар Тұрсынханұлы.
Сізге жазып отырған Талғар қаласының тұрғыны Нурила Кагазшаевна мекен жаиым Талғар қ, Бокина көшесі 15,пәтер-6. Жазып отырған себебым біздің үйде -3 пәтерде тұрғындары,заңсысыз қабырғаларды бұзып,сындырып тастады.Cұраққа неге не үшің оны істедіндер дегенде дәріхана орналастырамыз деді.Бірақтан Біз тұрғындар оған қарсы білдырген быз, тындамай қойды. Еш қандай органдар, және де ГАСК рұқсат берген жоқ, өздері біраққта аитады Гаск рұқсат берды деп, бірақтан еш қағазы жоқ. Сіздең осы жағдайға баиыланысты көмектесып,анықтап беруінызды сұраимың.
Сізге алдын ала көптен көп рахмет, аман-сауылық,жұмысыныз табысты,болсын деп тілеймың.…

ашим г (Қаратал ауд, калпе)

мен 6 жыл ұйде баламен отрып еш нарсені білмей жүріп қалыпын ,менің күйеуім үш баламен қаңртып тастап кеткенде бірақбілдім ,мен қазыр қаратал ауданы, калпеауылында әке шешемның қолындамын ,2005ж көшып келген оралман едік, сызден сүрайтыным ,күйеуім балаларымызды екінші рет шаңрақ көтерсем кедергі болады деп ,маған бергенеды ,енды үкімет алимент төлетып ,қарқаралыдағы ұйымызды маған беріуге аналғанда балаларыма таласып отыр,өтынем маған көмек тесіңізшы , кейінгі кезде маңайымдағы ата анама бауыр сыңлыме телефон соғып қорқытатын болып алды…

Дауылбаев Бақытжан (Іле ауд, Чапай ауылы )

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сізге екінші рет өтініш жолдап отырмын. Бұл өтінішімдегі сұрақта жер учаскесіне байланысты. Жер учаскесіне 2006 жылдан бері Чапай ауылдық округінде кезекте тұрмын, өзім бала-шағаммен 1997 жылдын бері пәтер жалдап жүрмін. Жер алуға көмегіңізді берсеңіз екен деймін, себебі ауыл әкімінен үмітім жоқ, себебі оның айтатыны "Жер жоқ, бөлінбеген, кезегіңіз келген жоқ, т.б." Ал басқалар қалай алып үй салып жатыр екен?
Сізден, осы мәселе бойынша көмегіңізді берсеңіз деп сұраймын. Алла жар болсын.…

Дауылбаев Бақытжан Еламанұ (Іле ауд, Чапаев ауылы)

Ассалаумағалеукум Аңсар Тұрсынханұлы! Менің Сізге өтінішім жазуымның себебі жер мәселесі. Алматы облысына 1997 жылы көшіп келген едім. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрамын. Чапай ауылдық округіне 2006 жылы жерге кезекке тұрдым, бірақ сол жартас бір жартас демекші кезегім жылжымайды, менен кейінгі кезекте тұрғандар жерлерін алып үй салып алды. Чапай ауылының әкімінің алдына бірнеше рет бардым, жағдайымды түсіндіріп айттым, бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
Сізден маған тиесілі жер учаскесін алуға көмегіңізді берсеңіз деп сұраймын.Алдын-ала алғысымды білдіремін. Сізді осы аталған мәселені әділ түрде шешеді деп сенемін. Рақмет.…

Жанатова Арай (Ақсу ауд, Жансүгіров поселкесі )

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Мені үнемі лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мазалап жүреді. Басқаның намысын таптамау, қоқан лоқы көрсетпеу т.с.с. адами қасиеттерді жоғары бағалаймын. Алайда біздің ауданның әкімшілік қызметкерлері мемлекеттік қызметкер бола отырып, ар-намыс кодексін орындамайтын тұстары кінжілтеді. Мәселен: Жүре жауап беру, зеку, сонысымен қоймай аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев дене мырза ата-бабаларына ас беру үшін мектеп директорларына салық салу мәселесі. Салықтың көлемі бес мың теңге деп естідік. Бұл не масқара, ал сол асқа ақша жинау мәселесіне білім бөлімінің бастығы Асхат аға мен оның орынбасары Омарова мұрындық болуда. Жемқорлықты жоямыз деп ұрандатамыз, ал балық басынан шіриді деген сөз тағыда расталуда. Құрметті әкім мырза! Осы мәселені назарға аласыз деп ойлаймын. Алдын-ала рахмет!…

Канапина Клара (Қарасай ауд, Каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сізге хат жолдап отырған зейнеттегі қарт дәрігерлердің атынан. Кейде кейбір азаматтарға Алматы облысының құрметті азаматы атағы беріліп жатады. Теледидар арқылы хабардармыз. Нағыз еңбегі сіңген азаматтар атаусыз қалады. Біздің Сігзе айтпағымыз; Сіз үлкен жүректі азамат екеніңіз бәріне мәлім. 1987-1992 жылдары Алматы облысының денсаулық сақтау саласын басқарған Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы. Сол қиын кездерде малшылардың, баланың, ананың денсаулығына үлкен мән берді. Шалғайдағы Нарынқол ауылына дейін сан авиация арқылы айына б"р рет білгір мамандарды жіберетін. Ол кезде ана мен баланың өлімі мүлде болған жоқ. Нағыз патриот намысшыл, басшы болды. Осы кісі келіп, аудандардың бас дәрігерлерін қазақтандырды. Қаншама ФАПтар салынды, барлық ауруханалар түгелдей авто көлікпен қамтамасыз етілді. Арғымбаевтың еңбегі ереусіз қалған жоқ. Қазір қызылай республикалық қорының президенті. Қолынан келсе елге жақсылық жасайды. Бізге мәлім Қызылағашта қайғылы жағдай болғанда бірінші болып, қол ұшын берді. 40 млн. теңге аударды. Қай жерде қиыншылық заман болса бірінші болып Арғымбаев жүреді. Қадірменді Аңсар Тұрсынханұлы! Алматы облысының зейнеткер дәрігерлерінің атынан сізден сұрарымыз Алматы облысының құрметті азаматын берсеңіз деп. Біздің хатымыз аяқсыз қалмайтынына сенеміз! Отбасыңызға денсаулық тілейміз. Мына телефон номері Арғымбаев Еркебек Қамбарұлының номері 87777791759.…

Cагимбаева Сахария (Талдықорған қ.)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Сізге аса құрметпен хат жолдап отырған Талдықорған қаласының тұрғыны,"Алтын алқа" белгісінің иегері зейнеткер Сағымбаева Сахария.
Жасым 76-да. Аллаға тәуба 13 бала тәрбиелеп өсірдім. Қазіргі таңда 19 жаста кенже қызым Сәния екумыз қалада пәтер жалдап тұрам Соңғы 3 жылда қызымды Жетісу мемлекеттік университетінің колледжінде акылы бөлімінде пенсиямен оқыттып. Қазіргі оқуда көп балалы семьяларға ешқандай женілдіктер жоқ. Білімнін жоғары оқу орнында ақылы жалғастыруға жағдаиымыз жоқ. Пенсиямыз пәтер жалдауға кетеді
Осыдан 9 жыл бұрын қалалық әкімшілікте жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін улуға өтініш бергенмін. Бүгінде біз тізімде №9255 болып тұрмыз. Кезектін қозғалатын түрі жоқ .
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Жасым болса келіп қалды көзімнің тірісінде жас қызыма жер учаскесін тастап кетсем арманым жоқ! Сізден өтініп сұрайтынымыз жер алуға комектесеңіз. Алдын ала сізге көп рахмет! Еңбегінізге табыс тілеймің. Аса құрметпен көп балалы ана Сағымбаева Сахария.…

Алипов Дастан Сери (Қарасай ауд, СО рахат1 дачи )

Курметти Ансар Турсынханулы карасай ауданынын со рахат дачасыннын тургындарынын атынан казир биз турып жаткан жерде мусорный свалка ашып койды сол свалканын кешке жакын ортейди сол ортин кесирине ауылдын иши толык тутинге толып кетеди демалу невозможна уйдин ишинин бари тутинге толып кетеди осы маселени шешуинизди сураймыз???????? Алдын ала рахмет…

Рыскуль Абдильдаевна (Сарқанд ауд, Сарканд)

2012 жыл, 23 тамыз күнгі кесте бойынша кешкі сағат 21-30 да Алматы- Сарқан бағытына қатынаған жолаушылар тасымалдауда қызмет ететін В 650 SSМ номерлі автобустағы шектен шыққан келеңсіз жағдайға назар аударсаңыздар екен :
Біріншіден, автобус лақсасы шыққан өте ескі, ондай автобустар рейске шығар алдында қалай техникалық байқаудан өтетіндігі және ұзақ жолға жолаушылар тасуға қалай рұқсат етілетіні тіпті түсініксіз . Осы уақытта ауа райының аса қатты ыстық болып тұрғаны баршамызға мәлім, ал аталған автобуста 8 сағат жол бойы салонға төменгі жақтан екі қапталдан жағар май иісі араласқан ыстық газ үздіксіз жіберіліп тұрды, сонда салонда қандай температура , қандай иіс болғанын елестете беріңіздер. Бұл туралы жүргізушілер бұрын бұл процесс автоматты түрде реттеліп тұрғанын, автобус аварияға ұшырағаннан соң әлгі қондырғы алынып тасталынып, ыстық газ салонға жіберілетін болғандығын айтты. Және наразылық білдірген жолаушыларға аяқтарыңыздан ыстық өтіп рахаттанып барасыздар деп мазақтай күлді, сонымен қатар бұл туралы қайда шағымдансақ та пайдасыз екеніндігін мәлімдеді.
Бұл фактінің жолаушылар құқығының аяққа тапталуын көрсететіні даусыз, біздің елде әлі де комфортты түрде қызмет етуді талап ету ,әрине , күлкілі жағдай, дегенмен элементарлық талаптар сақталуы тиіс қой. Міне, бүгін осы сапардан соң бас ауруы, қан қысымының көтерілуі, иіс тию салдарынан болатын аурудың бар түрлері сол автобуспен іссапар мақсатында келген жола…

Бейімбет Балтабек (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Құрметті әкім

Біздің қалада әкім бар ма әл де жоқ па?! Қандай істері жасап отыр? Егер бізде жолдары жөнделмейды, көшеде шамдар жанбайты. Жолдар жөнделген мен, жұмыс сапасыз атқарылады, егер көше фонарлары болса, ол бірде жанады, бірде жанбайды. Мысалы, Абылай хан көшесі мен Леонов көшелерінің қиылысында жолға асфальт толығымен салынбаған, сонымен қатар Қонаев көшесінде толық асфальт бордюрлерге дейін салынбаған. Қашан көшелер жарықтандырылады? Түнгі кезде көшелерге шығу қорқынышты, сондықтан баларларды көшеге шығара алмаймыз. Жарақтандырудың болмауы қылмыстың өсуне ықпал етуде. Мысалы, қашан Амангелді, Камо, Асфендияров,Мәлкеев, Төлебаев, Аманжолов жәнек т.б, көшелерінде көп қабатты үйлердің ауласы, жарықтандырылады? Қаланы көріктендіру өте нашар, көшелер қоқыстар жиналмайды. Мысалы Альпина сауда орталығынын қасында, караныздар, бір жағынан Мәлкеев көшісімен толық қоқыстар жатыр, таксистер өздері ластап оған ешкім бақылау жасамайды. Көшелерге бірде бір жаңа талдар отырғызылман!

Бұл жұмыстардың барлығн әкім атқаруға тиіс. Бірақ ешбір істер атқарылмағындықтан, Сізге жазуға мәжбүрміз. Осы жағдай бойынша шара қолдануыңызды сұраймыз. Бұл барлық қала тұрғындарынын мазалайтын мәселелер. Алдын ала алғысымызды білдіреміз. Тиісті шара қолданатыныңызға сенімдіміз.…

Серкожаев Багдат,М (Ескелді ауд, Ешке-ульмес )

Алматы облысының әкімі
А.Мусахановка
Ескелді ауданының
тұрғындарынан

А Р Ы З

Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті,Ешкіөлмес аулының тұрғындарымыз. Сізден өтініп сұраймыз, Ешкіөлмес аулына келіп, тұрғындардың тұрмысымен танысыңыз.Ауылда мектеп, балабақша, жол қатынасы жоқ. Ауылға су құбырын жүргізіп жатыр, өзі жаман жолдың талқанын шығарды.Енді бұрқыраган сары топырақтан жаяу адам тұрмақ, көлікпен жүрү киынға соқты.Күзде балалар мектепке қалай барады, олардың аяқ-киімдерінен не қалады? Балаларымыз Кирзавод аулындағы,Қарабұлақ кентіндегі мектепке жетү үшін 3-4 шакырым осындай жолмен жаяу жүреді. Сондықтан ауыл ішінің жолына асфальт төсеп берсеңіз.
«Бала-біздің болашағымыз» деп айтамыз, ал олардың денсаулығы құрып жатыр. «Жығылғанға жұдырық»-деп ауылдың іргесінен 600 метр жерден қоқыс полигонын ашуға жол бермеңіз. Ауыл әкіміне хат жаздық, ешқандай өзгеріс, көмек көрген жоқпыз.
Жолды жөндеп, асфальт төсеп, қоқыс полигонын жауып, ауылға бала-бақша ашып беруінізді талап етеміз.Осы өтінішімізді тез арада шешіп беріңіз.

22.08.2012 жыл…

Жотабаева Лайла Какетаевна (Талғар ауд, Талгар)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сіздің сайтыңызға осымен 3 рет жазып отырмын. Соңғы жауабыңызда "өтінішіңіз қанағаттандырылады" деп едіңіз, содан бері алты айдан астам уақыт өтті, мен батыр анамын. 2000 жылдан бері Талғар қаласында жер алу кезегінде 85 кезекте тұрып келемін. 12 жылдан бері кезегім не артқа, не алдыға жылжымайды. Сіздің жауабыңызға жергілікті билік бас игісі келмейді ме әлде? Республика Президентінің жыл сайынғы жолдауында көп балалы аналарға үлкен көмек жасауымыз керек деп айтылады, ал мен кезекті жер алуға да жете алмай отырмын. Егер үй жайым болса оны сұрамас та едім. Осыны сізге айта отырып, әлде де сізден үлкен көмек күтемін. Бұл Аналық тілегім.…

Баякеева Кульжан Ниязакыно (Панфилов ауд, Кішішыған ауылы, Жібек Жолы көшесі №95үй)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Мен коп балалы ана, (он баланың анасы), алтын, күміс алқа иегері, Баякеева Кульжан сізден көмек қолын сұраймын.
Жолдасым жол апатынан қайтыс болған, жалғыз басты анамын. Баламның үлкені Қонақбаев Серік 1990 жылы туылған қурылыста әртүрлі жұмыс істейді, Қонақбаева Талшын 1991 жылғы жұмыссыз, Қонақбаева Айгерім 1993 жылғы ЖГУ-дың 2-курсында әкім грантында оқиды, Қонақбаева Айдана 1995 жылғы ЖГУ колледжінде грантта оқиды, Қонақбаева Гүлнәзік 1997 жылғы 9- сынып оқушысы, Қонақбаева Жансая 2003 жылғы 4-сынып оқушысы, Қонақбаева Айерке 2004 жылы туылған 2-сынып оқушысы, Қонақбаева Гүлсезім 2006 жылы туылған мектепке даярлық тобында оқиды. Қонақбай Гүлназ 2008 жылы туылған, Қонақбай Аңсар 2009 жылы туылған 3 жаста. Жанды жақты болғандықтан, тұрғын үй тауқыметін тартқандықтан өзіңізге осы хатты жолдап отырмын.
Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқандықтан ағылған көліктер мен ауыр техникалардың гүрсіліне шыдас бермей үйімнің қабырғалары қақырап, құлаудың алдында тұр. Осы мәселе бойынша менің арызыма Аудан әкімінің орынбасарының жіберген комиссия мүшелері мен депутаттар үйдің жарамсыздығы туралы хаттама жасады. Дәл осы мәтіндегі арызды Аудан әкіміне 2012 жылдың 10-шілдесінде жазғанмын соның өзінде Аудан әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік жоқ екендігін хабарлап отыр.
Өзім жұмыссызбын, балаларымды асырауға мемлекет тарапынан барлығы 40 000 теңге көлеміндегі жәрдемақы аламын. Осы жәрдемақымен екі студе…

Әділбекова Сара (Іле ауд, Қоянқұс ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы! Бұл өтініш-хатты жазуға себеп болған мәселе–ауыл маңында ашылған жаңа қоқыс төгу орыны. Сізге айтарым, соңғы екі ай шамасында "Первомайские деликатесы" деп аталатын шұжық өндіру зауытының жанынан қоқыс төгу орыны ашылды. Оның заңды түрде ашылған-ашылмағандығы белгісіз, алайда аталған орынға күнделікті қоқыс төгіліп жатыр. Күніне Алматы қаласынан 100-ге таяу жүк көлігімен қоқыс әкелінеді. Әйтседе, ол жерде ешбір қоқыс өңдейтін зауыт жоқ. Сол себепті, ауылымызға түрлі иіс келіп, демалу мүмкін болмай отыр. Қоқыстың иісі былай тұрсын, оны өртеулері тіпті әбестік. Алғашында, тұрғындар өз ауылымызға тиісті қоқыс болар деп қана ойлаған.Бірақ бүкіл ауылдың қоқысы аптасына бір рет қана төгіледі, Оның өзі 2-3 жүк көлігі. Бүгінде қаладан әкелінетін қоқыстың мөлшері көбеймесе, азаяр емес. Қоқыс төгушілер бұл жер жекеменшікте деп қана түсіндірді. Қазірден бастап оған тыйым салынбаса, қоқыс мөлшері көбейіп, "шешілмейтін", "үлкен" мәселеге айналатын түрі бар. Сондықтан, осы мәселені дер кезінде шешіп беруіңізді сұраймын.…

Абралиева Гульназ (Талдықорған қ.)

