Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар » Білім және ғылым

Мектеп директорлары (Қарасай ауд) Бүгін қосылды

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Біз, Қарасай ауданының мектеп директорлары, Сізге арнайы ойымызды жеткізу үшін ашық хат жолдап отырмыз. Сіздің блогыңызға 2013 жылы 24 сәуір күні түскен соңғы хатта білім бөлімі бастығының үстінен тағы да қисынсыз жалған жала жазылған. Ешқайсысы да шындыққа жанаспайды. Осындай үлгіде бірнеше хаттар жазылды. Хаттарды қайта-қайта қарап, талдаудың өзі мектеп басшыларының арасында кері психологиялық ахуал тудырады. Хаттарда жазылған фактілерді анықтау мақсатында өткен жиналыстарда жазылған айғақтардың жалған екендігін айтып, облыстық білім басқармасының бас маманы, аудан әкімі аппаратының жетекшісі келіп өткізген жиналыстарда түсініктемелерді жеке-жеке өз қолымызбен жазып та бердік. Әрине, әр хатты қарау үшін өткен жиналыстар біраз уақытымызды алады әрі оқу процесінің жүруіне де кері ықпалын тигізеді. Біз, мектеп директорлары, Айжан Нұрділдақызының білім саласын басқаруын барынша қолдаймыз. Білім бөлімінің басшысы қызметіне келгеніне 1 жыл болды. Жас болса да, басшы болған соң, жұмысқа қатысты орынды талап қояды. Ешуақытта орынсыз мазамызды алған емес. Жылдық жоспарымызға сай өз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Ешкімнің тарапынан ешқандай қысым көріп жатқан жоқпыз. Ал білім бөлімі өз жұмысын жүйелі әрі әділетті түрде атқарып жатыр. Сондықтан білім саласына және Айжан Нұрділдақызының атына негізсіз жазылған анонимдік үлгідегі хаттар қаралмаса екен деген сұранысымызды білдіргіміз келеді.
Алмалыбақ ауылындағы ОМГ директоры – Махамбетова С.О…

Эльмира (Қарасай ауд, каскелен) Соғы 3 қүнде қосылған

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!


Біздің Қарасай ауданының білім бөлімінің бастығы А.Назарбаеваға жазған шағымымыздағы берген жауапқа қанағаттанбаймыз.
Хаттамадағы көрсетілген жарыссөзге шыққандардың сөздерінің жартысы дерлік өтірік. Жиналыста А.Назарбаева сөзін сөйлеуші таппай қалғанын неге жазбаған???
Осы менің Назарбаева фамилиямды жазбандаршы деп жалынды.
Жиналысты 2 сағат бұрын өзі ашып, өсек айтумен айналысты, 2 сағат бойы өзін мақтаумен болды.
Ондағы ойы аппарат басшысы келгенше сөзін сөйлеушілерді дайындап қою. Аппарат басшысы келгенде сөйлейтін адам таппай, өздері директорларды кезек-кезек тұрғызды.
Ақша жинау мәселесі неге жиналыста талқыланбады.
Бірде –бір директор, завучтар отырған 200-ден астам адамның біреуі орнынан тұрып ақша жиналмады деп дөп басып айта алмады.
Хаттамада айтылмаған сөздер жазылған. Мысалға Сағат Ұлтарақович мына сөзді айтқан жоқ «Білім бөлімінің бастығы А.Назарбаеваны басшы ретінде жақсы білеміз, жас болса да барынша тырысып бағуда. 18 жыл ұстаздық еткен өз ісінің білікті маманы. Барлығымызбен сыпайы, мәдениетті сөйлеседі. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкер деп бағалаймын. Жұмысын өз деңгейінде атқарып отыр».
Раушан Естілеуовна мүлдем сөйлеген жоқ.
Сын айтып сөйлегендердің сөзі жазылмаған.
Бастығымыз жарты айдан бері өзіде, орынбасарыда жұмыста жоқ. Білім бөлімі білгендерін істеп жатыр. Бұл не деген сұмдық?
А.…

Уристемова Айгерим (Сарқанд ауд, Сарқан қаласы) Соғы 3 қүнде қосылған

Салеметсіз бе құрметті Аңсар Мұсаханұлы!Мен 2009 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітіріп Елбасымыздың "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылындағы Бақанас орта мектебіне Информатика пәнінің мұғалімі болып барған едім. Сол мектепте 3 жыл қызмет еттім. 2012 жылы тұрмысқа шығуыма байланысты Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясына жұмысқа ауыстым. 2009 жылы жоба бойынша Балқаш ауданына барған кезде бір жолдық қайтарымсыз көтерме ақы деп 89000 көлемінде ақша берген болатын. Қазіргі кезде Балқаш ауданының экономика бөлімі менен сол ақшаны қайтаруымды талап етіп жатыр. Егер мен ол ақшаны мамыр айына дейін қайтармасам мені сотқа беретіндіктерін айтады. Менің сұрайын дегенім ол кісілердің сұрап отырған ақшасы заңды ма? Мен сол ақшаны қайтаруға міндеттімін бе?Бұл бір облыстың бюджетінен бөлінген ақша емес па? Мен әлі күнге білім саласында жұмыс жасаймын және бір облыстың ішіндемін ғой. Егер заңды болған жағдайда мен қайтарудан бас тартпаймын бірақ менің жалақыма байланысты осы ақшаны бөліп қайтаруыма болады ма? Сізден өтінерім осы сұрақтың заңды шешімін беруіңізді сұраймын.…

Қасымжанова Мадин (Қарасай ауд, ст. Шамалған)