Құрметті Аңсар Тұрсынханович!
Рамазан айы мүбарак болсын! Оразаңыз қабыл болсын!Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат, жүрекке имандылык, отбасыңызға амандық, басыңызға денсаулық тілейміз! Сізден түсіңіз жылы болған соң хат жазып отырмын. Қазақта мақал бар ғой "түсі жылыдан түңілме" деген. Сізден осы Рамазан айында зекет ретінде көмек сұрап отырмын. Қызым ЖГУ-ға гранқа оқуға тапсырған. Мүмкін сіз Алла разылығы үшін көмек беретін шығарсыз деген үміттемін. Өзі колледжді де, мектепті де қызыл дипломға бітірген. Өзіміз кезінде оқымадық. Енді қызым менің тағдырымды қайталамаса екен деймін. Егер оқуға түсе алмаса, мүмкін жұмыс тауып беруге көмектесе алатын шығарсыз. Қазір жұмыс табу өте қиын. Өзіміз Тараздан 2006 жылы көшіп келгенбіз. Жалғыз анам бар. Басқа туысым жок. Әкеміз ерте қайтыс болған. Анам Үштөбе қаласында тұрады. Анамның да үйінің төбесі құлап тұр. Анамның үйін жөндеп бергенге кімнен көмек сұраса болады. Біз сияқты қиналып жүрген жалғыз басты аналарға көмектесетін жер бар ма? Қайда барып кімнен көмек сұрасақ болады. Қазір менің еш жерде пропискам жоқ. Қалаға тұрайын десем, барлық жерде 20 мың теңге сұрайды. Ал менде ондай ақша жоқ. Өзіміз қазір уақытша бір үйді жалдап тұрып жатырмыз. Өзім жаладамалы елдің үйін жинап, уборка, побелка жұмысымен ақша тауып жүрмін. Басқа жұмыстарда ақшасын толық бермейді. Өзім бұрын саудамен айналысқанмын. Өзіміздің бұрын аренда төлеп тұрған дүкеніміз болған. Қазір де сондай азық-түлік сататын дукен ашқым келеді. Бірақ оған …

Сағымбаева Сахария (Талдықорған қ.)

Қурмeттi Аңсар Тұрсынханүлы!

Сізге аса құрметпен хат жолдап отырған Талдықорған қаласының тұрғыны,"Алтын алқа" белгісінің иегері зейнеткер Сағымбаева Сахария.
Жасым 76-да. Аллаға тәуба 13 бала тәрбиелеп өсірдім. Қазіргі таңда 19 жаста кенже қызым Сәния екумыз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Соңғы 3 жылда қызымды Жетісу мемлекеттік университетінің колледжінде акылы бөлімінде пенсиямен оқыттып. Қазіргі оқуда көп балалы семьяларға ешқандай женілдіктер жоқ. Білімнін жоғары оқу орнында ақылы жалғастыруға жағдаиымыз жоқ. Пенсиямыз пәтер жалдауға кетеді
Осыдан 9 жыл бұрын қалалық әкімшілікте жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін улуға өтініш бергенмін. Бүгінде біз тізімде №9255 болып тұрмыз. Кезектін қозғалатын түрі жоқ .
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Жасым болса келіп қалды көзімнің тірісінде жас қызыма жер учаскесін тастап кетсем арманым жоқ! Сізден өтініп сұрайтынымыз жер алуға комектесеңіз. Алдын ала сізге көп рахмет! Еңбегінізге табыс тілеймің. Аса құрметпен көп балалы ана Сағымбаева Сахария.…

Болельщик (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Тұрсұнханұлы!

Бүгін біздің бәрімізді, футбол жанкүйерлерін біздің сүйікті командамыз «Жетісумен» не болып жатыр деген сұрақ мазалап жүр?
Сіз оны Премьер-Лигадан ұшып кетуіне «үкім шығардыңыз» деген, команда тіршілік еткенге дейін жақсы нәтижелерге жеткен басшылықты және жаттықтырушылар штабын мүлдем біліксіз басшылыққа ауыстырғаны туралы басылмайтын өсек-аяң жергілікті адамдар ішінде таралып жүр.
«Сұңқар» командасын облыстың бас командасы етіп шығарып алу үшін сіздің өткен көмекшілеріңізге «Жетісу» командасын құлатуға жаңа президент алдында міндет қойды деп айтып жатыр. Бұл олай емес екеніне өте сенгіміз келеді.
Біз, «Жетісу» жанкүйерлері, біздің командамыздың шығуын қадағалаймыз және бақылаймыз, ішіміздегі көбісіміз клуб құрылғаннан бастап командамызға қолдау көрсетуде.
Көбі клубтың 30-жылдық тарихында болып жатты. Өз уақытында команда КСР Одағының буферіне кірді, ал Қазақстанның тәуелсіздігінде оның ең жақсы нәтижесі болып алдыңғы жылғы – ҚР Чемпионатындағы күміс медалі болды.
Соңғы жылдар бойы, 2006 жылдан бастап команда кестенің жоғарғы бөлшегінде бекітілді. Қиын да уақыттар болды, бірақ қаржы ресурстарының дөрекілі жетіспеушілігі сияқты және ақиқатты себептер бойынша біз жоғары дивизионды тастап кеткенбіз, онда қазір «Жетісу» ондай мәселелерден алыс екендігін біз білеміз.
Осы жылдар бойы клубпен болып жатқандардан қорытынды шығаруға болады, клубты шекарадағы ойыншылар және үшіншісортты…

Тұтқабекова Ләззат (Панфилов ауд, Жаркент қаласы)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Мен Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғынымын. Сізге біздің Жаркент қаласында болып жатқан келеңсіз оқиғалар жайында айтпақпын...
Биыл менің нағашымның баласы мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырды. Мектепте ҰБТ өтіп жатқан кезде туысқаны ретінде мен де болған едім. Сол кезде көп нәрсеге көзім жетті. Жаркент қаласының «Нұр Отан» демократиялық партиясының бірінші орынбасары Нұрахметов Ермек деген азамат ҰБТ-ге комиссия мүшесі ретінде қатысты. Кейбір оқушыларға ҰБТ-ден жоғары балл алу үшін көмектескенін өз көзіммен көрдім. Бір оқушыдан 3000-7000 АҚШ доллары шамасында алады екен, сонда ҰБТ 3 күн болса 1 күнде 7-10 бала өткізсе, 1 күнде қанша қаражат табатынын есептей беріңіз.
Аңсар Тұрсынханұлы, өзіңіз ойлаңызшы, бір баладан осындай соммада ақша алса және ауданымыздың бетке ұстар азаматы осындай әрекет жасаса, қалған азаматтар жайында қандай сөз болмақ?! Сол азаматтың Жаркент қаласынан екі қабатты үй тұрғызып жатқанын естідік. Қазіргі заманда қосымша табыс көзі болмаса бір жалақымен үй тұрғыза ала алмайтынымыз бәрімізге аян. Сонда сол азамат мемлекетке декларация тапсырған кезде қосымша табыс көзін көрсетеді ме екен?!
Менің бұл ойымды қызғаныш деп ойлап қалмаңыз. Осы болып жатқан жайлар мені бей-жай қалдырмады. Сонда әділдік қайда? «Нұр Отан» демократиялық партиясы әділдікті, шындықты дәріптейтін партия емес пе еді?
Сізден ауданда болып жатқан осындай әділетсіздіктерді қолға алуыңызды сұраймын!…

Кулдыбаева Анар Ко (Қарасай ауд, Көкөзек ауылы)

Сәлеметсіз бе құрметті әкім! Мен Кулдыбаева Анар Көмек қызы көп балалы анамын. 2011 жылы "Алтын алқа"медальімен марапатталдым.Кәзіргі уақытта жұмыссыз отырмын, жолдасым 9 наурыз 2012 жылы екі аяғын сындырып алды, қәзір 5 ай болды операциядан кейін тұралмай үйде жатыр.Ол операция дұрыс жасалмай кайтадан операцияға жақында жатады. қәзір әлументтік жағдайымыз қиындау болып тұр. Қандай көмек бере аласыз? 15.07.2012 ж. Анар К.…

Мыжыбаева Мадина В (Талғар ауд, Тұздыбастау ауылы )

Құрметті Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханұлы! Қабанбай батыр көшесі №53 үйдің тұрғынымын, менің көңілім толмайтыны мына төмендегі мәселе болып тұр, ауламызда жинап қойған қүл- қоқысты уағында алмайтындығы аптасына бірлез алу керек күл- қоқыс айдың соңында не болмаса екінші айдың басында келіп тұрады тағыда алмаған күндердің ақшасын талап етеді, оны айтсаң ұрсысып онда мүлде алмаймын қайтесің деп кетіп қалды міне ауламызда құл қоқыстың жиналғанына үш ай уақыт болды келген сайын әтейі ерегесіп тұрып алмай кетеді артынан жарайды келмеген күндеріңізгеде ақша төлей берейік алыңызшы десек әуелі қарамайда кетіп қалды аты- жөніңізді айтыңыз үстіңізге шағымданамыз десек білгендеріңді істе деп бұрылмастан кетіп қалды әбден жүйкемізге тиіп отырғандықтан қолымызға қалам алуға тура келді, алдын >ала рахмет.…

Галым Айгерим (Қарасай ауд, г.Каскелен)

2012 жылдың 30 маусым күні Қаскелең қаласында орналасқан «Газпромнефть» жанармай құю бекетіне шамамен сағат 11.00 келіп, сол жерден автомашинама 92 маркалы бензин құюды мемлекеттік тілде өтіндім. Мемлекеттік тілде айтқан өтінішіме сол жердің европа нәсілді әйел қызметкері маған дөрекі түрде: «Мен сенің тіліңді түсінбеймін» деп жауап берді. Мен оған: «Неге дөрекі сөйлейсіз, түсінбесеңіз дұрыстап айтпайсыз ба» деп едім, ол маған «Сенің мемлекеттік тіліңді білмеймін де, білгім де келмейді, қайда шағымдансаң , өзің біл» деп одан сайын қозып, дөрекі жауап берді. Одан аты-жөнін сұрап едім айтпады. Бірге жұмыс істейтіндер де басқа ұлттың өкілдері екен, олардың да біздің мемлекетімізді, тілімізді де сыйлап, құрмет тұтып тұрғаны байқалмады.
Президентіміздің 2020 жылға дейін халқымыздың 90 % мемекеттік тілді меңгеруге тиіс деп Жолдауында айтқаны «Газпромнефть» басшылары мен онда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жай сөз ғана болғаны ма?
Тұтынушыларға қызмет көрсетушілердің мемлекеттік тілде ауызекі сөйлей біліп, халыққа сыпайы қызмет көрсетулері әлде олардың міндеттеріне жатпай ма?
Сізден осындай дөрекі қызметкерге шара қолданып, тиісті жазасын беруіңізді өтінемін. Заңда көрсетілген мерзімде жауабын беруіңізді сұраймын.…

Ербол Ақ-Шолақ (Алакөл ауд, Қарлығаш ауылы)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Aлдағы айда мені қабылдауыңызды сұраймын, сізге қосымша баспасөз арқылы хаттар жазуп жатырмын! өтінем мені жеке қабылдауыңызға жаздырыңызшы!…

Елубай Бейсенов (Қарасай ауд, Каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Өткен жұмада Ұзынағаш ауылында әкімшілік ғимаратында строительдермен атап айтқанда тендерден ұтып алған мекемелердің басшыларымен жиналыс өткізді. Алдында осындай жиналыс Баталовта өткен болатын. Жиналысқа бардық кейбіреулерінің басшылары, кейбіреулерінің прорабтары барды. Жиналыста қатты сөздер айтты. Мен сендердің ешқайсыларыңнан қорықпаймын, білгендеріңді істеңдер деп айтты әкім заңды білмейтіні білініп тұр. Түске дейінгі жұмысымызды тастап жиналыста отыруға мәжбүр болдық. Кәсіпкерлерді мазалауға қандай құқығы бар. Облыстан қалай тендерды ұтып алғандарыңды білемін дейді. Сонда сізді тақымына толтырмағаны ма? Ұзынағашта әкімшілікке шақырды десе қорқамыз, тек ақша жинауға шақырады. Мен Далабаевты бұрыннан білемін. Қазір аспанда ұшып жүр. Біз сізбен бірге жұмыс істегенбіз. Сіздің адамгершілігіңіз өте зор адамсыз. -Қадірменді Аңсар Тұрсынханұлы Далабаев осылай жұмыс істесе ұзаққа бармайды. Бір асқынның бір тосқыны бар деген қазақтың сөзі бар ғой. Үйінің сыртын мрамормен қаптап жатыр, благоустроистврсын керемет қылды. Мыңбаев ауылында қора салып жатыр. Бірдеңке десе құрылысшылардың алдында меніің арым таза дейді. Тазалық осыда ма? Адамгершілігі өте төмен екен. Кеше әкімнің орынбасары болып жүргенде қандай еді, әкімүге ешқандай лайық емес. Біз сізге ескертеміз. осы хатты жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Біз үйін қорасын видеокамераға түсіріп алдық. Қарапайым болмаса портрет неделиге жібереміз. Барлық нәрсені ақшамен бағалайды екен. Шеттен шығып ба…

Ермек (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Турсынханұлы!
Біз Талдықорған қаласының тұрғындарының атынан Сізге өтініш білдіріп отырмыз: Біздің Талдықорған қаласы өте жаксы, таза, әдемі қалалардың бірі Нұрсұлтан ағамызбен Сіз секілді бір тума тұлғалардың арқасында гүлденіп өсіп өніп келе жетқанымыз елге мәлім. Біріншіден Сіздге еңбегіңізге жеміс, талмас қанат тілей отырып бір кішкентай бүйімтай айтқалы отырмыз. Біздің Талдықорған қаласына ҚР-ның көптеген әртістері келіп концерттерін беріп халқымызды қуантып жатыр биылдың өзінде Роза Рымбаева, Майра Ілиясова сынды әртістер келіп концерттерін беріп кетті ол да сіз секілді өнер сүйгіш өнердің мән мағанасын түсінетін абзал ағалардың арқасы біз Сізден өтініп сұрайтынымыз біздің қалаға Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік силықтың лауриаты Мақпал Жүнісованы концерттік сапарға шақырсаныз екен дегіміз келеді. Ол кісінің өнерін халық мойындаған Қазақтың ерке қызы емес пе сол себепті Сіздей нар тұлғадан Мақпал Жүнісованың концерттік сапарын Талдықорған қаласында өткізуіне Алматы облысының әкімшілігінің атынан демеп жіберсеңіз екен дегіміз келеді. Біздің әкімшілік Мақпал Жүнісованы жылда шақырып гостролдік концерт өткізетін алайда биыл біз ол кісіні күтіп қана жүрміз. Сол себепті Сіздің өнер танымдығыңызды бетке ала отырып біздің осы кішігірім өтінішімізді қабыл алып орындайды деген үміттеміз. Сіз халықтың қалаулы азаматтарының бірісіз. Сізге халықтың осындай бүймтайлары ауыртпашылық емес деп ойлаймыз, өйткені бұл игі іс-шара. Біздің сенімізді…

Жолдасов Сейт (Райымбек ауд, Кеген)

кегеннин жолдарын жондеу керек !!!!!! отинем осы жагдайды орынданыздар…

Сағымбаева Сахария (Талдықорған қ.)

Құрметтi Аңсар Тұрсынханұлы!
Сiзге аса құрметпен хат жолдап отырған Талдықорған қаласының тұрғыны "Алтын алқа" белгiciнiң иегерi, зейнеткер Сағымбаева Сахария.
Жасым 76-да Аллаға тәуба 13 бала тәрбиелеп өсiрдiм.Қазiргi таңда 19 жаста кенже қызым Сәния екеумiз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Соңғы 3 жылда қызымды Жетiсу мемлекеттiк университетiнiң колледжiнде ақылы бөлiмiнде пенсияммен оқыттым. Қазiргi оқуда көп балалы семьяларға ешқандай жеңiлдiктер жоқ екен. Бiлiмiн жоғары оқу орнында ақылы жалғастыруға жағдайымыз жоқ. Пенсиямыз пәтер жалдауға кетедi. Осыдан 9жыл бурын қалалық әкiмшiлiкте жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскесiн алуға өтiнiш бергенмiн. Бүгiнде бiз тiзiмде №9255болып тұрмыз. Кезектiң қозғалатын түрi жоқ.
Құрметтi Аңсар Тұрсынханұлы! Жасым болса келiп қалды, көзiмнiң тiрiciнде жас қызыма жер учаскесiн тастап кетсем арманым жоқ! Сiзден өтiнiп сурайтынымыз жер алуға көмектессеңiз. Алдын ала сiзге көп рахмет! Еңбегiңiзге табыс тiлеймiн. Аса құрметпен көп балалы ана Сағымбаева Сахария.…

Ахмедьярова.А.Х. (Қаратал ауд, Уштобе)

Қаратал аруы-2012 байқауында мамыр айының 23-ші жұлдызында аудандық мәдениет үйінде Қаратал-аруы байқауы өтті. Байқауға 16-22 жас араларындағы 8 ару бақтарын сынай өз өнерлерін көрсетті. 5 кезеңнен құралған байқау соңында әділ қазылар «Әділ» шешім шығармағандықтан барлық көрермендер қарсылық білдірді. Аудандық мәдениет бөлімінен құралған әділ қазылар алқасының жауапты адамының аты жөні аталмады. 1 орын иеленген Түсіпбекова Құралай «Қазақ биін» талапқа сай орындай алмады. Алған билетке сұрағына жауап бере алмады. Сонда әділ қазылар өнерді қалай бағалады екен? Көрермендер талапынан ұсыныстар: келесі байқауларда әділ қазылар «Әділ» болса әр баланың еңбегін бағалай, дурыс шешім қабылдансын. Себебі: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың, бой жеткендеріміздің болашаққа деген сенімдерін жоғары ұстар. Жемқорлыққа жол бермейік! Бұл байқауда бармақ басты, көз қысты! Д.К. директоры мен хореограф 1,2,ші орынды өз жиендеріне бөліп берді.
Ал аудан мәдениет бөлімінен қатысқан Султанбеков Жексенбек соның бәрін көріп, естіп отырып, Маған Ахмедьярова Айгуль Хасеновна Ваше право, идите куда хотите-деп жауап берді! Осы дұрыс па?
Ата аналар атынан наразылық білдіріп отырған Ахмедьярова.А.Х. Болатбекова.Қожагельдиева. Жауабын күтеміз.…

ЕРБОЛ АҚ- ШОЛАҚ! (Алакөл ауд, ҚАРЛЫҒАШ АУЫЛЫ)

Армысыз аса қадірлі Аңсар Тұрсынханұлы!
Қазақта "кеңдігі бар елдің-теңдігі бар" деуші еді, тәңірге мың қайтара тәубә. Нұрсұлтан Әбішұлындай дана, дара перзенті бар біз қазақ бақытты елмізғой! Дананың даралығын анықтау жұрттың еншісіндегі елеулі істің бірі. Иә, теңдігі тонның ішкі бауындай, ерлігі өр Алтайдың басынын кетпес қарындай, озге елдерге ақыл айтып жөн көрсететін текті ұлтпыз. Бұғанда тәубә делік. Тәңіріміз басымызға берген бақ-берекені ұзағынан қылғай. Қадірлеп қастерлеу сізбен біздің халқымыз алдындағы аяулы перзенттік борышымыз екендігі ақиқат. Әр адамға туған жері қымбат, өскен елі қымбат. Ат жалын тартып кіндік қаны тамған қасиетті өлкеге өмірге келген әр адам қарыздар. оның ішіне сізде, менде кіретініміз адами заңды құбылыс. Мен туған өлке мерекелі берекелі қайнауы сарқылмаған ұйысты ұлысты мекен , Қарлығаш ауылы. талай тарихи тарландардың түлеген төл мекені.
Құрметті Аңсар мырза!- өзегімді өртеп оттай жағатын назым бар сізге. жеке басымдікі емес-ау, елімдікі, жұртымдікі мен туған ауыл Қарлығаштан көрнекті мемлекет әрі қайраткері Әнуар Әлімжанов түлеген-тын. Бұл ауылда жүзден астам шаңырақ түтінін түзу түтетуде. ауылда демографиялық өсуде оң қырында, елдің үмітті тілегін талай жерге арқалап апардым, атағым абыройым үшін емес, туған жер алдындағы перзенттік борышым үшін. сол үшін пәлеқор, арызқой атандық. Аудандық шенді-шекпендінің алдында күйіндік, қиналдық. ақырында сол атақты ауданның экс әкімінің беруімен осы күнге дейін кеу…

Доскалиев Ансаган (Райымбек ауд, Алматы)

Ассалаумагалейкум курметти Серик Абикен улы! Сизге хат жазып отырган себебим мен Доскалиев Ансаган 3-ши топтагы мугедекпин жасым 25 те,кулагым апаратпен естиди.Сизден комек сурап отырган себебим арзырак пайызбен несие алуга боладыма? Жеке касипкерликпен айналыскым келеди.Сизден азырак пайызбен несие алсам деп комек сурап отырмын!Жаксы жумыс истеп несиемди уакытымен жауып отырам деген умиттемин!Хатымды окыганыныз ушин коп рахмет!…

Орынтай Жансакбаев (Талдықорған қ.)

Уважаемый Ансар Турсынханович,я дочь участника Великой Отечественной Войны ныне покойного Сыдыкова Аукена.Я Вам буду очень благодарна,если Вы поздравите мою маму вдову Ветерана с праздником Победы,и ей в этом году исполнилось 80 лет.Мы дети помогаем и хотелось бы Ваше поздравление и поддержка.Моя мама живёт в Алакольском районе,аул Кабанбай…

Талғар ауданының мектеп мұ (Талғар ауд, Талғар)

Құрметті әкім мырза! Талғар ауданының мектеп мұғалімдерінен Райымбек баба ескерткішіне деп 1000теңге ақша жиналып жатыр.Бұл сіздің тікелей нұсқауыңызбен жасалып жатыр ма? Әлде аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің өз құлшыныстары ма? Райымбек бабаға ескерткіш орнатуға мұғалімдерге алақан жаймай-ақ ескерткіш жасауға мемлекетіміздің әл-ауқаты жетпей ме? 1000теңгені бастан құлақ садаға деп берер-ақ едік, діттеген жеріне жетіп жатса! Біздің қорқынышымыз әлдебіреулердің қалтасына түсіп кетпес пе екен?
Құрметпен Талғар ауданының мектеп мұғалімдері! Осы жайтты тексеріп, анық-қанығына жетерсіз деген үміттеміз.…

Құсайынов Ғабит Нәбиұлы (Райымбек ауд, Қаратоған ауылы)

Құрметті Ансар Тұрсынханұлы! Менің сізге қояр сұрағым: ауылымыздың әкімі менің бұрыннан пайдаланып келе жатқан жерімді яғни (огород) жер телімімді біреуге сатып жіберген. Оған қандай шара қолдануға болады? Алдын ала жауабыңызға рахмет!…

Әсел (Райымбек ауд, Сарыбастау)

Қайырлы күн! Электр энергисының ақысын үнемі, ай сайын, электр санау аппаратында (счетчик) көрсетілген мәліметтерге сай, уақытында төлеп отырамыз. Күтпеген жерден қарызға кіргізіп қоюларыңызды түсінбеймін! Қандай себептерге байланысты қарыз келіп тұр? Осы мәселені бір жағына шығаруларыңызды сұраймын. Бүкіл елді қарызға кіргізе берсе, не болғаны?! Ауылды жерде халық тек қана бир зейнетақымен ғана күнін көріп отыр. Осылай қарыз бола берсе... жағдай не болмақ?
Жауаптарыңызға, алдын ала рахмет!…

Ляззат (Қарасай ауд, Алғабас )

Құрметті аудан әкімі! Біздер Алғабас уылының тұрғындары әкімімізге наразылығымызды білдіреміз.Барсак ылғи орнында болмайды. бір құжатқа қол қойдыру үшін не орынбасарын не әкімнің өзін таппайсын әкім орынбасарына қол қойдырсаң печать қойдыру үшін әкімін таппайсын. бұл деген сұмдыққой қалайша ауылды басқарып елдің халықтың жағдайын ойлайтын адам ба өзі жоқ па. бір құжат реттеу үшін 6 ай жүруіміз керек пе. Әкімшілік ғиаратының төбесіндегі кір қожалақ болып тұрған жалаудын түрін көрсеңіз ұят . сол себепті ауыл әкімі жұмысын тиянақты атқаруына көз қырыңызды салуыңызды сұраймын.…

Бақыт Дауренов (Іле ауд)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Мен өзім Алматы қаласының тұрғынымын. Іле ауданына келген жаңа әкім жұмыс тәртібін таңғы сағ08.30-дан 18.00-ге дейін деп, ал сенбі күні таңғы сағ. 07.30-дан 1 минут кешікпей себілікке шығасыңдар деп бекітіпті. Қазір соғыс уақыты, "Комендантский час" емес, Құдайға шүкір, еліміз тыныш, халқымыз аман, мыны тыныш заманда жаңа әкімнің жаңа бастамасы заңға қайшы емес па? Рахмет!…

Молдажанова Балаус (Іле ауд, Чапай ауылы)

Ассаламуалейкум! аким мирза сизге кояр сауалым
1.Озим Уйгыр ауданынын тургынымын казир Чапай ауылында жумыс жазаймын кус фабрикасында аудан акимшилигине 2008 ж жерге арыз жазгам болатынмын мине 4 жыл болды али жауап жок бирак коби жерди меншиктенген ал биздерге али болинбеди дейди осы маселени тусинбей журмин кимге арыздану керек
2 мен жас маман катарына жатамын ауылды мекенде ауыл шаруашылы саласында жумыс истеймин Призиденттимиздин жолдауына сай еш комек алалмай журмин
3 мен жалгыз басты ана катарындамын балам 4 жаста маган кандай мемлекет тарапынан женилдиктер карастырылган отинем бир баспанага комек берсениздер…

Құдабаева Рая Қапарқызы (Талдықорған қ., Алматы қаласы,Жамақаев кошесі,122үй)

Қүрметті Аңсар Мұсахан ұлы!

Мен Қудабаева Рая Капарқызы, Алтыбай-7 Жауапкершілігі шектеулі cеріктестігінің басшысымын.
Аңсар мырза! Cізден сұрайтыным мені уақытыңызды бөліп тікелей қабылдауыңызды өтінем. Сізбен Алматы облысындагы әлеуметтік салалар, объектілер, құрлыс және жаңгырту жұмыстарың мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар және Алматы облыстық құрылыс басқармасындағы болып жатқан жағдайлардың шындығын анықтағымыз келеді
Менің электрондық почтама жауабыңызды жіберуіңізді сұраймын.
altibay-7@ mail. ru
Тел сот 8-701-710-31-92…

Қарасай ауданының әйел аза (Қарасай ауд, Қаскелең қаласы)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

Сізге үлкен өкпемізді жеткізуге асығыс едік. Халықаралық әйелдер күні Қарарасай ауданында әйел қауымы жүрекке тиер әсер алды.
Сіздің қол қойылып, бекітіліп берген «Қарасай ауданының құрметті азаматы», «Құрмет грамота» мен «Алғыс хаттарыңыз» марапат иелеріне Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Еділ Әбүұлы Қалиевтың талқылауымен және рұқсатымен беріле ме? Мереке қарсаңында 2012 жылдың 07 наурыз күні Сулейман Демирел атындағы университетке аудан әкімі А. Дәуренбаевтың құттықтауына барлық әйелдерді екі күн бұрын шақырып, марапатталатын елу әйелге екі мәрте ескертіп тізім бойынша екі қатарға отырғызылды. Басталуға отыз минөт қалғанда Е. Қалиевты не түрткенін білмедік, тізімді бассалып ауданға еңбегі сіңген әйел азаматтардың еңбегін жоққа шығарып тізімді сызбалап бастады. Әкім соған көніп келісімді берді, өйткені ол марапатталатын адамдар туралы хабарсыз, Қалиев олардың еңбегін бағалайтын адам емес қой? Өйткені сыртта жұмыс атқарған адам. Осы күні семьяларына мақтан тұтып бүгін марапатталамыз деп үмітіміз үзілді, бұл ұят нәрсе кісі аманатына қиянат келтірген дұрыс емес. «Біз оларға береміз бе?» Деп әлі ойлануда.
Мысалы тізмде өзіңіз білетін ауданда көп жылдары еңбек еткен
1. Абай атындағы мектеп гимназияның директоры Баян Мұхамедиярова,
2. әл Фараби атындағы мектеп директоры Нағима Сағатова,
3. Несіпбала Әбенқызы Абилдаева
4. Айсулу Жүнісқызы Әлмерекова
5. Раушан Белгібайқызы Нахметова…

Дәуітбай Бұхабай (Еңбекшіқазақ ауд, Түрген ауылы)

Мен Дәуітбай Бұхабай Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында тұрамын.
Жасым 90-ға жақындап қалды .Сіздің жеке қабылдауыңызда болу үшін қалай тіркелемін соны айтып берсеңіз Мені қабылдайды деген зор сенімдемін. Рахмет…

қарасай ауданының әйел аза (Қарасай ауд, қаскелең )

Құрметті Амангелді Айдарұлы!