Сәлеметсізбе құрметті Аңсар мырза! Менің сізге хат жазып отырған себебім біздің ст.Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебіміздегі жұмыс істейтін педагог мұғалімдерінің оқушыларға білім беру мақсаттары өте төмен. Мысалы мен қызымды бір сыныптан,білімі жоғарырақ, үй жұмысын, сынып жұмысын орындауын,ата-ана қадағалап отыратынын, талап ететін мұғалімге, басқа сыныпқа ауыстыруыма тура келді. Ондай мұғалімдер біздің мектепте санаулы. Себебі мұғалім керекті білім бере алмағандықтан және күнделікке басқа баға кояды, ал журналға басқа баға қояды. Мен бұған қарсымын. Оқушы қандай бағаға жауап берсе сол бағаны қою керек деп ойлаймын.Егер сенің ата-анаңнын біреуі мұғалім болса, онда сенің балаң беспен оқиды, сол мұғалімдердің балалары үшін көп балалар шындық баға алмайды. Себебі сыныпта көп озат оқитын оқушылар көп болмауы керек. Мысалы ағылшын тілінен қыркүйек айынан бастап мамыр біткенше бір дәптерде екі парағы ғана толған 2012жылы. Екі жыл оқушылар әріптерді өтті, біз ата-аналар жиналысынд сынып жетекшісінен мұғалімді ауыстұруын сұрадық, мен мұғалімнен талап етемін дұрыс білім беруін деді,бірақ ауыстырмады. Себебі басшының алдында дәрежесі түсіп,ұят болады деді. Оғанда көндік, бірақ біз балаларымызды мектепке білім алуға жібереміз, бірақ біздің балалар жақсы білім алмайды. Қазіргі программа өте ауыр, бастауыш сыныптан бастап жақсы білім алмаса, ары қарай алып кете алмайды. Тағы улкен проблемамыз екі мектеп болсада, үш смен оқимыз. Сынып жетіспейді. Біздің шан…

Гульнур Махаббатқызы (Талдықорған қ.)

Сәлеметсіз бе, Ансар Тұрсынханұлы! Мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің 4-курс студентімін. Дипломдық жұмысымның тақырыбын өзімнің өлкемді алуға шештім, бірақ қанша ізденістерден кейін Талдықорған қаласы жайында толықтай мағлұматтар таба алмадым. Талдықорған қаласы жайында біраз интернетте ғана жазылған, өкінішке орай бірде бір осы қалаға арналған кітаптар жоқ екен. Қалалық кітапханаларға да, әкімшілікке де бардым еш мәні болмады. Тіптен "Казгидрометтен" көмек сұрап едім, біз мәлеметтерді сатамыз деп, Талдықорған қаласының климаты туралы 1 жылдың мәлеметін 189 680 тенгеге алуына болады деп жауап қатты. Арине осындай әсем қала жайында кітаптар, статьялар шықпайтыны өкінішті...Бұндай кемшіліктер түзетіледі деп үміттенемін.
Сізден сұрайтыным, толықтай мағлұматтарды қай жерден қалай алуыма болатынына кеңес берсеңіз.…

Айдана Касенова (Жамбыл ауд, Каргалы ауылы)

Ата-аналардың өтініш жазған себебі Әсет Бейсеуов атындагы мектебінде ағылшын пәнінің мұғалімі Маханбетова М.Б сабақтарын жиі өткізбейді. Өткізгн кезде ешкандай көрнекі сабағында қолданбайды. Балаларымыз ағылшын сабагына барғылары келмейді, ешқандай қызыгушылығы жок.
Ал бағаларды оқушыларга төмендетіп қояды, жыл басында 3 алып қалса, оқу жылы біткенше "мандайларына қыстырып койғандай" бір бағамен шығады.
Осы өтінішті қараусыз қалдырмауыңызды сураймыз.…

Ата- аналар (Іле ауд, Өтеген батыр кенті)

Құрметті Аңсар Мұсаханов, сізге талай қаракөз қазақтың жанын ауыртып жүрген сұрақты қояйын. Мүмкіндігінше әділетті шешсеңіз бұл мәселені сізге ырзашылығымызды білдіретін едік. Өтеген батыр кентінде бір ғана №13 М.Мақатаев атындағы мектеп бар. Қалған екі № 7 және №38 орыс мектептері қаңырап бос тұр. Қазақ мектебінде 2000 - нан астам қазақ баласы оқиды. Бір партада үш баладан отырады.Қазіргі қазағымыздың мәртебесі осындай болғаны ма? Қалған екі орыс мектептерінде 350- 400 баладан аспайды. Бұны қалай түсінсе болады? Болмаса қазақ балалары басқа ұлт балаларынан құқықтары кем бе? Екі орыс мектебі қатар орналасқан. Ішінде оқитын бала да жоқ. Қазақ мектебінде лық толы бала. Бір партада уш баладан отырып олар қандай білім алуы мүмкін? Әр параллель сыныптарды атасам алфавит әрібі жетпес. Мәселен 1 "ж " сыныбы бар қазір одан да асып кетті. Әр сыныпта 30-35 баладан отыр. Бұны қалай түсінсе болады? Сенбесеңіз өз көзіңізді жеткізіп, тексерумен барып қайтыңыз. Сосынғы мәселе Қазақстан мемлекетінің түкпір - түкпірінде бастауыш сыныптарына мемлекет тарапынан тегін бір мезгіл ас беріледі. Неге бұл жалғыз қазақ мектебінде ол атымен жоқ. Болмаса Мемлекет қаржысы осы №13 мектепке келкенде бітіп қалды ма? Бұл осы кенттегі кәмелет жасқа толмаған балаларымыздың құқығы бұзылуда деген сөз. Біз бұл сұрақты министрлікке де, мәжіліске де жазамыз. Дереу осы сұрақтарды қарастырып, дұрыс шешімдер қабылдап, бір орыс мектебінің ғимаратын қазақ мектебіне қосып берсеңіз алғысымыз сізге шексіз. Алдын …

Қосөзен аулының мұ (Іле ауд, Қосөзен ауылы)