Сізге үлкен өкпемізді жеткізуге асығыс едік. Халықаралық әйелдер күні Қарарасай ауданында әйел қауымы жүрекке тиер әсер алды.
Сіздің қол қойылып, бекітіліп берген «Қарасай ауданының құрметті азаматы», «Құрмет грамота» мен «Алғыс хаттарыңыз» марапат иелеріне Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Еділ Әбүұлы Қалиевтың талқылауымен және рұқсатымен беріле ме? Мереке қарсаңында 2012 жылдың 07 наурыз күні Сулейман Демирел атындағы университетке Сіздің, аудан әкімі А. Дәуренбаевтың құттықтауына барлық әйелдерді екі күн бұрын шақырып, марапатталатын елу әйелге екі мәрте ескертіп тізім бойынша екі қатарға отырғызылды. Басталуға отыз минөт қалғанда Е. Қалиевты не түрткенін білмедік, тізімді бассалып ауданға еңбегі сіңген әйел азаматтардың еңбегін жоққа шығарып тізімді сызбалап бастады. Сіз соған көніп келісімді бердініз, өйткені ол марапатталатын адамдар туралы хабарсыз боларсыз, Қалиев олардың еңбегін бағалайтын адам емес қой? Өйткені сыртта жұмыс атқарған адам. Осы күні семьяларына мақтан тұтып бүгін марапатталамыз деп үмітіміз үзілді, бұл ұят нәрсе кісі аманатына қиянат келтірген дұрыс емес. «Біз оларға береміз бе?» Деп әлі ойлануда. Тізімге еңгізілген азаматшалар ауданға көп жылдары бойы еңбегі сіңген адамдар.
Мысалы тізмде өзіңіз білетін ауданда көп жылдары еңбек еткен
1. Абай атындағы мектеп гимназияның директоры Баян Мұхамедиярова,
2. әл Фараби атындағы мектеп директоры Нағима Сағатова,
3. Несіпбала …

Туктибаев Серик Жа (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Мұсаханов,
Сіздің басқарып отырған жер қанаты Жетісу халқын келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мейрамымен құттықтаймын. 6 наурыз 2012 жылғы облыс әкімінің жылдық атқарылған есебіңді ТВ Отау телеарнасы арқылы отбасымен тамашалап көрдік. Ансар, саған тілейтінім денсаулығыңыз мықты, еңбегіңізге табыс, халқыңа амандық, отбасыңызға бақыт тілеймін.
Тілек білдіруші: Алматы Зоотехникалық мал дәрігерлік институтының 1989 жылғы түлегі, курстасын Түктібаев Серік Жалелұлы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылынан…

Мақсұтхан Дәлей (Қарасай ауд, Тұрар ауылдық округіне қарасты Баркөл оралмандар қонысы)

Алматы облысының Әкімі
А.Т.Мұсаханов мырзаға
Қарасай ауданы
«Тұрар» ауылдық округы
«Баркөл» оралмандар қонысынан

Байланыс телефондары:
8-727-397-82-76
8-701-83-00-618
Dina_maksutkan@mail.ru
Ұжымдық өтініш

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

Бірге өсіп, бірге көшіп келген оралман қандастарыңыздың бірге қоныстануы үшін, көздеген бір мекеннен, бәріне бірдей сатылатын үй-жәйдің табылмауы, оның үстіне бәрінің бірдей қалтасының көтере алмауы - жалқы емес жалпы оралман қандастардың ең үлкен проблемасы, бас ауыруы екенін білетін боларсыз?! Осы мәселені шешу үшін бізге, жерді сатып алуға, үйді салып алуға, тереңнен құдық қазуға, кернеуден жарық алуға тура келді. Сөйтіп, біз, жетпістен аса оралман қандастар бірігіп, 2007-жылы «Тұрар» ауылдық округінен көлемі 9,5 гектар жер сатып алып, оған 150 метр тереңдіктен құдық қаздырып, су шығарып, сыйымдылығы 30 куб су қазанын көтерумен бірге, электр трансформатор…

Амантаева Айнагуль (Талдықорған қ., Талдықорған қ.)

Сәлеметсіз бе Аңсар мырза. Мен Алматы Технологиялық Университетінің 2-ші курс студентімін. Яғни мамандығым болашақ тамақ өндірісінің технологы.Мені толғандырып жүрген мәселе осы ЖОО-н бітіргеннен кейін өзімнің туған қаламда немесе Талдықорған облысынан өзімнің мамандығым бойынша жұмысқа тұра алам ба? Біздің облысымызда мұндай заводтар өте аз.Жақын арада бір ет өңдейтін комбинат іске қосылайын деп жатыр екен. Яғни менің сізден сұрайын дегенім басқа жаңа сүт-ет комбинаттары осы 1-2 жылда жобалары дайындалып іске қосылама?Тамақ өндірісіне қатысты болашақ мамандарымыз өзіміздің облысымызда жұмыс істей ала ма? Әлде заводтардың тапшылығынан басқа облыстарға барып жұмыс істеуге тура келе ма?…

Достыбаева Алия Қайратқызы (Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі 103 уй 52 пәтер)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Деніңізге саулық,отбасыңызға амандық тілейміз.Өзіңізге хат жолдау себебім оқу бітірісімен 2 жылға жуық уақыт құқық қорғау органдарында қызмет атқардым.Әділет министірлігінде 2011жылдың қыркүйек айында жарияланған өзгерістері бойынша қыстартылуға түсіп қалдым.Жүктелген жұмысты адал атқаруға дайынмын.Өзіңіздің қабылдауыңызға қай күні кіруге болатынын білсем деп едім.Өзіңізге үлкен үмітпен сенім артамын.…

Шекер Айдос Айдарұлы (Талғар ауд, Тұздыбастау)

Аса құрметті Аңсар ага!
Өз Отанымды сүйемін, Қазақстандай іргесі берік, экономикасы дамыған елде туғаныма, тұрғанымы қуанамын.
Елбасымыз Нұрсұлтан атаның ұстанған саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем танып, дүниеде Қазақ деген ұлы халақтың бар екендігін мойындап отыр. Кең байтақ елімізде сан – алуан ұлттың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның отбасынан, ата – анаға деген құрметтен, қадірлеуден басталатын секілді. Ауылдастарының құрметіне бөленіп отырған адамның бірі менің әжем Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғыны Сулейменова Айшатай. Ол кісі биыл 100 – жасқа толғалы отыр. Әжемнің 12 немересі, 15 шөбересі, 2 туажаты бар екенбіз. Ол кісі саналы ғұмырын осы ауылда еңбекпен бастап, Ұлы отан соғысы жылдары тылда жеңіс үшін тер төгіп, зейнеткерлікке шыққанша Отанымыздың, ауылымыздың көркейуіне азда болса өз үлесін қосқан жандардың бірі. Атам Сулейменов Шекер Ұлы Отан соғысына қатысып , Берлинге дейін барған. 1968 жылы қайтыс болды . Олкісінің үйдегі ордер медальдары соғыс кезіндегі көрсеткен ерлігінің куасы секілді.
Әжемнің де медаль, мақтау граммоталары баршылық.
Мені өкіндіріп жүрген бір нәрсе бар, ол біздің өткен тарихымыз көне көз – кариаларға деген көз – қарас.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 - жылдық мерейтойына, жеңіс күні және тағыда басқа мереке – мейрамда әжемді жергілікті әкімшіліктен келіп құттықтап келгендерін мен ес білгелі естігенді, көргенде жоқпын. Тек қан…

Отарбаева Замира Турсынгал (Қарасай ауд, Карасай ауданы.Каскелен каласы)

Курметти Амангелдi Айдарулы,салеметсiзбе.Менiн сiзден отiнiшiм Каскелен каласынан жер учаскесiн карастырып берсенiз екен.Сiзден тегiн сурап жатканым жок.Жолдасымыз екеумiздiн азын аулак балдардын тамагынан ысырып жинаган 14 мын S бар еди,соган Каскелен каласы жана ЦОН-нын жанынан тауып берсенiз екен.Себебi балаларым К.Сатбаев мектебiне барады,озiм Карасай аудандык емханада дарiгермiн,жолдасым кунделiктi такси жургiзушi болып iстейдi.4 балам бар.Озiмiз iздестiрiп жатырмыз,бiрак жердiн барi 20-30 мын S дан аса.Бiз казiр жалданган уйде турып жатырмыз.Сiзден таудай отiнiш карастырып берiнiзшi.Алдын ала ракмет.…

Канатбек Смагулов (Талдықорған қ., РФ.г.Томск)

Ассалаумагалейкум Ансар Турсынханулы!
Мазанызды алып жаткан Ресей Федерациясындагы Томск обылысы бойынша Казакстаннын арнайы сауда окiлi Канатбек Смагулов. Туып оскен жерiм Коксу озенiнiн бойы болады.
Бугiнгi танда Павлодар,Караганды обылыстарымен жумыс жасаймыз.Алматы обылысымен Томск облысын бар салада карым-катынастык жасауга мумкiндiтер бар.Уакiлдерiнiздi жiберсенiз кутiп алып обылыстык,калалык акiмшiлiктерде кездестiруге мумкiндiктер бар.
Томск обылысынын сайтын тiркеймiн http://ru.wikipedia.org/wiki/%D2%EE%EC%F1%EA%E0%FF_%EE%E1%EB%E0%F1%F2%FC#.D0.9D.D0.B0.D1.86.D0.B8.D0.BE.D0.BD.D0.B0.D0.BB.D1.8C.D0.BD.D1.8B.D0.B9_.D1.81.D0.BE.D1.81.D1.82.D0.B0.D0.B2
Iзгi ниетпен,
Канатбек Смагулов…

Омишева Мархабат (Қарасай ауд, Алматы)

Сәлеметсіз бе! Ансар Мусаханов мырза.
Мен негізі Алматы қаласының тұрғынымын. Енді Қарасай ауданына қарай қоныс аударуыма байланысты сізден осы ауданнан мемлекеттік жұмыс туралы көмек сурайын деген едім. Сол себепті сізге өзімнің резюмемді жіберсем қолыныздан келгенше көмек сураймын. Рахмет
ОМИШЕВА МАРХАБАТ БЕКМУХАНБЕТОВНА
Дата рождения: 26.04.1975г
Место рождения: Вос.Каз.обл Тарбагатайский р-н с. Акжар
Место проживания: г. Алматы ул. Богенбай-батыра 272-134
Тел: 3751634, 87078078426
Эл.почта: maha__75@mail.ru
Семейное положение: разведена, двое детей
Цель: найти стабильную перспективную работу
Желаемый график работы: полный рабочий день
Образование:
• 2010-2012г АТУ Технологический Университет. факультет «экономика и менеджмент» спец: Государственное и местное самоуправление
• 2011г сертификат ОО «Масп» секретарь-референт
• 1994-1998гг Каз. Государственная Академия управления факультет «экономика – менеджмент» спец: экономист-менеджер
• 1992-1993 ПТУ-14 спец: оператор на линии маргариновом заводе
Опыт работы:
• 2001-2002гг офис-менеджер ТОО «Кикинвест»
• 2008-2009гг председатель КСК «Алмагуль»
• 2008-2010гг помощник председателя Комитета местного самоуправление при акимате Алмалинского р-на
Дополнительная информация:
• Технические навыки Word, Excel .
Офисное оборудование (ф…

ile-tany (Іле ауд, п.Отеген батыр)

АСА ҚҰРМЕТТІ
АҢСАР ТҰРСЫНХАНҰЛЫ!

Сіздің БАҚ өкілдеріне, оның ішінде жергілікті газет қызметкерлеріне жасап жатқан ағалық қамқорлығыңыз ұшан-теңіз. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы наурыз айындағы «Мүлік туралы» Заңына байланысты аудандық газеттерді 100 пайыз мемлекеттік жасаймын деген ұсынысыңызды біз қуана қабылдадық. Дей тұрғанмен облыстық «Жетісу» теле-радио корпорациясының, яғни «Жетісу» медиахолдинг құрамына филиал ретінде кіретініміз көңілге кірбің ұялатып отыр. Филиал болып қалсақ, түбінде облыстық газеттердің жәй ғана бөлімшесі ретінде қалатын сияқтымыз. Өзіміздің есеп-шотымыз, бухгалтериямыз да бір жерге орталықтандырылатын сияқты.
Өйткені, өткен жылдың 27 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Болат Долдайұлы Тәкеновтің төрағалық етуімен бұқаралық-ақпарат құралдары басшыларының жиналысында облыстық қаржы басқармасының бастығы Сырым Қасымов мырза «Аудандық газетті жою туралы» қаулы қабылдап, олардың құрал-жабдықтарын облыстық «Медиахолдингке» өткізу жөнінде айтқан еді. «Жою туралы» қаулының шығатындығының өзі де бізді шошытып отыр.
Олай болса, аудандық газеттердің жабылып қалуы да мүмкін. Қылышынан қан тамған Кеңес Одағы кезінде әр ауданның өз газеті болған, енді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлаған мына егеменді заманда аудандық газеттер күш-қуаты, материалдық жағдайы жоқ қауқарсыз бөлімше болып қала ма, деген сұрақ бізді қатты мазалайды.
Қазірдің өзінде облыстық «Жетісу» теле-радио корпорациясының басшылығы мен б…

Нұрғазы Қасен (Ақсу ауд, Қапал ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсақанұлы:
Мен Нұрғазы Қасен Қытайдан 2002 жылы келген оралман едім. Қазір Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы Қабанбай көшесі 7-үйде тіркеуде тұрмын. 2004 жылы облыстық көші-қон басқармасы арқылы өзім, әйелім, 3 балам, інім жиыны 7 адамға оралмандарға арналған көшіп қону квотасын алғанмын. Қытайдан алатын зейнетақым болғандықтан, өзім ықтиярхат алуға өтініш бердім де, қалған жанұямдағы 5 адам Қазақстан азаматтығын алды. 2011 жылы ықтиярхатымның мерзімі бітіп, Алматы облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасына ықтиярхатты ұзартуға өтініш берген едім, олар: «Квота алғандығың үшін ыхтиярхат ұзартылмайды, азаматтық алуыңыз керек» деді, облыстық көші-қон полициясына көп рет бардым, , мен оларға «Бір мәрте шығу –кіру визасын ашып беруді қанша рет өтінсем де олар құлағына ілмей отыр. Қытайдағы зейнетақыма бара алмағаныма да бір жыл болып қалды, өзім де әйелім де жұмыссыз, қарап отырған зейнетақымнан да осылайша айырылып қалатын сияқтымын, 2004 жылы өз басыма алған квотаның ақшасын қайтарып берейін десем, оған да көнбеді көші-қон полициясындағылар. Амалым таусылғандықтан сізге жазып отырмын, Қытайға барып қатысты орындардан, Қазақстан азаматтығын алсам зейнетақым төлене ме жоқ па? Сол жәйлі біліп келуім және бір жылғы зейнетақымды алып келуім керек еді.
Сондықтан да сізге айтар өтінішім: Қытайға бір мәрте шығу – кіру визасын ашып беруге, ықтиярхат арқылы Қазақстанда бала-шағаммен бірге тұра беруге ықпал етсеңіз екен. Алдын…

Жотабаева Лайла Какетаевна (Талғар ауд, Талгар )

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы
Менің сізге осы жайды айтатын себебім: мен көп бала тәрбиелеп отырған алтын алқалы анамын. 2000 жылдан бері Талғар қаласының жер алу кезегінде тұрамын. Өз басымда не үйім, не жерім жоқ. Кезегім 85-ші, не артқа , не алдыға жылжымайды . Қала әкіміне кірсем: " жоғарғы жақ рұқсат берсе біз жер береміз ",- деп шығарып салма жауап береді. Халыққа жер бер деген сөзді премьер-министр К.Масимовтың аузынан естідім. Ал жер жоқ дегенге сенейік десек, қала аумағынан салынып жатқан үйлер өте көп. Бұларды кімдер, қайдан алып салып жатқанын білмеймін." Көп балалы анаға үлкен қамқорлық жасаймыз" деген президенттің сөзіне сене уақыт өткізіп келемін. Осыны айта отырып, алдағы уақытта сізге жер береді деп сенім артамын! Үлкен үмітепен ардақты Ана.…

Бекназаров Айдын Толықбайұ (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Тұрсынханұлы!!! Тәуелсіздігіміздің 20 жыл мерей тойын тойлау қарсаңында сізге қояр сұрағым бар еді. Мен Бекназаров Айдын 54 жасымда ел арасында тікенектей қатты, шенеунік, бюракратиялық көз қарасы қалыптасқан азаматарға қайран қалып, ренжісімді білдіремін. атап айтсақ Талдықорған қаласындағы И. Жансүгіров атындаға мәдениет сарайының директоры Алпысбаев Әли Демегенұлы жәйлі ой қозғағым келеді. Жылда облыс бюджетінен мәдениет ошақтарын қайта қалпына келтіру, оларды халық пайдалануына беру жұмыстары жүргізіледі. Осыдан бір жыл бұрын аталмыш мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өткен болатын, бірақ арада айлар өтіп, күн туғанда әлгі мәдениет сарайына қарағыңыз келмейді сартқы бетінен-ақ байқасаңыз болады. Ойланбастан бөлінген қаражат қайда кетті деген сұрақ туындайды.Материалдық техникалық базасы қатты тозығына жеткен.Сонымен қатар қол астында жұмыс істеп жүрген азаматтарды өз пайдасына, яғни үйінің құрылыс жұмыстарына міндеттейтіні дұрыс па? Осы бағытта, Сіздер тарапыңыздан қандай көмек көрсете алатыныңызды сұрағым келіп тұр.
Осы хат Қазақстан Республикасының бас прокуроры Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлына да жіберілді. аталған шенөунік жұмыстан босатуыңызды сұраймын. Елбасымыздың саяси-әлеуметтік бағдарламасын аяқ астына таптағаны ұят-ақ.
.…

Нұржан (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Талғар ауданы немесе Алматы облысында ,бір себептермен, үйсіз-күйсіз қалған азаматтарға арналған пансионат немесе көмек көрсететін орталық немесе мекеме барма?…

Курбанов Турсун (Ұйғыр ауд, Чунджа)

Уважаемый Ансар Турсынханович!!!!
Я ветеран ВОВ имею множество наград орден "Слава" 3 степени. Меня интересует вопрос: может ли мне государство предоставить жилье в городе Алматы или Астана как участнику! прописан я в Чундже хотелось бы переехать в город в связи с состоянием здоровья осматриваться в городских поликлиниках. В Чундже тяжело особенно зимой печку топить здоровье уже не позволяет! прошу Вас посодействовать по этому вопросу!!! Надеюсь моя просьба не останется без внимания одна надежда только на Вас!…

Белозерских (Қарасай ауд, Каскелен)

При строительстве нового моста через Каскеленку сброс сточных водбудет производиться в реку так как наклон построенного отвода направлен к реке Для реки и жителей это экологическая катастрофа Кто ответит за это?…

Фазилова Ирина (Қарасай ауд, пос. Алмалыбак)

здравствуйте!
Меня , как жительницу этого поселка, волнует вопрос ЖКХ! У нас в поселке наблюдается жуткая картина. Начнем с наболевшего - вывоза мусора. Во дворах по улице Шегебаева, образовалась настоящая огромная свалка. Рядом поликлиника в 100 м., продуктовый магазин, жилые дома, мусор повсюду, бегают крысы, собаки, дикие кошки и пр. живность, не считая насекомых. Раньше приезжал трактор, оставлял прицеп, куда все бросали мусор, дети докинуть не могут прицеп очень высокий, даже взрослым не всегда удается попасть в лоток.В итоге мусор валялся в округе. Но и этого показалось много! Сейчас трактор проезжает по центральной дороге и люди на бегу , кто успевает закидывают мусор. Кто успел, а кто нет. В итоге - весь лог и весь двор где раньше ставили прицеп от трактора завален огромной кучей. И никому нет дела до этого!!!
Аким наш говорит, что насильно не может заставить людей организовать ЖКХ, но гигиеническая обстановка в поселке обстоит такая, что это надо делать в срочном порядке. Не надо ждать когда вырастет нравственность у населения. люди сейчас живут по принципу пока меня не коснется- мне все равно. Вы посмотрите , что творится в подвалах домов! Наши соседи ни крышу перестилать не хотят, ни в подвале трубы не хотят менять, даже лампочку в подъезде ни кто не покупает!!! меня это не касается. Без хозяйской руки все приходит в негодность. Должен быть ответственный за ЖКХ!!! Вы хозяева в вашем доме сами должны заниматься ремонтом и реконструкцией, а что если со…

Гражданин Республики Казах (Қарасай ауд, Акжар)

Уважаемый Омархан Нуртаевич!!!!
С большим уважением к Вам хотел бы обратить Ваше внимание на ситуацию в Алматинской области, Карасайского района, поселка Акжар, а именно жилых этажных домов данного района.
КСК в нашем районе нет. Мы жители выше указанного района, а точнее Карасайский район, поселок Акжар, улица Даулеткерея, дом 13.
В данном обращении сообщаем, что у нас жителей данного дома во дворе нет детской площадки, многие жители устроили самостоятельный захват и построили навесы и гаражи для своих автомобилей, что ограничивает свободу движения в общем дворе, детям негде играть, во дворе сидеть негде (нет скамеек), бывшая детская площадка была полностью разворована, на ее месте осталось только ровная площадка с разбросанным везде мусором, у многих жителей есть автомобили, но мы не занимаемся самостоятельным захватом, и не строем навесов и гаражей, которые мешают другим жителям нашего дома полноценно пользоваться своим двором, ставим машину туда куда положено, на охраняемую специализированную стоянку.
Хотелось бы Вас попросить разобраться в данной ситуации, и обязать Акиматы нашего района, установить нам полноценную детскую площадку, ведь нашим детям необходимо спортивно развиваться, скамейки, так как очень много взрослых людей, которым хотелось бы посидеть на улице и подышать свежим воздухом.
Также просим Вас разобраться с жителями, которые самостоятельно захватили некоторые территории нашего общего двора, без согласия вс…

Куралов Дастанбек Агабеков (Іле ауд, Отеген батыр)

Поздравляю Вас с назначением на пост акима области!!!
Желаю успехов в работе!!! Уважения среди сотрудников и жителей Алматинской области!!!
У меня к Вам вопрос по выделению земельных участков под ИЖС, мы с братом Кураловым Рустамбеком Агабековичем в 1999 году подали заявления акиму п.Энергетический на выделения земельного участка под ИЖС, но до сих пор так и не дали. Я не раз обращался акиму п.Отеген батыр не помню ее имя, она все время говорит что очередь и нужно подождать. Есть ли возможность получения земельного участка под ИЖС ???
Спасибо!!!
С уважением Дастанбек.…

Болатов Бекен (Ұйғыр ауд, Ынтымак)

Арызданушылар; Болатов Бекен, Садуакасова Гулсира, Атемова Гулмира, Азретов Қошқарбай, Тастаев Жорабай, Сапаров Қорғанбай, Онгарбаев Есенбай, Оңғарбаев Болат, Базымаев Марат Жәнібеков Уалихан. Арызданып отырған себебіміз, осы Онгарбаева Шолпанның ҚР ҚК 177 бабының 3 бөлімінің тармағы б, Қылмыстық іске сәйкес іс жұргізіліп жатыр.

АРЫЗ.

Құрметі Қайрат Қажомжаров мырза, біз арызданушылар; Болатов Бекен, Садуакасова Гулсира, Атемова Гулмира, Азретов Қошқарбай, Тастаев Жорабай, Сапаров Қорғанбай, Онгарбаев Есенбай, Оңғарбаев Болат, Базымаев Марат Жәнібеков Уалихан. Арызданып отырған себебіміз, осы Онгарбаева Шолпанның ҚР ҚК 177 бабының 3 бөлімінің тармағы б, Қылмыстық іске сәйкес іс жұргізіліп жатыр, сізге қайта қайта арызданып отырған себебіміз, Онгарбаева Шолпнаға қатысты қылмыстық істі жұргізіп отырған ОҚО бойынша қаржы полиция тергеуші Қайыпжанов Ерболатың іс әрекетеріне қанағаттанбаймыз.

Себебі Онгарбаева Шолпаның үстінен жұргізіліп отырған қылмыстық істі ОҚО бойынша қаржы полиция тергеуші Қайыпжанов Ерболат, банкілерді тексермей, қала және област әкімшілігін тексермей, сонымен қоса Даму фондыны тексеру жұмыстарын жүгізбей, соған байданысты ЖЕР АНА корпарациясын тексеру жүргізбей, қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзып коррупция жолдарына жол беріп жүр.

Осыдан алдын көрсетілген Букумбаев Батырхан және анасы Букумбаев Гульнар қатысы бар осы қылмыстық іске деп көрсетілген.…

Ульянова Надежда Сергеевна (Текелі қ., Россия, Оренбургская область, Северный район, село Северное)

Уважаемый аким, помогите узнать о судьбе моего отца, жителе города Текели, Думенко Сергее Михайловиче, дата рождения 29 мая 1961 г. Подтвердите или опровергните информацию о дате его смерти 20 апреля 2003г.…

Мейманов Ринат Мар (Талғар ауд)

Прошу провести капитальный ремонт дорожного покрытия проезда к Коктобинскому сельскому округу, СПК "Жанару" - заезд через проспект Аль-Фараби города Алматы (выше пр. Аль-Фараби). Последний надлежащий ремонт указанного участка дороги был произведен очень-очень давно.…

Андосова Дана (Талдықорған қ.)

Ансар Турсынханович! вопросов нет,их хватает смотрю.. просто пожелаю крепкого здоровья, успехов в Вашей нелегкой!! работе, и ,главное, высокопрофессионального окружения! Создаете надежду прогрессивного руководителя. Удачи вам…

Костив Виктория (Капшағай қ.)

На мой вопрос был ответ от 08.07.2011 года по поводу дорог.
Цитирую Ваш ответ " На участке республиканской трассы «Алматы – Капшагай» ежегодно проводится ямочный ремонт, на проведение капитального ремонта средств в республиканском бюджете не предусмотрено."
Как не предусмотрено,мы каждый год платим налог за машину.Куда деются эти деньги?уже давно можно было сделать капитальный ремонт.по поводу ремонта дорог ездить не возможно, на трассе не ямы залатаны,а бордюры лежат.…

Райымбек ауданының (Райымбек ауд, Кеген)

Ассалаумағалейкум Аңсар аға! Конституция күніңіз құтты болсын. Сіздей жаңаша ойлайтын, жаңа көз қарасы бар аткамінер ағалар көбейе берсін. Сізден Райымбек ауданының тұрғындарының атынан сұрақтан гөрі өтініш жасайық деп отырмыз. Қазіргі таңда неше түрлі көліктер мінгің келеді бірақ сол көліктерді бірде басқа облыстан бірде басқа ауданнан аламыз, әрине, бағасына және сапасына карай. Бір қинайтын жағдай сол көліктерді жеңіл болсын немесе жүк көлігі болсын есептен шығарып (басқа облыстан немесе басқа ауданнан) өзіміздің ауданға тіркеуге қоюымыз үшін көрші Ұйғыр ауданына (78-км) немесе (250-км) Красноеполеге баруымыз керек. Барлық көлік иелерінің мұндай алыс Тіркеу пункттеріне бару үшін кем дегенде 20000 теңгесі мен 2-күні кетеді және көлік жүргізу күәлігін жаңадан алу мен ескісін ауыстыру үшінде осындай шығындар шығады. Осы жағдайға байланысты 100000 халқы бар Райымбек ауданына "Автокөлік жүргізу күәлігін алу мен ауыстыру, көлікті тіркеу және есептен шығару" мекемесін құруды ұйымдастырсаңыз деп өтініш айтамыз. Біздің бұл өтінішіміз ескерусіз қалмайтынына сенімдіміз. Алдын-ала рахмет Аңсар аға.…

Назилә Жорабайқызы (Талдықорған қ.)

Салеметсіз бе, Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сізді жаңа
тағайындалған қызметіңізбен құттықтаймын, сонымен қатар, қызмет бабында биік асулардан көрінуіңізге тілектеспін және сізге зор денсаулық тілеймін. Сәлеммен продюсер қарындасыңыз Назилә…

Қанат Тілеутай (Талдықорған қ., тайынша қаласы. СҚО)

Аңсар Мұсаханұлы.
Қызметіңіз құтты болсын,мәртебеңіз өсе берсін,денсаулық,жаңа асулардан аса беруіңізге тілектеспін
Қанат тілеутай…

Мейірманов Оңалбай Турғанұ (Талғар ауд, Гүлдала ауылы)

Құттықтау: Құрметті Ләззат Махатұлы!
Сізді Сенаттың депутаты болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Сізге зор денсаулық, осы ісіңізде мол жетістік тілеймін. Оңалбай.…

Малолеткин Кирилл (Жамбыл ауд, Каргалы (Фабричный))

Хочу выразить искренную благодарность акиму Каргалинского сельского округа г-ну Шажибаеву Ш.Т. за подробнейшее и доступное объяснение сложившиеся ситауции с санитарным состоянием поселка, а так же за решение данной проблемы. Теперь мусор вывозится регулярно и дышать стало легче! Большое спасибо Акиму и начальнику ГКП которое занимается уборкой, к сожалению не знаю его фамилии, Камилю.…

Дүйсенов Канат Аді (Талдықорған қ., Алматы,Ала-Тау )

Асалаумагалейкум Аңсар аға!Жаңа лауазымыңыз,құтты болсын!Отбасыңызға амандық,деніңізге саулық,жұмысыңызға табыс тілеймін!Алла жар болсын! Тілек білдіруші ініңіз орманшы Дүйсенов Қанат деп білерсіз!…

Жарболов Жанат Рыскельдиев (Қарасай ауд, Каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Туған күніңіз құтты болсын! Сізге ұзақ ғұмыр, еңбегіңізге табыс тілеймін! Ізгі ниетпен Жанат Жарболов.…

Жанбосынов Марат Жалауулы (Еңбекшіқазақ ауд, С.Каракемер, ул. Тастанбекова 52)

Қазақстан Республикасы Алматы облысының әкімі Мұсаханов Аңсар мырзаға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудан Қ. Орымбетов атындағы орта мектептің бір топ мұғалімдерінен Арыз
Құрметті Мұсаханов Ансар мырза әуелі сізді жаңа тағайындалған қызметіңізбен құттықтай оытырып зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Құрметті Мұсаханов Ансар мырза, біздің сізге арыз жазу себебіміз: Біз төменде аты аталған ұстаздар ,Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің директоры Б.Таванованың заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымданғанымызға екі жылдың жүзі болды .Осы уақыт ішінде мектеп директоры Б.Таванова өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -әрекетін әшкерелеп берген жоғары санатты білімді 3мұғалімді жұмыстан босатты, және қалғандарымызға заңсыз қысым көрсеткендіктен бір ұстазымыз жүрек талмасынан «о дүниелік» болды. Осы жөнінде сіз бұрындары да қабардар боларсыз деп ойлаймыз. Олай дейтініміз осы мәселе жөнінде бұрынғы облыс әкіміне де неше қайтара шағымданған едік. Еш нәтиже болмағандықтан енді міне сізге де шағымдануға тура келіп отыр. Біз Елбасымызды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық болып бірге күресейік!» деген ұранын қолдап Б.Таванованың жемқорлық әрекеттерін көрсетіп төмендегі құзырлы мекемелерге шағымдандық, бірақта Б.Тавановаға ешбір құзырлы мекемелердің, заңның шамасы жетпейотырғанына қарағандар қандай құдіретті күштің барына таң қаламыз.…

Көпбаева Гүлнар (Текелі қ., Қора көшесі, 26/24)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Сізге бір топ текеліліктердің риза пейілін жеткізуге ниеттімін.
Ел тұтқасында жүрген азаматтарымыз қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ескерусіз қалдырмай, қол ұшын беріп жүрсе, әлеуетіміз артып, дәулетіміз молая түседі деп ойлаймын. Осыдан екі жыл бұрын Текелі жұртшылығын дүрліктірген жер сілкінісі біраз отбасының шаңырағын тұруға жарамсыз күйге жеткізген еді. Баспанасыз қалған жетпістен аса отбасы сол уақытта қала, облыс басшылығының жанашырлық қолдауын әбден көрді. Солардың ішінде мен де бармын.
Жағдайымызды жете түсініп, тез арада бала-шағамызбен уақытша қонақ үй, жатақханаға орналастырды. Баспанасыз қалсақ та, далада қалғандай сезінген жоқпыз. Аса көпке созбай кейбіреулерге қайта үй сатып алуға тиісті қаржы бөлініп, олар қалаған пәтер немесе үйлеріне қоныстанып алды. Бірқатарымыз қаланың есебінде тұрған көп қабатты үйдің жөндеуден өткен жаңа пәтерлеріне ие болдық. Төбеміз көкке жеткендей қуандық. Алған пәтерімізді бірден атымызға аударып, өз меншігімізге өткізу мүмкін болмаған, бірақ мұндай өтінішіміз де жерде қалған жоқ.
Жер сілкінген күннен бастап жарғақ құлағы жастыққа тимей, әрдайым қасымыздан табылған бұрынғы облыс әкімі Серік Үмбетовтің әкелік қамқорлығын әр текелілік отбасы сезініп, айтар алғысы мол.
Қадірменді Аңсар Мұсаханұлы, өңірімізде атқарылып жатқан абыройлы істерді жалғастырып, халықтың ілтипатына бөленіп жүрген Сіздің тікелей басшылығыңызбен баспана құжаттарын жөндеу мәселесі шешіліп, қолдау т…

Молдабаева Күльбайран Рама (Капшағай қ.)

Құрметті Анзар Тұрсынханұлы ел басының бағдарламасы бойынша, қалалық білім бөліміне, балабақшаға кезекке тіркеліп "Малыш" балабақшасына 3-ке толған баламды әділдікпен орналастырғаны үшін сізге алғысымызды білдіреміз.…

Елжанов Дархан (Талдықорған қ., Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті)

Құрметті Анзар Тұрсынханұлы!