Сәлеметсіз бе, құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сізді Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, еңбегіңізге мол табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз. Халық алдындағы қызметіңіз елене берсін.
Сізге хат жазып отырған Іле ауданы Қосөзен аулының №14 орта мектебінің бір топ мұғалімдері мен ата-аналары. Негізгі мақсатымыз Сіздің әділ төрелігіңізді есту. Мектебімізде осы уақытқа дейін Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері, құрметті ұстаз Баймұқанов Жақып Баймұқанұлы басшылық қызмет атқарған еді. Ол кісінің 21 жыл бойына мектеп директоры болуы ауылымыздың ғана емес, аудан, облысқа мақтаныш болды. Себебі Жақып Баймұқанұлы өз ісіне адал, білімді, білікті, әділ басшы бола білді. Мектебіміз сол кісінің тынымсыз еңбегінің арқасында аудандық рейтингте жоғарғы орыннан түскен емес. Мұны педагог кадрлерді дұрыс таңдау мен білім сапасын ұлғайтуға деген және өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі деп түсінеміз. Ұжымда ғана емес, аудандағы мектеп директорларының ішіндегі шоқтығы биік азамат еді. Өкінішке орай ол кісі бүгінде арамызда жоқ. Адал әрі тынымсыз еңбек етем деп денсаулығына көңіл бөле алмаған ұстазымыз 2013 жылдың 6-наурызында қайтыс болды. 16-наурызда құрметті еңбек демалысына ресми түрде шығарып саламыз деген жоспарымыз орындалмай қалды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дегенді айтамыз.
Өзі тәрбиелеген шәкірттерінің арасында ізбасарлары жоқ емес. Ол кісінің қол астында қызмет еткен әрбір әріптесіміз оны ұлы ұстазына санайды. Айтайын дегеніміз, мектеп басшылығына лайықты к…

ата-аналар (Жамбыл ауд, Қарғалы ауылының ата-аналары)

Құрметті Аңсар Мусаханов мырза Біз Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы аулының бір топ аналардың атынан өтініш білдіреміз күн жылынды енді сенбілік басталды.Әр себі күні балаларымыз сабақтан соң үйге келіп көше тазалауға кетеді.Көшеде өлген ит,мысықтардың өлексесін ,әркімнің тастаған қоқыстарын жинайды.Енді сұрақ бұлай істеуге мектеп ұжымы мен Қарғалы ауылының әкімшілігінің құқығы бар ма?Мұндай жұмысты жұмыссыздықпен биржаға тіркелгендер істемеуші ме еді? Балалар жол бойында трассада жүргенде жазатайым бір жаманшылыққа кезіксе кім жауап береді? Мектеп мұғалімдерін де кінәлауға болмайды,себебі елдің бәрі 21-22-23 наурызда демалса мектеп мұғалімдері ауыл ішіндегі ағаштарды,трасса бойындағы ағаштарды ақтап жүр сонда мектеп мұғалімдері мен оқушылар үкіметтің жетім балалары ма? Олардың құқығын кім қорғайды? Сіз біздің өтінішімізді жерге тастамайды деген ойдамыз.…

Акбаева Жаннат (Жамбыл ауд, Жамбыл)

"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша ауылда жұмыс жасап жатырмын. Қояр сұрағым үй алған жағдайда келісім шарт 15 жылға дейді, егер 5 жылымды сол ауылда жасап ,калған 10 жылда жұмысымды басқа жерде жалғастыруыма болама?…

Кыркымбаева Қарлығаш (Іле ауд, Ащыбұлақ)

Семья жағдайына байланысты оқушы 2аптаға уақытша басқа мектептен оқуына болады ма?Ол үшін құжаттарын мектептен алуы қажет пе?…

Парменов Амантай (Іле ауд, Ынтымак ауылы)

Салеметсизбе Мусаханов Ансар мырза! Биздин ауылымызда мектебимиз тар жане ондагы спорт залы кишкентай. Балалар уш ауысымда окиды. Мадениет уйи жане бала–бакша мулдем жок.…

Жұртқа жаны ашыған жанашыр (Ұйғыр ауд, Сүмбе)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы! Мен 10 қаңтарда жарияланған Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе орта мектебінің директоры Гүлнар Дүйсембаева туралы мақаланы оқып, шындық ашыла ма деген бір үміт оянды. Бірақ аз уақыттан соң мақала астына жазылған қорытындыны көріп қарным ашты. Сонда біз шындықты да дәлелдей алмағанымыз ба?! Ащы шындықтың бетін ашып, қателікті түзетуге де дәрменіміз жетпегені ме?! Сонда біз кімбіз?! Директордың "аға-көкелерінен" қорқып немесе дитектордың ауызбастырығына алданғанымыз ба?!
Менің басты мақсатым - Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесіндегі болып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алып, енді мұндай оқиғалардың болдырмауын қарастыру. Сол мақсатта төмендеші мәліметтерді көпшілікке ұсынып отырмын. Әркімнің өз сана-сезімі бар, әркім өз қорытындысын жасайды деген сенімдемін.
Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесіндегі ішкі сыртқы жағдай 2011 жылдың желтоқсан айында қызметке тағайындалған Дүйсембаева Гулнар келгелі бері күрт өзгерді. Ең басты айта кететін жағдай, директордың өз басы. «Басшысына қарап елін таны» демекші, Гүлнар Дүйсембаеваның өз тәртібі. Оның осы мектепке ауысып келгенге дейінгі тәртіп мәселесі (өзінің отбасы, бала шағасының барлығына қарамастан А.Сағабаевтың отбасын бұзған) бәріне мәлім . Осындай тәртібі қанағаттанарлықсыз адам қалай мектепті басқарып, қалай ұжымына үлгі көрсетіп, қалай жас жеткіншектерге тәрбие беріп отыр?
Сыбайлас жемқорлы…

Саудабекова Айдана Сабитқы (Талдықорған қ.)