Сіздің еңбек еткен жерлеріңізді ақынын, азаматын іздейтін ірілігіңізді сонау кеңшар басшысы болған кезіңізден білеміз. Әрі қазіргі игі қадау-қадау істеріңізді естіп, Жетісуда өзіңіздей басшы болғанына қуанудамыз. Бір кездері аудандары таратылып, қайта құрылғанда елімен қауышқан сатира сардары Садықбек Адамбековтың (марқұм), жазушы Дулат Исабековтың мерейтойларындағы қуаныштың көз жасын көріп едік.
«Біз бүкіл қазаққа ортақпыз, бәрі құшақ жайып қарсы алады, алайда кіндік қаның тамған жердің ықылас-ниеті, тауы мен өзенінің орны ерекше ғой!» - деген еді Дулат ағай.
Сондай елін-жұртын сағынып жүрген азаматтың бірі - дәстүрлі ән шебері, сіздің жерлесіңіз, «Ұзынбұлақтың» тумасы ҚР халық әртісі, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі Қажыбек Бекбосын.
Ол кісі 1946 жылдыњ 19-шы мамыр айында Талдыќорѓан облысы Ќапал ауданы, Ќоњыр ауылы ¦зынб±лаќ бµлімшесінде д‰ниеге келген.
1954-1965 ж.ж сол жерде Ѓ.Орманов атындаѓы 11-жылдыќ мектепті бітіріп. 1965-1967 ж.ж Алматыдаѓы Эстрада жєне цирк µнері студиясында ЌАЗ. ССР Халыќ єртисі Ѓарифолла Ќ±рманѓалиевтіњ Халыќ єні класына оќуѓа т‰сті. Ќажыбек Бекбосын Республикалыќ эстрада µнері студиясын ойдаѓыдай бітіргеннен кейін Мемлекеттік «Ќазаќконцерт» бірлестігініњ єнші-домбырашысы ќызметін атќарды.
Табиѓаттыњ берген дарыны мен µзініњ ењбек с‰йгіштігініњ арќасында Ќажыбек Бекбосынныњ єншілік репертуары халыќ …

Бейсеева Токен Абд (Іле ауд)

Құрметті Серік Әбікенұлы!!! Сізді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын!!!
Менің айтайын дегенім, мен Іле ауданындагы Жаңаталап ауылында "40-жыл" колхозында марқұм куйеуімен 35-жылдай еңбектендік. Қазіргі кезде зейнеттемін, алтын алқа иегерімін. Екі балам 2006-жылдан бері жер үлесін алуға кезекте тұр. 2010-жылдың қыркүйек айында комиссия мүшелері келіп, тұрмыстық жағдайымызды тексеру туралы актісін жасады. Байсерке округінің әкімі Бейбіт Қанапияұлы жер беріледі деп айтқан еді, бірақ осы уақытқа дейін әлі сол сөзбен жүріп келеміз. 2010 жылы әкімдіктен 2006-жылдан бері кезекте тұрған адамдардың тізімі алынып тасталды да, 2007-жылғы тізім ілінілді. Біз өзіміз, 4-бөлмелі үйде 8-адам тұрамыз. Ары-бері жүгіре шаршадық, бар үмітім өзіңде, шырағым!!! Өтініш, осы мәселені қарастырып беріңізші.…

Асылбек Байсихов, Текелі қа (Текелі қ.)

Жаңа жылда жаңа пәтерлі болып қуанып жатырмыз. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы! Еліміздің бүгінгі жеткен биігі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының жемісі. Мен соғысқа сонау 1943 жылы қатыстым. Соғыстан соң да Қиыр Шығыста, Камчаткіде әскери міндет өтеп, елге 1949 жылы оралдым. Елге оралған соң түрлі салаларда еңбек еттім. Қазір зейнеткермін. Ел ерлігімізді бағалады, еткен еңбегімізге құрмет көрсетті. «Соғыс ардагері», «Еңбек ері» деген атақ берді.
Текелі қаласына өткен жылы көшіп келдік. Ұлды ойға, қызды қияға қондырдық. Өмір болған соң балалардың өз тіршілік қамы өздерінде. Қазір үйде кемпіріміз екеуміз ғанамыз. Облыс өңірінде атқарылып жатқан шаруалардың барлығын да күнделікті теледидардан көріп, газеттерден оқып танысып отырамыз.
Құрметті Серік Әбікенұлы, Сіздің бастамаңызбен бой көтерген әсем Тіл сарайы мен Спорт кешені облыс халқының игілігіне жарап, қажеттілігіне қызмет етуде. Қай істі де тетігін тауып, бар ықылас-пейіліңізбен атқаратыныңызды мақтан етеміз. Осы біздің Текелі қаласындағы қараусыз қалған үйлердің де құжаттарын заңдастырып, жөндеуге қолдау көрсетіп, қамқорлық жасауыңыздың нәтижесінде пәтерлі болып жатырмыз. «Ардагерін ұлықтаған ұл озады» дегендей, осындай құрмет көрсетіп жатқандарыңызға ағалық алғысымды айтамын. Халық үшін қалтқысыз еткен еңбектеріңіз табысты болсын.
«Адам қартайғанда бір бала» демекші, жасым ұлғайып, оның үстіне соғыста аяғымнан алған жарақаттың зардабы қосылып, жүріп-тұруым қиындап, да…

Дәулетбаева Әсем б (Капшағай қ.)

Құрметті Серік Әбікенұлы жақында өткен есеп беруіңізді телемост арқылы бүгін тыңдап келіп отырмын.Сізге мынадай өтінішім бар еді, маған осы жиында барлық сала бойынша нақты көрсеткіштерді жібермес па екенсіз?…

Жамбыл ауданынан (Жамбыл ауд)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сіздің жасап жатқан барлық жақсылықтарыңызға аналық ақ жүрекпен қуана отырып, Алладан сіздің амандығыңызды, еңбегіңіздің бұдан да жемісті болып, халық құрметіне осылай бөлене беруіңізді бес уақыт намазының әр батасында тілеп отырушы өз жерлес әжелеріңіз, өзіңіз «Менің командам» деп мәртебесін көтеретін, 25 жыл үзбей облыс намысын қорғап жүрген «Ақ әжелер» этнографиялық – фольклорлық Халық ансамбілінің ұжымы деп білерсіз. Ертеңгі өтетін есебіңіз тағы да ел құрметін арттырсын демекпіз, Сізге ұзақ өмір, отбасыңызға саулық тілейміз!…

Бағдат Мухамедиярұлы (Қарасай ауд, Астана қаласы)

Құрметті Серік аға! Сізді және сіз басқарып орырған Жетісу елінің халқын Жаңа Жыл мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сізге алдағы еңбек жолыңызға тек жақсылық тілеймін. қазақ халқына жасап жатқан игі істеріңіз ұзағынан болғай! Рахмет , Астана қаласынан Бағдат ініңіз…

Ұйғыр ауданы (Ұйғыр ауд, Чунджа)

Құрметті Серік Әбікенұлы!

Ұйғыр ауданының жұртшылығы, ақсақалдар алқасы, үкіметтік емес ұйымдар және ұйғыр этно-мәдени орталығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту мақсатында бүкіл халықтық референдум өткізу жөніндегі бастамашылар тобының Үндеуін бір ауыздан қолдап, қуаттап ыстық лебіз ниеттерін білдіруде.

Бастамашыл тобының төрағасы
және топ мүшелері…

Штель Любовь (Талдықорған қ.)

Сәлеметсіз бе, құрметті Серік Әбікенұлы!

Біз Талдықорған қаласының «Самал» шағын ауданы №28 үйінің тұрғындары көптеген жылдар бойы шатырымыздың бүлінуінен зардап шегіп келдік: төбеден аққан судың суық ызғары мен көк сасыған иісі басымыздан кетпейтін бір уайым болып қатып қалған еді. Тырнаштап жиған тергенімізді қосып, әрбір жерінен шұқылап жасап қойған ремонтымыз көпке жетпей қалушы еді. Қысы-жазы бір уайымымыз осы бір шатырдың жөндеуі еді. Бұл туралы өзіңізге талай рет мұңымызды шағып арызданғанбыз да.
Бүгін міне, айымыз оңынан туып, сіздің қамқорлығыңыз бен адал еңбегіңіздің арқасында шатырымыз жөнделді. Ақыры біздің тілегіміз орындалды. Оған тікелей өзіңіз себепші болдыңыз.
Осы үйдің тұрғындары біздер, аналар мен балалар, зейнеткерлер мен мүгедектер барлығымыз жаңа жылдың қарсаңында осылай қуанышқа бөленіп отырып, сізге шексіз ризашылығымызды білдіргіміз келді.
Құрметті Серік Әбікенұлы! Сізді жаңа жылыңызбен құттықтап, отбасыңызға бақыт, зор денсаулық, бала-шағаңыздың қызығын көріңіз, осылай еңбегі елеулі, халықтың қалаулысы болып жүре беріңіз деп тілейміз!



Құрметпен, Штель Любовь Валентиновна!…

Токтарулы Оркен (Жамбыл ауд, Мыңбаев ауылы)

Құрметті әкім мырза:
Мен Қытайдан 1999 жылы өз бетіммен келген оралман едім. Өзім су құрылысының жоғары білімді маманымын, әйелім мал дәрігерлігінің магистранты, 8 жасар және 3 жасар екі ұлым бар. Мемлекеттен осы уақытқа дейін еш қандай әлеуметтік көмек көрген емеспіз.
1) 2003 жылы өз қаражатыммен Мыңбаев ауылынан қабатты үйдің 3-қабатынан пәтер сатып алып, тұрақтап қалып едік, ол өмір сүруге қолайсыз болып шықты: қыста жылыту қиын, жазда су көтерілмейді, жеке шаруашылықтармен айналыса алмаймыз. Акиматқа жер телімін сұрап өтінішпен барсақ, "Сен түгілі өзімізге де жер жетпей жатыр, Қытайдан жеріңді ала келсең болмай ма!"-деп келекелеп, қабыл алмай жыл өткізіп өтінішімізді әрең алған еді, әлі күнге дейін соның хабарын күтумен келеміз. Сөйтсек, Мыңбаев ауылында жер бөлініп бітіп, алақандай да бос жер қалмаған екен.
2) жанымызда "Қазақстан Республикасының мал тұқымын зерттеу институты" жұмыс істеп тұр, соған ең болмаса әйелімді мамандығы бойынша жұмысқа алса екен деп, бірнеше рет барып едік, "Бос орын жоқ!" -деген сөзден танбайды.

"Өзге елде жүріп СҰЛТАН болғанша, өз еліңде жүріп ҰЛТАН бол!" -деген нақыл сөзді бағдар тұтып Қытай асып келіп едік, не дұрыстап үй-жай жоқ, не жұмыс жоқ сол ҰЛТАНдыққа да дәрежеміз жетпей жатқан жайымыз бар....…

Жабықбаева Гүлмира Алдабер (Талдықорған қ., Ғарышкер ш/а, 18 үй, 80 пәтер)

Сәлеметсіз бе құрметті Серік Әбікенұлы, менің Сізге жолдап отырған хатымның себебі, менің әкем Жабықбаев Алдаберген 14 жасынан еңбек етіп, тер төккен адам еді. Ақсу ауданы бойынша үздік комбайнер, озат механизатор саналатын. Техника тілін жетік меңгерген он саусағынын өнер тамған азамат болатын. Көп жылдар «Көшкентал», «Күренбел», серіктестіктерінде, 2007 жылы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жүргізушісі болып еңбек етті.Осы жылдың 17 қыркүйегінде Aқсу ауданының, Суықсай аулының тау бөктеріндегі бірнеше киллометр егіндік жер өртенді. Сол күні әкемнің демалыс алған күні еді. Ауыл әкімі Білісбеков Түрсыннұр үйге келіп, сол өртке әкемізді жіберді. Асығыс жиналып, өрт сөндіруге барамыз деді. Сол өрт әкемнің ажалына себепші болды. Тау ішіндегі сайларда 13 адам ұйтқыған желмен гүлей жанған оттың ортасында қалады. Әкімнің машинасы да сол жерде болатын. Әкімнің өзі ауылда тамақ ішіп, демалып отырған. Әкеме телефон соғып машинаның ішіндегі мөр мен құжаттарды алып шық деп нусқау береді. Жанып жатқан машинаға жеткенде, машинада қатты жарылыс болып, әкемнің денесінің 70% күйіп аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті, ертеніңе облыстық ауруханаға ауыстырылды. Аруханаға барып, әкемді көріп, сөйлеп жатқанынаң үміт етіп едік. Бірақ сұм ажал әкемді 27 қыркүйекте бізден алып кетті. Білісбековтен неге сіздер арнайы құралдары, киімдері, білімдері жоқ жай адамдарды өрт сөндіруге апардыңыздар десек, бұл аудан әкімінің бұйрығы-деді.
Әкем қайтыс болған соң ауыл әкімі Білісбек…

Береке ауылының тұ (Қарасай ауд, Елтай аумақтық округі)

АРЫЗ
Біздер төмендегі қол қойып аты-жөні жазылған адамдардың себебі мынау:
Біздің бұрынғы жұмыс істеп кеткен ауыл әкімі Ахметаев Бағдат және әкім орынбасары болған Жұманбаева Бақытгүл Сағындыққызы 2009 жылы сәуір айында басқа округке ауысып кеткеніне қуанғанбыз.Бақытгүл Сағыдыққызы күйеуі бола тұра Ахметаев Бағдатпен Ойнас жасап үшеуі бір үйде тұрып жүрді. Мемлекет қызметшісі ретінде абырой міндетін сақтаған жоқ,жастарымызда сырттай күлді.Дұрыс тәлімөтәрбие болған жоқ." свобода слова" газетіне шықты.Кейбір ауыл тұрғындарына жалған құжаттар беріп ,зар қақсатты.Енді осы Жұмабаева Бақытгүл Сағындыққызы жүрген жерінде айтып жүреді екен: Елтай аумақтық ауылдық әкімшілігіне қайтйдан жұмысқа барамыз деп.Біздер осы екі кісінің келуіне тікелей қарсымыз.Арыз берушілер:
1.Омарова.М. 2.Надирова.Н. 3.Шапиева.Ж. 4.Мираметова.М. 5.Мустапаева. 6.Жетпіспаева.Ф. 7.Мухабаев.8.Ильясов. 9.Баймагамбетова.К. 10.Ұзақбаев. 11.Жалпақова.М. 12.Качакова.К.…

Жақсыбаева Галина (Ақсу ауд, Ақсу ауданы, Егінсу ауылы)

Сәлеметсіз бе, құрметті Серік Әбікенұлы! Мен Жақсыбаева Г.Н Егінсу ауылының тұрғынымын. 12 наурыз күні ауылымызда болған апаттан менін ақ адал еңбегіммен тапқан 2 сиыр, 15 ешкі, 5 бас қойым суға кетті. 22 наурыз күні тізімге алынды. 2 ай өткеннен кейін комиссия құрылып тексеріс өткізілді, тексеріс кезінде суға кеткен малдың өлігін тауып беріндер деп талап етті. Су тасқынының алапат күші алып кеткен малдың өлігін мен 2 ай өткеннен кейін қайдан таппақпын? Қазіргі күннің өзінде ағып жатқан су тереңдігі ат құлағынан келеді. 2 ай бойы бір қасық ауыз суға жете алмай қызыл судың қоршауында отырған менің малшым мал өлігін малтап іздей ма? Су алып кеткенін растайтын куәларым бар. Менің сізден осі істің бір шешімін тауып, қол ұшыңызды беруіңізді сұраймын.…

Галиева Л. (Ақсу ауд)

Алматы облысының әкімі С. Ә. Умбетов мырзаға
«Азамат» шаруа кожалығының төрайымы
Ғалиева Лида Сейпілқызынан
Көшкентал ауылының округі
Көлтабан бөлімшесінің жанында
1,5-шақырым жерде орналасқан.
Тұрғылықты жері: Талдықорған қаласы,
Шығыс шағын ауданы,
Есенин көшесі, №16-үй.
тел: 26-08-37. сот. 87012080021.