ҚҰРМЕТТІ АҢСАР ТҰРСЫНХАНҰЛЫ!
Мен , Саудабекова Айдана Сабитқызы. 1993 жылғымын. Қазіргі уақытта Ілияс Жансүгіров Атындағы университеттің "Мемлекеттік жане Жергілікті басқару мамандығында 2 курс оқып жатырмын.Жанұяда 3- міз. Әкем 2007 жылы қайтыс болған. Екі егіз сіңлілерім бар. Біреуі туылғаннан бері "Астма" ауруы бойынша дәрігерлік қарауда тұр. Жалғыз анам бізді оқытып жатыр.
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сіздің қолдауыңызбен талай жетім, жағдайсыз жастардың тегін білім алып жатқанын теледидардан естіп те көріп те жүрміз. Азаматтығыңыз үшін басымды иемін. Мені де өзініздің қамқорлығыңызға алуыңызды өтініп сұраймын. Сіздің грантыңыз иегері атануға лайықтымын деп ойлаймын. Оқуымды аяқтауға мүмкіндік берсеңіз, болашақта Елбасының , ел ағасы – Сіздің үмітіңізді ақтар азамат болып шығатыныма сенімдімін. Еңбегіңіз –жемісті, абыройыңыз әрдайым асқақ болсын! Үмітімді үзілте көрмеңіз!…

Тоқмолдаев Аманжол (Райымбек ауд, Алматы қаласы)

Ассаламағалейкум менің туған жерім Райымбек ауданы Жаланаш ауылы мен
Алматы қаласында Казақтың ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институтында 12 жыл болды жұмыс жасаймын техника ғылымы кандидатымын (2010ж дан) және де Алматы гуманитарлы техникалық университетінде аға мұғалыммін. 2010 ж. Новосибирск қаласындағы аграрлық университетінде стажировка өттім және 2012 ж. Қытайдың Үрымчі қаласында жиырма күн күнэнергиясына байланысты семинарда болдым.
Жаланаштағы кәсіптік лицей колледж болады дегенді естіп өз ауылыма мұғалім болып барсам деп едім. Мен осыдан екі жыл бұрын семьялық жағдаймен барғанымда мені лицей басшысы орын жоқ деп алмады. Менің ғылыми тақырыбым биогазды қондырғы 212 жылы ауылға зерттеу үшін қондырғы қойдым. Жел энергия қондырғысымен және де миниГЭСде жұмыс жасадым. Менің өз өлкеме өркендеуіне үлесім көп болады деген оймен жазып отырмын.…

Төрехан Аслан (Капшағай қ.)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Мен Қапшағай қаласының "№3 орта мектеп мектепке дейіңгі шағын орталығымен" мемлекеттік мекемесінің 8 "Ә" сыныбында оқимын. Жасым 14-те. Аты жөнім Төрехан Аслан. Өзім спортпен айналысқанымды ұнатамын. Себеі спорттың түрлерімен шұғылдануға қаламызда барлық жағдай жасалған. Мен өз қаламды өте жақсы көремін. Өйткені балаларға арналған ойын алаңдары, сонымен бірге қала маңында жазда демалуға ыңғайлы да қызықты теңізіміз бар. Ал өзім Қапшағайдағы ең әдемі, жақында ғана күшті ремонт жасалған мектепте оқимын, ол үшін мен өте қуаныштымын. Сол себепті қала әкімі Н.Таубаевқа арналған хатқа қатысым жоқ. Ал сайтқа менің атымнан жазылған хаттағы кейбір сөздердің мағынасын өзім де түсінбеймін. Ондағы айтылған мәселелерді көпшілігін бірінші рет естіп отырмын. Мен өз үйімдегі ата-анам маған арнап әперген компьютерімді қызықты ойындар ойнауға және сабаққа қажетті материалдарымды жинақтап, жасауға пайдаланамын. Ал хаттың мазмұнында жазылған мәселелер мен үшін қызықты емес және қажет те емес. Осыған байланысты менің сайтымды бұзып, менің атымнан хат жазған адамның кім екенін анықталып, табылып, өз қателігін мойындасын және барлығынан кешірім сұрасын деп тілеймін.…

Сапаралиева Мадина (Капшағай қ., Шымкент қаласы)

Құрметті әкім мырза менің сізге қояр сұрағым 2013 жылға арналған диломмен ауылға жобасына байланысты Қапшағай қаласында дефектолог мамандарынының бос орындары бойынша мәлілет керек еді.…

Данаева Жанар Рахматуллақы (Қарасай ауд, Қаскелең қаласы)

Мен мектепке көп жылдар бойы еңбек сіңіріп келе жаткан мұғалімдердің ашынған дауысын жеткізгім келеді. Қазіргі мектеп директорларының ашкөздікке салынып, қарапайым мұғалімдердің ақшасына малынып отырғандарына жағамды ұстаймын. Бір жерді шулатып, екінші мектепті былыкка батырып отырған жап - жас директорлардың ұялмай креслоны иеленіп отырғандарының себебі, ар жағында көкелеріне сенеді, сол себепті директорды неге мектеп ұжымы сайламайды? Менің бір мектепте жұмыс атқарып жүргеніме 31 жыл болды, бурынгы кезде мұндай маскараны көрмеппін, алып жатқан кадрлары дым білмегенімен қоймай жоғары лауазымды иеленіп жүр (берген доллардың арқасында), педкеңестерде ұжым алдында дұрыс сөйлей білмегені былай тұрсын, сөйлемдерін байланыстыра алмай қиналатынын қайтесің. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді қазақ, шіріп жатқан мектептің былығын (жемқорлықты) кім жөнге салады, прокуратура ма, білім бөлімі ме? Анонимді хат қаралмайды дейді, сондықтан қарапайым мұғалім байқұс арыздануға қорқады! Кім жеп отырған нанынан айырылғысы келеді, мына заманда.…

Мектеп мұғалімдері (Райымбек ауд, Тұйық ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы сізге арнайы ұсынғымыз келетін жағдайымыз бар. Біз, сіздің әр жағдайды білуіңіз керек деп санаймыз. Біздің айтпағымыз: Мектеп директоры:Нұрлыбай Көпжасар Тоқтанбекұлы басқарып отырған мектеп ұжымының келіспейтін жағдайымыз бар. Бұл кісі әр затқа бола "ақша" жинаудан шаршамайды. Өзі басқарып отырған мекеме қызметкерлеріне де көз қарасы әртүрлі...
Және қосатынымыз алатын айлығымыздың жаттысы газет журналдарға "күштеп" жаздырумен кетеді. Осы жағдайларға назар аударсаңыз дейміз.…