Көшірмесі: Алматы облысы,
Ақсу ауданының әкіміне
Арыз
2010 жылғы наурыз айынын 11-12-не қараған түнде Қызылағаш ауылына түскен қайғылы оқиға, менің «Азамат» шаруа қожалығыма өте көп мөлшерде залалын келтірді. Осы су тасқынынаң менің жекеменшік 38 бас ірі қара, 96-бас саулык койлар, 89-бас ешкі малдарым суға ағып кетті. Сонымен қатар биылғы 100-ден астам төлдерде суға ағып кетті. Барлық зардап шеккен малдың шығының мен мөлшері 3 200 000 теңге деп мөлшерлеп отырмын. 2009-жылы Қызылағаш ауылының оралман қандастарыма жаңадан соққызған екі мал қораларым, бұрыннан соғылған екі төрт бөлмелі тұрғын үйлерім, монша ештемеге жарамсыз болып су тасқынынаң қирап калды. Барлық су тасқынынан қираған муліктік залалды мен мөлшері 10 000 000 теңгеге бағалап отырмын. Көрсетілген мүліктердің бәрінің төл құжаттары бар, заңды түрде соғылған.
Осы жағдайларға байланысты 2010 жылы 17 наурыз күні Облыстық прокурорына жазбаша түрде хабарлағанмын жәнеде дәлел ретінде түсірілген бейне суреттерімді жібергенмін. Апат болған түннің таңертенінде менін жолдасым Ғалиев Зейнелхан су тасқынынан м…

Көкейтегі Олжас (Қарасай ауд, Тараз қаласы)

Құрметті Серік Әбікенүлы Сізді ердің жасы 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын.Мықты денсаулық,отбасыңызға жақсылық,амандық,бақыт тілеймін.Еліңізге жасап жүрген еңбегіңіз абыройлы болсын.…

Жақсыбаева Галина Нұрболат (Ақсу ауд, Егінсу ауылы)

Сәлеметсізбе құрметті Серік Әбікенұы!
Мен Жақсыбаева Г.Н Егінсу ауылының тұрғынымын. 12-ші наурыз күні ауылымызда болған апаттан менін ақ адал еңбегіммен тапқан 2 сйыр 15 ешкі 5 бас қойым суға кетті. 22-ші наурыз күні тізімге алынды. 2 ай өткннен кейін коммися құрылып тексеріс откізілді, тексеріс кезінде суға кеткен малдың өлігін тауып беріндер деп талап етті. Су тасқынының алаппат куші алып кеткен малдың олігін мен 2 ай өткеннен кейін кайдан таппақпын? Казігі куннің өзінде ағып жатқан су тереңдігі ат құлағынан келеді. 2 ай байы бір қасық ауыз суға жете алмай қызыл судың қоршауында отырған менін малшым мал өлгін малтап іздейма? Су алып кеткенін растайтын куәләрім бар. Менің сізден осі істің бір шешімін тауып, қол үшіңізді беруіңізді сұраймын.…

xxx (Талдықорған қ.)

Құрметті Серік Әбікенұлы!

Талдықорғандағы негізгі көшелердің біріне жататын Жамбыл Жабаев атындағы көшені кейбіреулер әлі күнге дейін ескіше «Алматинская» деп жатады. Көптеген үйлердің қабырғасындағы көше атауы өзгергеніне он жылдан астам уақыт өтсе де жаңартылмаған.
Орталыққа таяу, Шевченко мен Біржан Сал көшесі аралығында аздаған жөндеу жұмыстары жүргізілген. Өйткені, мұнда жеке кәсіпкерлер салған «Меруерт» кешенінің ашылуына Президентіміз Н. Назарбаевтің өзі қатысқан болатын.
Абай мен Ақын Сара көшесінің арасындағы онкологиялық аурухана алдындағы түнде жарық арқылы көрініп тұратын Жамбыл атаның бейнесі жыртылып бітіп, қаңқасы ғана қалған. Қала әкімі С. Жылқайдаров мырза он жыл бойғы әкімдіктен шаршаған сияқты, бұл жаққа ат ізін де салмайды.
Жамбыл Жабаев атындағы көшемен Абылайхан көшесіне қарай қозғалсаңыз, абай болыңыз, құдыққа түсіп кетуіңіз ғажап емес. Грибоедов пен Жабаев көшесінің қиылысындағы бағдаршамның түбінде алғашқы құдықтың қақпағы жылдар бойы ашық жатыр. Жылу жүйесіне қарасты құдыққа тұрғындар амалсыздың күнінен ағаш бұтағын қадап қойған. Жылу жүйесіне жөндеу жүргізген мекеме көшенің асфальт төсенішін қайтадан қалпына келтірмек түгіл, жөндеп тегістемеген.
Осы екі аралықтағы Грибоедов көшесімен келетін арық суы жаз бойы Жабаев көшесіндегі асфальт үстімен ағып өтіп, жартысы жылу жүйесінің құдығына құйылып, қалғаны қарсы беттегі арыққа жетіп жығылады. Көктем мен күз айларында бұл жерден жаяу …

Ибраимова Майнұр (Текелі қ., Текелі қаласы )

Ибраимова Майнұр, зейнеткер, тыл еңбеккері,
Текелі қаласының тұрғыны:

Қаламыздың жыл санап артып келе жатқан әсем көркі кім-кімді де бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Мен Текелі қаласында 20 жылдан бері тұрамын. Соңғы жылдары, әсіресе, өткен жылы және биыл қаламыздағы тозған көп қабатты үйлер мен ұңғыл-шұңғылы көбейген жолдардың жөнделуі қарқын ала түсті. Бос қалған көп қабатты үйлер күрделі жөндеуден өтіп, аулалар абаттандырылды. Қаламыздың көркі артып, тынысы кеңи түсуде. Өзім тұратын Абылай хан көшесіндегі үйлер 50-жылдарда салынған. Көп жылдан бері жөндеу көрмегендіктен сиқы кетіп, көңілді құлазытып тұрушы еді. Міне, енді аз ғана уақыт ішінде бірінен соң бірі ақталып, сырланып, түлеген көктеммен бірге жаңарып шыға келді.
Барлық істің басталуы қаржы мәселесіне байланысты болса, халық игілігі үшін қолынан келгенше қолдауын қашанда аямайтын облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовке және іскерлік, азаматтығымен шаруаны шыр айналдырып жүрген қаламыздың әкімі Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке айтар алғысымыз шексіз. Сіздердің халық өмірінің әлеуметтік жағдайына да баса назар аударатын азаматтықтарыңыз әрдайым үлкен игіліктерге мұрындық болып, қарапайым халықтың көңілінен шығуда. Қаңырап бос қалған үйлердің іші-сырты түгелдей жөнделіп, енді олар елдің қажетіне жарайтыны көңілдерге зор медет.…

Жақсыбаева Г.Н. (Ақсу ауд, Егінсу ауылы)

Сәлеметсізбе Серік Абикенович. Мен егінсу ауылының тұрғынымын. Менін Егінсу ауылына қырысты Тоқаш деген жерде орналасқан мал базым бар. Осы су тасқынынан шопбімізді су шайып кетіпті, енді мал төлдеп жатыр, жем-шөпсіз қалдық. Көмек көрсетуінізді сураймын.…

Жанайдар Алипов (Сарқанд ауд, Кокжиде)

24-наурызда Лепсі өзенінің мұзы ерімей жатып, еріген қар суының өзен деңгейінен асып кетуі салдарынан Сарқан ауданындағы Көкжиде елді мекеніне қауіп төнді. Қауіпті аймақтан көшірілген тұрғындар мектеп ғимаратына орналасып, жедел жиналған аудандық штаб мүшелері түнгі сағат 11-00-де жұртшылықпен жүздесіп, атқарылатын шараларды сарапқа салды.
Құрметті Серік Әбікенұлы! Міне дәл осы кезде сіздің нұсқауыңызбен облыстан мұзжарғыш командасының бөлінуі қауіпі сейіліп, қатердің бетін қайтарды. Оған дейін көпшілік жұмыла отырып күре жол арқылы қарғын суды өзен арнасына бұрып үлгердік. Облстан келген мұзжарғыш команда өз міндетіне сергек қарады. Соның нәтижесінде өзен мұзы ойылып, көпірге кептелген мұз көшкіндерінің ағып кетуіне жол ашылды. Қысылтаяң сәтте қиыннан жол тауып, бізді тығырықтан шығарғаныңыз үшін Сізге тағзым етеміз.
Алла қашан да Сіздің жолыңызды оңғарып, апаттан, опаттан сақтасын дейміз. Еліңізге тірек бөлып ұзақ жасауыңызға тілектеспіз!

Көкжиде ауылы тұрғындары атынан:
Жанайдар алипов, ауылдық ақсақалдар
алқасының төрағасы.
Қазбек Боранқұлов, ауыл тұрғыны…

Ахметсапа Кадырбае (Сарқанд ауд, Койлык)

Алғысымыз шексіз

Өткен қыстағы үстемеленіп жауған қар, ылғалдың мөлшерден тыс мол болуы көктемгі еріген судың елді мекендерді алып кету қаупін туғызды. Осы қысталаң сәтте, Қызылағашта қайғылы оқиға орын алған кезде, қарбалас кезеңде Алматы облысы басшылығының, облысымыздың әкімі Үмбетов Серік әбікенұлының жүйелі нұсқауына сай аудандық штаб жоспарлы жұмыс жасап, қатерлі аймақтағы отбасыларды қауіпсіз жерге көшіріп, еліміздің басты құндылығы – адамдарды сақтап қалуға мүмкіндік тапты.
Құрметті Серік Әбікенұлы! Біз, Сарқан ауданындағы Қойлық ауылының тұрғындары, Сіздің қарауыңыздағы облыстық, аудандық деңгейдегі көшбасшы азаматтардың ел мүддесін басты назарда ұстағандығына ризашылығымыз шексіз. Биыл біздің ауылда 46 үй еріген қар суының зардабын көріп, бүлінді, оның 5-і мүлдем жарамсыз болып қалды. Табиғаттың сын-сынағына ұшырағандардың бәрі билік тарапынан қамқорлық сезініп келеді. Жағдайымызды көзбен көріп, біздің ашық аспан астында қалмауымызға қолдан келген бар мүмкіндікті жұмылдырған аудандық буын мамандарына, болуы мүмкін қауіптің алдын алуға бағыт-бағдар берген Сізге, құрметті Серік Әбікенұлы, шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қойлық ауылы тұрғындары атынан: Ахметсапа Қыдырбаев,
ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы,
Мықтыбай Иманалиев,

Айдана Әбдірахман (Панфилов ауд)

Сәлеметсіз бе? Құрметті Серік Әбікенұлы! Мен сізге сұрақ емес өтінішпен хат жазудамын. Биыл сіз тәмамдаған Қазақ Ұлттық Аграрлық университеіне 80 жыл толуда. Осыған орай өзіңіз оқып, ұшқан ұяңызға ізгі тілегіңізді сонымен қатар студенттік шағыңыздағы қызықты немесе әсерлі шақтарыңызбен бөлісіп, ойларыңызды Aidana_KZ@ list.ru элек. почтасына жіберуіңізді өтінемін. Өз пікіріңіз республикалық Айқын газетінде жарияланады.Біз университет жастары сіз сияқты мақтаныштарымызды үлгі тұтамыз. Мен ҚазҰАУ экономика және қаржы факультетінің 3- курс студентімін. Осы оқу ордасындағы "Жас қаламгер" ұйымының жетекшісімін.…

Айдана Әбдірахман (Панфилов ауд, Жаркент қаласы)

Сәлеметсіз бе? Менің өтінішіме көңіл қойып хабарласқаныңыз үшін өзім басқаратын "Жас қаламгер" ұйымы, және барша ҚазҰАУ студентері сізге үлкен алғыстарын білдіреді. Өзіңіз білім алып ұшқан ұяңыз Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне биыл сексен жыл толуда. Осыған орай өз құтықтауыңызды мына электронды почтаға жіберуіңізді өтінемін. aidana_kz@list.ru Бұл құттықтауыңыз республикалық Айқын газетінде және университет сайтында жарияланатын болады. Сізге Алланың нұры жаусын! Хатымды оқығаныңыз үшін көп рахмет!…

Сураубаев Санат (Талғар ауд, Талғар қаласы )

Құрметті Серік Әбікенұлы ! менің сізге қояр сұрағым жұмысшылардың құқығы жайлы болмақ. Менің жолдасым Талғар қаласындағы Ақтас поселогында орналасқан "РПБСТиН " ауруханасында жұмыс істейді.Жұмысқа 1 тәулікке кетеді. Ертесі ,бір күн ұйықтайды. Өйткені ол жердің басшыларының талабы бойынша жұмысшылар тәулік бойы ұйықтамау керек екен. Әр жұмысшы ең болмаса 1 сағат көз шырымын алмаса , олардың денсаулығына зиян келмей ме.Ол жердегі дәрігерлерде түні бойы ұйықтамай жүрмейді ғой . Өздері 1-2 сағат ұйықтап алып сосын қарапайым жұмысшыға шүйлігеді.Сонда құқық бұзып , ауру болып отырған адамдардың жағдайын ойлаймыз деп денсаулығы жақсы адамдарды ауруға ұшыратамыз деген ой болмай ма басшыларда . 1 тәулік бойы ұйықтамай жұмыс істеу деген адам құқығын аяққа таптау деп ойлаймын.Жұмысшылар робот емес қой.Жоқ бұл жоғарыдан бекітілген заң ба?. Мұның анығын қалай білуге болады ?.Осындай ауруханаларда жұмыс істеу тәртібін қайдан білуге болады?Сізге рахмет.…

Сегізбаев Әділжан Рамазанұ (Панфилов ауд, Жаркент қ.)

Алматы облысы, Панфилов ауданы «Арқас- ынтымақ» қоғамдық қорының құрылтайшылары мен аудан тұрғындарынан

Құреметті Серік Әбікенұлы, Сіздің атыңызға арыз жазуымызға ата-бабаларымыздың тарихи мұрасы болып табылатын құнды кітапты баспадан шығару үшін халықтан жиналған ақша жайлы туындаған келеңсіз мәселе себеп болды.
Нақтырақ айтсақ қазақтың төл тарихының бір тармағы саналатын республика деңгейінде баспадан «Бәйдібек баба-алып бәйтерек» атты сериямен шығатын 15 томдық шежіре-энциклопедияның 5-томын «Суан шежіресі» деген айдармен баспаға әзірлеу Панфилов ауданына міндеттелген еді.
Осыған орай бұрынғы баспадан шыққан шежірені толықтырып өткізу осы өңірдегі суанның жеке руының өздеріне жүктеліп, баспадан шығару қаражаты аудан мекемелері мен тұрғындардан жиналатын болды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қаржы да жиналды. Жиналған қаржыға жауаптылар әділет бөлімінен тіркеуден өткен заңды тұлға «Арқас-ынтымақ» қоғамдық қоры басшысы Баясылов Мұхамедәлі, есепшісі Жарлығапов Молдамырза. Бүгінгі таңда шежірені толықтыру жұмысы аяқталып баспаға өткізер сәтте Баясылов пен Жарлығапов мырзалар: «Баспаға төлейтін ақша қалмады. Жиналған ақша түгелімен интернетке, ұялы телефонға, шаруашылық, канцеляриялық тауарларға, автобөлшекке т.б, т.с.с жұмыстарға кетті, қалғаны 423 мың тенге.»,- деп қағаздағы тізімін көрсетеді. Банктегі есеп-шотты тексеріп көрсек, 3 млн. тенгеден артық нақ ақша жиналып түскендігі анықталды. Бұлардан тыс жекелеген тұрғындардың өз еркімен берг…

Умбетбаев Серік Шабденұлы16 (Талғар ауд, Талғар қаласы )

Құрметті Серік Әбікенұлы ! менің сізге хат жолдаудағы себебім біз сияқты жастарға үкімет тарапынантұрғылықты жерден жер (мемлекеттің бағасымен) бөліне ме?Өзім " КУИС" жұмыс істеймін . Үйдің үлкені болғандықтан барлық ауыртпашылық өзіме түсіп тұр.Ұйғыр ауданында әке-шешем , інім тұрады. Әкем жұмысқа жарамсыз,анам,інім жұмыссыз. Мен болсам айына 15000 тенге төлеп пәтерде тұрамын .Әке- шешеме көмектесемін. Сонда айына алатын 32000 тенгем жетпей де қалады. Талғар қаласына жер алуға кезекке осыдан екі жыл бұрын тұрғанмын. Ол кезек орнынан қозғалмай тұр. Осындай жағдайлардан кейін сізге хат жолдауды жөн көрдім. қандай көмек бере аласыз.…

Айдын Кәлімханұлы (Талдықорған қ., Мойнақ ауылы, Жаңақұрылыс көшесі 5/1 үй. )

Жыр сәлем
Серік Үмбетов мырзаға!

Халықпыз ел бастаған ері дана,
Беретін еңбегіне елі баға.
Тағы бір жыр толғайын тыңдасаңыз,
Ассалаумағалайкүм, Серік аға!

Ұйтқыған оңды-солды қара дауыл,
Тарихта көшпенді елдің азабы – ауыр.
Дәл қазір шұрайлы өлке шұрқырайды,
Табысып тай-құлындай аға бауыр.