Гулмира (Қарасай ауд, Каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханович!
Қарасай ауданының білім бөлімінің бастығы Назарбаева Айжан Нүрділдақызы келгелі ақша жинаумен әлекпіз, осы кезге дейін бұл басшының тайраңдауы мектеп қабырғасында жүрген директорлармен мұғалімдердің назасын келтіруде. Ойына келген уақытта аптасына екі рет директорларға жиналыс ашады, жиналыста түкке тұрғысыз нәрсені айтып, оқу тәрбие процесі жайына қалды, ҰБТ дайындығы жайына қалды. 2012 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша артта қалдық, биылғы оқу жылы не болар екен? Бұны ойлап отырған А.Назарбаева жоқ, жинағаны тек ақша.
Мысылы: 26 қараша мен 27 қараша күндері Әл –Фараби АГ республикалық семинар өтеді деп мектептерден, балабақшалардан 10 000 мың теңгеден жинады. Жиналған 630 000 мың теңге семинарға жұмсалмағанын бәріміз білсекте, айтарға аузымыз жоқ.
Ең сорақысы үйіне жасаған ремонтында білім бөлімінің бастығы А.Назарбаеваға біріміз есік, біріміз терезе, линолиум алып әлек боп кеттік.
6 желтоқсан күні сағат 15.00де Керімбеков атындағы орта мектепке білім бөлімінің бастығы Назарбаева Айжан Нүрділдақызы әр аймаққа сайлаған жетекшілерін (яғни Керімбеков ОМ, Титов ОМ, Қарасай ОМ, Алмалыбақ ОМГ, Алтынсарин ОМ, Алғабас ОМ директорлары) шақырып алып Прокуратураға әр мектептен 1000 $ АҚШ долларынан жинатқызды. Жарайды үлкен мектептер мұғалімдерінен жинап берер, ал біз сияқты кішкентай мектептер кімнен жинайды. Сол күні түні бойы ақша табумен болдық, бірақ келесі күні 7 желтоқсанда сағат 11.00 де 1000 $ АҚШ доллары емес. 300 $ …

Ауыл Тұрғыны (Ұйғыр ауд, Сүмбе ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы! Мен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы, Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің директоры Гулнар Дүйсембаева өз қызыметін жеке басының қазынасын толтыру мақсатында мекемеде істейтін қызметкерлерден қаржы жинау туралы болмақ.
Сізге жолдар сауалым:
1.Егер мұғалім санат дәрежесін көтерем десе, директорға 5000-30000 теңгеге дейін пара беру керектігін қалай түсінуге болады.
2. Еден жуатын қызметкерлер денсаулығына байланысты уақытша қызметтен босатылған жағдайда, оның орнына еден жуған қызметкер соған төленген ақшаның жартысын немесе толығымен директорға беруі туралы.
3. Бос тұрған баканцияға орналасу үшін қарапайым ауыл тұрғыны 10000 теңгеден жоғары әйтпесе бір ірі қара беріп орналасуына байланысты.
4. Мектеп директоры Гулнар Дүйсембаеваның жас келіншекге дөрекілік көрсетуі кесірінен көтерген нәрестесін уақытынан тым ерте тастап коюына себеп болып отыр.
5. Мектепті жылытуға бөлінетін жанар-жағар майды аудан басшыларымен бөлісуі. Соның салдарынан балалар ауырып мектепке келе алмауы көбейіп кетті.
6. Әр мереке сайын мұғалімдерден сыйлық алуы. Сыйлық бермеген мұғалімдер директордың қаһарына ұшырауын.
7. Ашынған мұғалімдердің жаман нәрсеге ұшырамауына кім кепіл балады?
Сізге қояр сауалым. Естір құлақ, көрер көз болса! елім деген ер азаматтарымыз сіздердің арқаларыңызда өз шешімін табады деп ойлаймын. Сіз осындай жағдайларда қандай шара қолданасыз…

Матеева Роза Мұқашқызы (Қарасай ауд, Үшқоңыр ауылы)

Құрметті Аңсар Тұрсынханович!
Осыдан бір ай бұрын мен, Матеева Роза Мұқашқызы сізге
хат жолдап едім, есіңізге сала кетсем, мені Алматы облысы
Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылындағы орта мектебінің
директорлығынан аудан әкімінің орынбасары Ұ.Бархинова
орнымнан кетуімді талап етіп, және де мектепке
көптеген тексерістер жіберген еді , бірақ Сізге жазған
хатымнан кейін тексерістер тоқтатылды, бірақ аудан әкімі
А.Дауренбаев екеуі әр басқан қадамымды
аңдып, 03.12.12 жылы мектептің канализациясының
мәселесімен 17.30-да шыққан мезетті пайдаланып,
сағ.кешкі 17.55-те аудан әкімі мектепке келіп, жұмыс
орнында болмады деген сылтаумен қатаң сөгіс жариялап
кетіпті, сол мезеттен бастап, аудан әкімшілігінен қатаң
психологиялық қысым көрсетіле бастады. 07.12.12ж. сағ
таңғы 9.00-да аудандық бөліміне шақыртып, егер өз
еркіңмен кетпесең статьямен
шығарамыз деп кешкі сағ.18.30-ға дейін өтініш жазуымды
талап етті. Осындай көрсетілген қысымды көтере алмай,
еріксіз өтініш жазуыма тура келді.
Ал енді менің орныма 01.12.12 жылы жұмыстан өз еркімен
шыққан бастауыш сынып мұғалімі С.Шабантаеваны 11.12.12жылы директордың
міндетін орындаушы ретінде қойып, тағы да Еңбек
заңын қатаң бұзып отыр.
Осы жағдайдың анық-қанығын тексеруге облыстан
тексеріс жіберуіңізді өтінемін және осы оқу жылының…

Жүнісова Г.М. (Талғар ауд, Бесағаш ауылы)

Алматы облысының әкімі
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлына,

Көшірмесі: Алматы облыстық білім
басқармасының бастығы
Аманова Ғалия Матанқызына,

Алматы облысы, Талғара ауданы,
Тұздыбастау ауылы, А.Жылқыбай
көшесінің № 3 – үй тұрғыны, 09.09.1955 - жылы Алматы қаласында туылған,
Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы № 29 – орта мектебінің мұғалімі, 32 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санатты мұғалім
Жүнісова Гүлбар Мұсаханқызынан,
үй тел: 8-727- 391-74-01, ұялы тел: 8-777-960-34-79,