Шет жайлап есейсем де ұлы елімнен,
Ата-жұрт шыққан емес жүрегімнен.
Есіктен орын тисе төр тілемес,
Жансебіл ақыныңның біреуі мен.

Жарысып сағым дүние өпкен желмен,
Не қайыр құлқыны зор өктемдерден.
Бұл елге михнатпен жеттім аға,
Жол бойы сан тоналып өткелдерден.

Малтығам ой түбіне озып терең,
Қысқа жіп күрмелмейді созып көрем.
Өмір ғой өтсін бастан жақсы-жаман,
Бәріне өз әлімше төзіп келем.

Қарайтын дұшпан күліп дос қамыға,
Өкінем өтсе күндер босқа мына.
Өтініп қабылдауды қайта-қайта,
Жыл болды сізден жауап тосқаныма.

Жеткенмен алтын ұя тұғырға аяқ,
Қайтейін тер төкпеген ғұмырды аяп.
Еншісі тірлігімнің Серік аға,
Келеді өз елімнен бұйырмай-ақ.

Айдын КӘЛІМХАНҰЛЫ.
ҚХР, СУАР Жазушылар одағының
мүшесі.…

Ербол К?рім ?лы А?шола?ов (Алакөл ауд, ?арлы?аш ауылы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен тағыда өзіңізге хат жазып отырмын менің сізге деген үш өтінішім бар,
1) Мен 2008 жылы Толдықоған қаласына жер алу мәселесі бойынша өтініш берген едім алайда мекемедегілер қолыма талон ұстатып "жер берілмейді 5 жылдан кейін келіңіз" деп шығарып тастады Бұл қазақтың кең даласы қай әкесінен қалған жер, бәрімізге ортақ емес пе бұл қай сасқандары.біреуі тойып секірсе біреуі тоңып секіреді.менің осы мәселемді шешіп беріңізші бұрынды пәтер мәселесін айтқанеді ол да орынсыз олды.ежелден қазақ атамыз жетімін жылатпай жесірін қаңғыртпаған ел едік амал барма тұңғйыққа батырып жатыр ғой шынды жалғандеп жалғынды шындеп.
2) Өзіңізге аяан "Алатау" газеті арқылы өзіңізге елу адам қолқойған хат шыққан болатын кейін таман С.Меңлібаева ханым жауап жазыпты сонда 2010 жылы Әнуар Әлімжановтың 80 жылдығы деген болатынбыз олар 42 милион ақша бөлінді деген болатын әлі күнге бір қыбыр еткен істері көрінбейді соған қарағанда жолған-ау деп ойлаймын осы мәселіне қайта қарауыңызды сұраймын.
3) Менің Атам Мұхамет Кәрім Ақшолақов өз заманының сеңгірі болған ол,кісіні толық зерттеп зерделеген жазушы ғалым Т.Бейісқұловтың шығармаларында толық жазылған айтылған енді осы кісінің аты сол Қарлығаш ауылына берілсе немесе Қабанбай ауылының орталық көшесіне есімі берліп тақтасы орнатылса. Аса зор құрметпен
ЕРБОЛ КӘРІМҰЛЫ АҚШОЛАҚОВ.…

Улгілі аулынан (Ақсу ауд)

Ас саламу алейкум К?рметті Серік Абікен?лы! Сізге мы?да бір ал?ыс ауыл т?р?ындарынан! Бізді? хатымызды о?ып жауап бергені?ізге, енді бізді? сурайын дегеніміз суды ?ашан береді? ?ыс?а дейін су бере ма? Алдын?ы жетіде суды? жоктыгынан бірінші малдын кырылу басталды! Суды кашан береді деп сурак койган себебіміз, ?азір жаз?ы каникул кезі балалар ?йде солардын аркасын да білін бейді! олар кеткеннен кейін не болады! ыл?ый ?лкен кісілер ауылда калады!Енді бір ?міт артар кісіміз сіз! Сізге алдын ала мы?да бір рахмет! Улігілі ауыл т?р?ындары!…

С?бит Салтанат (Талдықорған қ.)

Құрметті ҚР Президенті Н.Назарбаев, әкімет басшылары, Алматы облысының әкімі С.Үмбетов, Талды?ор?ан қаласының әкімі С.Жылқайдаров!
Сіздерге «Мектепке жол» шарасы ?кімет тарапына ?леуметтік т?рмысы нашар отбасылар?а к?рсетіп жат?ан ?ам?орлы?тары ?шін балалы? ал?ысымды білдіремін. Осы шарада ма?ан ж?не мені? бауырларыма к?рсетілген к?мекті? тигізген пайдасы ?те зор болды. Мен ж?не мені? бауырларым еш ?иынды?сыз, 1-?ырк?йек к?ні мектеп табалдыры?ын ?уана аттады?. Сіздерге ?зімні? ж?не мен сия?ты о?ушыларды? атынан шексіз рахмет айтамын.
Ізгі тілекпен 9 «А» сынып о?ушысы С?бит Салтанат.…

Ыдырысова рысхан (Көксу ауд)

Алматы облысының әкімі
Серік Үмбетов Әбікенұлы мырзаға
Көксу ауданы,
Жамбыл ауылының тұрғыны
Рысхан Ыдырысовадан
31107
87026256831


Өтініш

Сізге өтініш жазу себебім, біз жолдасым екеуіміз (Ыдырысов Ешмұхамбет Ыдырысұлы 01.01.1928ж - 04.09.2000ж. «Озық шопан» атағын 4 мәрте алған шабан) 40-жылдан астам уақыт бойы колхоздың малын бағып, жастығымыз да, денсаулығымыз да мал шаруашылығына арнадық. Жолдасым қайтыс болғалы бұл істің тізгінін ұлдарым алды. Менің жасым 75-ке келді. Бір өкініштісі – көзімізді ашқалы өзіміздің ата-кәсібіміз деп шырылдап, аталған істен қол үзбей еңбектеніп жүрсек те, әлі өзімізге тиесілі жеріміз жоқ, яғни біз мал шаруашылығымен жерді жалға алып немесе жалданып жұмыс істеп келе жатырмыз. Бізге (немерелеріме: Ешмұхамбет Альмира Бейсембекқызы 28.09.2000ж., Ешмұхамбет Альфия Бейсембекқызы 28.03.2002ж., Ешмұхамбет Рамазан Бейсембекұлы 04.02.2004ж. Ыдырыс Тілек Қасымханұлы 07.02 1999ж., Ыдырыс Алина Тоқтасынқызы 16.09.1999ж. ) осы уақытқа дейін жәрдем ақы да төленбейді. Менің пенсиям небәрі 16020 теңгені құрайды! Малдың басы азайып бара жатқаны мені қатты қынжылтады! Осынау дағдарыс кезінде қиналып қалғаннан кейін өзіңізге хат жолдауды жөн көрдім.
Біраз уақыт бұрын біреудің табалдырығында жүргенше малдан шығайық деп ұйғарып едік, алайда ширек ғасыр еңбек еткеннен кейін сүйікті кәсібің өзіңе ыстық болады екен, оның үстіне «ауыл шаруашылығын дамыту керек» деген Елбасының сөзі…

Анарханқызы Айгүл, Чехов кө (Текелі қ.)

– Мен Қытайдан көшіп келген қандастардың бірімін. Қытайда үлкенді-кішілі жер сілкіністері болып тұрғанмен, мұндай дер кезінде көрсетілетін көмекті көрмеппіз. Алғашында аңырып, не істерімізді білмей қалғанымыз рас. Бірақ, жергілікті әкімдік те, облыс басшылығы да назардан тыс қалдырмай, жағдайымызды сұрап-біліп, жөндеуге керекті материалдарды жеткізіп берді. Жолдасым өз күшімен бәрін жөндеді. Қолдағы бар қаржыны үнемдеп ұстайтын қазіргі уақытта қолдауларын аямай, көмек көрсеткен азаматтардың бәріне мың алғыс. Анам айтпақшы, астарыңнан тақ, бастарыңнан бақ кетпесін.…

Әділбайұлы Барыс, қарттар ү (Текелі қ.)

– Бүгінгі қаржылық дағдарысқа қарамастан, айтып келмейтін зілзала зардаптарын жою үшін қомақты қаржы бөлген Серік Әбікенұлы Үмбетовке қарттар үйінің барлық тұрғыны атынан алғыс білдермін. Сіз ылғи алдымен біздің ғимараттың хал-ахуалын біліп жүресіз. Сізге де, қала әкімі С.Бескемпіровке де, жөндеу жүргізген құрылысшыларға да рахметіміз шексіз. Қарт адамдарға да, арбамен жүретін мүгедектерге де ыңғайлы жаңа жол сайрап жатыр. Бөлмелерде бірде-бір сызат қалмады, бәрі сыланды, сырланды, жаңаланды. Бұдан артық бізге не керек? Көп адамдар қолы жетпей жүрген дүниелер бізде бар. Шүкір. Қариясын ұмытпайтын арлы азаматтарымыз аман болсын.…

Бидахметұлы Нұрхан, оралма (Текелі қ.)

– Қытайда жер дүмпуінің талайын көрдік қой. Бірақ, осындағыдай үйіміздің қабырғалары жарылып, толық жөндеу керек ететін жағдайды бірінші рет бастан кешіріп отырмыз. Алғашқы күннен бастап қарап отырған жоқпыз. Қолда барды жинап, жөндеуге қажет материалдарды сатып алдық. Қалалық әкімдік тарапынан да құм, топырақ, цемент жеткізілді. Талдықорғандағы құрылыс бригадасында істейтін жігіттерді жалдап, өзіміз де араласып, біраз дүниені еңсеріп тастадық. Өзіміз тұратын баспанаға атүсті қарамай, дұрыс жөндеу жүргізу керек қой. Қолда қуат, жүректе иман барда бұл қиыншылық та артта қалар.…

Усков Борис Николаевич (Текелі қ., Чехов көшесі, 31 үй)

– Әкімдіктің адамдары алып келіп берген құрылыс материалдары үйімді жөндеуге үлкен көмек болды. Рахмет. Үйімді өз күшіммен жөндеп алдым. Оны бермесе, не істер едік. Үй өзіміздікі болған соң, ілдебайлап бірдеңе істейміз ғой. Бірақ, зілзаладан зиян шеккендердің ешқайсысын сырт қалдырмаған басшылыққа тұрғындар ырзалық танытуға тиіс.…

Елена Григорьевна, 73 жаста (Текелі қ., Бөлтірік шешен көшесі, 10 үй)

– Көкірегім сайрап тұрғанмен, білек сыбанып, қабырғаны сылауға жағдайым келмейді. Табиғи апаттың зардабына ешкім кінәлі емес қой. Жер сілкінісі бола қалады деп кім ойлаған. Үйіміздің қабырғаларының сылағы түсіп, жақсылап жөндеу жүргізуге тура келді. Қалалық әкімдіктен жөндеу жұмыстарына машықтанған жігіттер жіберіліп, жұмысты еңсеріп қалды. Құм, балшық, темір торлар, цемент жеткізіп берді. Біздей адамдарға қол ұшын беріп, баспанамызды қалыпқа келтіруге жан-жақты жағдай жасап жатқан ел тұтқасында жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Құрылысшы жігіттер де істеріне адал, жауапты. Әрине, зілзаладан үйлері зиян шеккен басқаларға да тиісінше көмек беріліп жатыр ғой. «Көрші хақы – тәңір хақы» демей ме, көршілеріміздің де тез арада үйлерін жөндеп, бұрынғы қалыптарына келулеріне тілекшіміз. Қала мен облыс басшылығы көмек көрсетіп, моральдық та, материалдық та қолдау болып тұрғанда бұл уақытша қиындықтың тез-ақ ұмытылары сөзсіз. Өмірде талай қиыншылық болады. Адамдар қиындыққа мойымай, қарсы тұрып, бірлікпен күресе білсе, жеңбейтін жау, шықпайтын биік болмайды.…

Черногрудова Александра (Текелі қ., Есенберлин көшесі, 1 үй)

– Кішкентай баспанамды құрқылтайдың ұясындай қылып жөндеп бергендердің барлығына басымды иіп, шексіз алғысымды білдіремін. Облыс әкімі С.Әбікенұлы қымбат уақытын бөліп, халықтың жағдайын көріп, қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Текелі қаласының әкімі С.Бескемпіров бастаған азаматтар мен сияқты шүйкедей кемпірді назардан тыс қалдырмай, қираған дүниенің барлығын қалпына келтірді. Ризалығымды айтып жеткізе алмаймын.…

Гүлдана Нүсіпова (Текелі қ.)

– Жер сілкінісінен үйіміздің іші де, сырты да зиян шегіп, алғашында үйді ретке келтіру азаптың азабы болар деп ойладық. Сылақтары опырылып, ұсқыны қашқан үйіміздің кейпін облыс, қала әкімдері, комиссиялар келіп қарады. Үйде қарт анамыз және төрт баламыз бар. Облысымыздың басшысы Серік Әбікенұлы жағдайымызды сұрап, 89 жастағы Шағи анамызбен тілдесіп, үйді күрделі жөндеуден өткізуге көмек міндетті түрде болатынын айтып қуантып тастап еді. Міне, бүгін тап-таза, сапалы жөнделген, саңғырлаған үйімізге кіріп, облыс, қала әкімдігіне, үйімізді бастан-аяқ жөндеген Текелідегі «Болашақ-БСЕ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шексіз ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Ішкі бөлмелерді де, сыртқы қабырғаларды да сапалы етіп сылаған мың болғыр жігіттер істеріне адал екен. Айтпақшы, үйді жылытатын пешіміз құлап, оның уайымы да қатар жүр еді. Қала әкімі Серікжан Бескемпіров пешті жөндеуге қосымша көмек қолын созып, оны да біржола қалпына келтірді. Үйдегі балалар, әсіресе, мүгедектікке шалдыққан қызым мәз-мейрам. Анамызды жөндеу біткенше туысқандардың үйіне жіберіп едік, қазір үлкен кісі қол ұшын созғандарға берер батасын аузынан тастамайды. Біздейлерге көмек көрсеткен қайырымды азаматтардың барлығына алғыс айтамыз, істеген жақсылықтары Алладан қайтсын.…

Улгілі ауылы (Ақсу ауд, Улгілі ауылы)

Құрметті Серік Абикенұлы сізге хат жазып отыр себебім, Ақсу ауданы Улгілі ауылында су жок, казыр жаз кезі ыстык, малга су жоқ, қолмен калонкадан су тасып суғарып отырмыз. Аудан әкіміне айта шаршадық, сіз осы мәселені қолынызға алып шешіп берінішші, малымыз қырылатын болды! Бізде светте жок, светтін жогына 15 жыл болды! Свет мәселесін шешуді сұрамаймыз, су жіберсінші! Сізден өтінеміз !
Аса құрметпен Ауыл тұрғындары!…

Розиев Ильям Велямович (Панфилов ауд, г.Жаркент ул. Талгарова 45)

Алматы облысы әкімі
С.А.Умбетов мырзаға
Шонжы Гуманитарлы
- технологиялық колледжінің
ата – аналарынан
8 701 729 41 51

Құрметті Серик Абикенұлы

4 рет қайталап жіберіп отырмыз.
Бізді, Шонжы Гуманитарлы - технологиялық колледждің ата – аналарын қабылдауыңызды өтіне сураймыз.
1.Розиев И.В
2.Абдикаров А
3.Избакиева А
4.Белалов М
5.Турдибакиева А
6.Сабырбеков Г
7.Мурдинова М
8.Хибибуллаев Т
9.Асамбаева А
10.Радиков Р
11.Хамаев М
12.Ерболатов Г…

Розиев Илям Вилямович (Ұйғыр ауд, село Чунджа)

Алматы облысы әкімі
С.А.Умбетов мырзаға
Шонжы Гуманитарлы
- технологиялық
колледжінің
ата – аналарынан
8 701 729 41 51

Құрметті Серик Абикенұлы
Бізді, Шонжы Гуманитарлы - технологиялық колледждің
ата – аналарын қабылдауыңызды өтіне сураймыз.

1.Розиев И.В
2.Абдикаров А
3.Избакиева А
4.Белалов М
5.Турдибакиева А
6.Сабырбеков Г
7.Мурдинова М
8.Хибибуллаев Т
9.Асамбаева А
10.Радиков Р
11.Хамаев М
12.Ерболатов Г…
Created by Alex Unknown