А Р Ы З.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы № 29 – орта мектептің директорының міндетін уақытша атқарушы Нұрғалымова Шолпан Салыққызы уақытша болса да өз қызмет бабын пайдаланып, коррупциялық іс әрекеттерге барып жүр және бұрын-соңды мектеп әкімшілік немесе мектеп директорының орынбасары қызметінде жұмыс істеп көрмеген болса да, коррупциялық жолмен аудан, облыс көлемінде мемлекеттік қызметтерде жұмыс істейтін таныс-туыстарынан қолдау тауып, осы мектепке өзін-өзі директор болуға ұсынып, өзінің қасында жүрген 1-2 осы мектеп мұғалімдерін «Егер директор болып өтіп кетсем жақсы қызметтерге қоямын» деп оларды дәмелендіріп, коррупциялық топ құрып, жас мұғалімдерді алдап немесе уақытшалық қызмет бабын пайдаланып қорқыту, сес көрсету арқылы өзін осы мектепке директор болуға қолдау көрсетуге мәжбүрлеп, арыз жазып, сол арызына қол қойғызып, директор болуға үмітк…

Құндыз (Қарасай ауд, Алматы облысы,қарасай ауданы,еңбекші ауылы )

Сәлеметсіздер ме?Біздің ауылда балалар көп.Әр үйде 3-4 баладан.Менің өзімде 3 балам бар.Біздің ауылға бала бақша салсаңыздар жақсы болар еді.Әйтпесе үлкен қызы қаскелеңнің бала бақшасына барма еді.Сұрағыма жауапты күтемін.…

Желдібаева Айнұр Амангелді (Іле ауд, Байсерке)

Сәлеметсіз бе, құрметті Әкім мырза? Менің сізге қояр сұрағым мынадай:
1. егер ата-ана баласының үлгерімін білгісі келсе, сабаққа қатысу үшін мектеп директорынан міндетті түрде рұқсат алуы керек пе және ата-ана кезкелген қолы бос уақытында сабаққа қатысуға құқығы бар ма;
2. әкімшілік мұғалімдер арқылы ата-аналарға газет алдырады (мыс. Іле таңы), ал ата- аналарға ол газет қажет емес немесе оған төлейтін ақшалары жоқ (онсыз да мектеп фонды бар), ол газеттің балаларға мүлдем қатысы жоқ. Ата-ана газетті алуға міндетті ме? Сонда өтпейтін, қажеті жоқ газеттіі, біреудің бизнесін жүргізу үшін аламыз ба?
Осы сұрақтарға заңды түрде дұрыс жауабын берсеңіздер екен. Алдын-ала рахмет!…

Мектеп ұжымы (Панфилов ауд, Үлкен Шыған ауылы)

Сәлеметсіздер ме! Біз сізге арыз жазып отырмыз. Бұл арывзды шындықты тура қарап айта алмаған соң, жазып отырмыз. Біздің арыздану себебіміз: Үлкен Шыған орта мектебінің директоры М.Б.Абдықасымов мектеп мұғалімдерінің құқығын аяққа таптайды. Мұғалімдерді балағаттайды, әр түрлі себептермен қорқытады, аузымызды аштырмауға тырысады. Әр түрлі себеп тауып тұрады. Өзінің директорлық қызметін білмейді.
Мемлекеттік жұмасқа кіргізу үшін, әр мұғалімнен 1000 доллар алып кіргізеді. Жалақымыздың аздығына қарамастан, ай сайын 2000теңгеден жинап алады. Комиссия келеді дегенде өзінің артын жабу үшін 5000теңгеден жинап алды.
Ұжымда болып жатқан өлім, той сияқты жағдайларды мүлдем ойламайды. Жақын туысың, әкең қайтыс болып жатса да, ортақтаспайды. Өз мамандығыңмен жақсы жұмыс істегің келсе де, осындай түкті де түсінбейтін басшыларды көріп, сескенеміз.
Осындай басшылар қоғамымызды қашанғы басқармақшы?
Ол мұғалім болып тұрып, мәдениетғ этика дегенді білмесе, тек айғаймен ғана бәрін бағындырамын деп ойласа, болашақ жастар, қашанғы біреудің қарамағында жүріп, қорқыныш сезіммен жұмыс істей аламыз?
Үлкен ұжымды басқарып отырып, осындай адамгершілік қасиеттен жұрдай болған, өзінің жеке басын ғана ойлап, тек бәрін сөзбен алдап жүрген басшымызды көріп, сіздерден үлкен көмек сұраймыз.
Ол Мұратбек Бекқожаұлы Абдықасымовты директорлық қызметтен босату…

Алимжанова Гүлжаха (Қарасай ауд, Қаскелең қаласы)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы, Қаскелең мәдениет колледжінің директоры Күшікбаев Д.Ш.-ның жұмыс уақытында ішіп жүретіндігі, былапыт сөйлеп, қыздарындай балаларға тиісіп, оқушылардың домбырасын сындырып жүргені туралы Білім Департаментіне шағым жолданған болатын, сол бойынша тексеріс келгенде, ішіп жүргенін өз көздерімен көріп, келген депутат " ұстаздардға келтірмей , арыз жазып кеткеніңіз дұрыс сіздің" деген сөзінде түсінбеді. Комиссия кеткен соң өзін ақтау мақсатында оқушылардың атынан хат жазғызып, Білім басқармасына жіберді "Ол жерде Амина бәрін реттеді" деп мәз-мейрам болып жүр. Енді Аттестациялық комиссия тексерісінен кейін колледж аттестацяланбасын деген ұсыныс жасалды. Сонда ұжым бір басшының кесірінен осы жағдайда болғаны қалай. Білім , тәрбие беретін ортада осындай басшы болғаны дұрыспа? Жастарға үлгі-өнеге көрсеткеннің орынына ішіп, әр адамға бір тиісіп жүргенін қалай түсінуге болады. Сөзін сөйлемеген адамдарға қысым көрсетіп, менің министр досым бар, менің анауым бар, мынауым бар деген әңгімелер айтып сес көрсетеді. Біздің енді Елбасынан көмек сұрауымыз қажетпе?…

Первомайка ауылының тұрғын (Іле ауд, Первомайка ауылы)

Құрметті әкім! Біз осы Первомайка ауылында "Белый лебедь" атты балабақшаға барамыз. Осы уақытқа дейін балабақша ақысы айына 15000 теңге болған, ал қазір 2012 жылдын қазан айының 1-ші жұлдызынан бастап балабақша ақысын бір дегенде 5000 теңгеге өсірді. Біз атаналар келісеміз жылына бір рет котеруге себебі азық-түлік, коммуналдық қызметте өскен, бірақ 1 баладан сондай 5000 теңге ге дейн көтеретиндей жоғарылаған жоққой баға. Іле ауданы бойынша басқа да балабақшада төлем ақы өскен бірақ 2000 және 3000 мың теңгенін көлемінде. Бізде балабақша директоры бұл районодан көтереді деп сол жақа сілтеп отыр.
Құрметті де әкім мырза, сізден өтініп сұранамыз осы мәселені қарап басқа балабақшадағыдай 2000 және 3000 теңгенін колемінде өсіруді және де біз ақшаны қолма қол төлейміз бірақ бізге ешқандай құжат бермейді жай журналға жазып кете бересің. Алдын ала алғысымыз шексіз кішкентай бөбектер үшін сіздің қолдауыныз сұраймыз.…

Айдарбаева (Қарасай ауд)

Мектептерге директордың орынбасарларын тағайындау неге сапасыхзданып бара жатыр, білімі таяз, тәжірибесі аз орынбасар ұжымға келіп жатқан жас мамандарға қандай әдістемелік көмек көрсетпек, әдістеме ісі жөніндегі орынбасардың өзі күнтізбелік жоспарды, сабақ жоспарын дұрыс құруды білмесе? Әсіресе мектеп директорлары ойланса екен.…

Райымбек ауданның мұғалім (Райымбек ауд)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы! Біздер Райымбек ауданында қызмет атқаратын мұғалімдер сізге өтініш білдіреміз. Біздер жылда бұқаралық ақпарат құралдарына үзбей жазыламыз / норманы орындау үшін/ .Жыл арта бұл норма көбеюде. Ауданның көрсеткішін жоғарлату мақсатында аз жалақыға қарамастан аудан әкімі және оның орынбасарының бұйрығымен биыл тағы да қоқан лоқы көрсетуде. Біз сонда бала- шағаның қамы емес өкіметтің ақпарат құралдарын өткізу үшін қызмет етеміз бе? Қалалық жерлерде бұндай күшпен жазылу жоқ. Әлде біз өз құқығымызды қорғай алмағанымыз ба ? Сізден өтініп сұрарымыз бізге осы сұрақтың шешімін тауып берсеңіз, болмаса Елбасымыздың қолдауына жүгінеміз!…

1 топ мұғалімдер (Ұйғыр ауд, Облыс мұғалімдері)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Алматы облысының білім саласының төменгі орында тұруына бірден-бір кінәлі адамдардың бірі -Аманова Ғ.М .Ар жақтарын айтып жатпай-ақ бірден проблеманы айтсақ дейміз.Педагогикадан жұрдай мақрұм қалған.Сол әкімшілікте жүре беру керек еді.Коллегия,жиналыстарда аузына келгенін айтады,құр айқай не береді?Бүкіл елді малдарсыңдар дейді.Қадағалау департаментімен жарысып тек тексертеді,оқыту семинарларын,әдістемелік көмек көрсетудің орнына.Бүгінгі білім саласында тұрған өзекті мәселенің неде екенін біле бермейді.Төмен болса неге төмен,оның амал-себептерін неге педагогикалық-әдістемелік тұрғыдан неге анықтамасқа? Құр жинап-ап айқай салу ол мәселені шешпек түгіл оны одан әрі қиындата түседі.19 ауданның неше ауданында болыпты,осы уақытқа дейін 90 пайыз мектеп директорлары көрмек түгіл оны танымайды да. Тек сіз қай жерге барасыз,сол жерге барады.Неге әр ауданға барып тұрып жұмыстарымен танысып,мұғалімдермен неге кездеспейді?Сонда қалай жұмысы жүреді.Осындай сауатсыз адамдар облысымызды артқа тартып болды емес пе? Мектептегі жүйені жақсы білетін маман істеу керек ғой.Орта білім туралы тестен өткізіп көріңіз,сонда көзіңіз жетедіМектептерден сауалнама алдырсаңыз тіпті жақсы болады…

Ата ана (Іле ауд, Өтеген батыр кенті)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Сізге ата аналар атынан үлкен өтініш болып тұр.Біздін ойымыз ша сіз бізге көмек қолын соза алатын бірден бір жансыз.
Біздін жағдайымыз мынадай болыптур. Балаларымыз Іле ауданы карамағындағы №38 мектеп-гимназиясының 1 Ә сыныбының, мұғалімі Шалкаева Алтын Айскенқызы тарапынан жабірлеу көріп жүр және жана қадамын білімге басқан балаларымызға психологиялық күш көрсетуде және жұмысына салғырт қарауда,, баламен жұмыс жасауы мүлдем қазіргі заман талаптарына келінкіремейді. Ал мектеп басшылығының тарапынан ешқандай жұмыс жүргізілмей отыр директоры Шоманова Роза Бахтыгереевна. Сіздің бұл істі жетік қарауыңызды Ата-аналар қалайды. Айтқан өтінішіміз жерде қалмайды деген ойлаймыз және мұндай мұғалімдердің жұмысын қадағалаушы коммитет құрылса деп сұраймыз. Мұғалімдер қауымының баламен жұмыс жасауы және оның елдің ертенгі болашы ретінде дайярлауға тиісті, бізде ата-аналар тарапынан осығын өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Үлкен өтінішпен, Ата-аналар!…

Ұстаздар ұжымы (Жамбыл ауд, Ұзынағаш ауылы)

Құрметті АңсарТұрсынханұлы !

Біз Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектептің ұстаздары Сізге мектебіміздің директоры болып отырған С.Сулыбекованың мектеп ұжымына жасап отырған келеңсіз жағдайларға тоқтау салар деген сеніммен осы хатты жолдап отырмыз.
Президетіміз Н.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың тамырын кесуге тапсырма беріп отырған заманда, біздің мектеп жемқорлықтың астында қалып отыр. Қазіргі кезде мектеп директоры болып отырған С.Сулыбекова пед. училище бітіріп, Ынтымақ ауылында бастауыш сынып мұғалімі болған. Осы мектепке келер алдында Ынтымақ ауылында мектепте 6 ай оқу ісінің меңгерушісі болып,2008 жылы сырттай тарих факультетіне түсіп, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектепке директор болып тағайындалды.
Бұл орынға ол қазіргі аудан әкімі Ж. Далабаев арқылы ,сол кезде әкім болған Ләззат Тұрлашевқа 10000 доллар беру арқылы келген.
С.Сулыбекова сол келген 2008 жылдан бастап ,қазіргі уақытқа дейін
10000 долларды еселеп қайтарып алып жатыр. Мектепке жаяу келіп директор болған С.Сулыбекованың қазіргі кезде 2 жеңіл машинасы бар. Қазіргі кезде С.Сулыбекова мұғалімдерді саудаға салып мектептен үлкен бизнес ашып алған. Мектептен әр жыл сайын 10-15 мұғалімді жұмыстан шығарып,орнына 20-25 мұғалім жаңадан қабылдайды. Әр жаңа келген мұғалімнен алатын ставкасы 500-600 доллар. Мектепте қалған мұғалімдерге жүктеме 18 сағат алу үшін қиын заман болды. 20000…

Әмина Қолдасбаева (Талдықорған қ., Қалиев көшесі 31)

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласының мектептерінде "СМС күнделік"деген ойлап шығарыпты. Сұрастыра келсем ол ақылы тұратын пәле екен. Менің ойымша мектеп басшылары мен қалталы бизнесмендер тағы балалар арқылы ата-ананың қаржысына өз бизнестерін құруда. Тағы бір бастықтық бизнесі шығар бұл. Осыны қатал тексеріп тиісті шара қолдануыңызды сұраймын. Рахмет…

Ныгматуллина (Қарасай ауд, Теректі)

Теректі ауылындағы Молдағұлова атындағы орта мектепте буфет жұмыс істейді.Сол буфетте балаларымыз тамақтанады, алайда мектебімізге келген жаңа директор ханым кабинеттердің жетіспеушілігінен мектеп 3 сменада оқитыныа қарамастан бір кабинетте дүкен ашып алған, ол дүкенде кеңсе тауарлары, тиым салынған заттардың бәрі сатылады. Қытайдың арзан сапасыз денсулыққа зиян кәмпиттері мен газдалған соктар, чипсы, кириешки, сағыздар т.б. заттар. Бұл бұрын соңды болмаған сұмдық. Балалароымыздың денсаулығына зиян келтіріп, қалтасын ақшаға толтырмаса да болатын шыңғар. Тез арада тексеріп, директордың дүкенін жабуыңызды сұраймыз. Тиісті шароа қолданылмаса КТК каналын шақырып дүкенді көрсетеміз.…

Аязбаева Р.К (Жамбыл ауд)

Мен 2 жылдан мектепте бері тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.Енді маған сенің дипломын бұл қызметті атқаруға келмейді дейді. Енді менің білгім келетіні менің негізіг мамандығым бастауыш сынып мұғалімі және бұл мамандық бойынша жоғарыда аталған лауазымды атқаруға болмай ма? Неге? Алдын ала рахметімді айта отырып, менің сұрағыма жауап аламын деп ойлаймын.…

Базаркулов Серикжан (Райымбек ауд, Нарынкол)

Мен 2009 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетті бітіріп, сол жылы жекелік колледжге мұғалім болып жұмыс жасадым.Ал биыл мектепке жұмысқа мұғалім болып жұмысқа тұрдым, диплом мен ауылға бағдарламасын жасатсам болама?…

Жансүгіров ауылының тұрғы (Ақсу ауд)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Біз Ақсу ауданның тұрғындары ұзын құлақтан естіп, жағамызды ұстадық. Аудан әкімінің орынбасары С.Қорғанбаев әкесіне ас беру үшін, мектеп директорларынаң бес мың теңге ақшадан жинауға мәжбүрлеп жатыр екен. Бұл не сұмдық. О заманда бұл заман құдай тамаққада салық салады ма? Адамдарды басынғандығы, өзінің қызметін пайдаланғандығы ғой? Ал осы салықты жинауға білім бөлімінің бастығы, оның орынбасары Г. Кенесова жүгіріп жүріп өздері жинап жатыр деп естідік. Сонда ақша жиналмаса ас берілмейді ма немесе мектеп директорлары жұмыстан кетедіма не сонда?…

Айнабұлақ бекетінің тұрғын (Көксу ауд)

Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ кентіндегі «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №12 орта мектебі жанындағы интернатымен» мемлекеттік мекемесінде 2005-2011 жылдары арасында мектеп директоры қызметін Сағымбаева Ұлжан Бодаубекқызы атқарды.Ол директор болған кезде басшылық жұмысы мүлдем дұрыс жүрген жоқ.Себебі,Сағымбаева Ұлжан Бодаубековна бұрын мектеп басқару жұмысын атқармаған.Мектептегі бар жұмысты орынбасарларына тапсырып қойып өзі әртүрлі себептермен мектепте отырмайтын.Көбінесе аудан орталығында,Талдықорған қаласында мектепке қажетті тауарларды алып,көмір тасып завхоздың жұмысын атқарып жүрді.Завхозға билік бермейтін.Мектеп ұжымын жікке бөліп біреулерге оң көзбен қараса,біреулерге ала көзбен қарап,табан асты кіналап,қарсы пікір айтса соңына түсіп қудалаудың астына алады.
Сағымбаева Ұ.Б. мектепті басқарған кезде бірде-бір педагогикалық кеңес өз дәрежесінде өтіп дұрыс шешім қабылдаған емес. Кіші педагогикалық кеңес, методикалық кеңес, директор жанындағы мәжілістер тіпті өтпейтін. Өтсе де біреулерді кінәлау мақсатында қырғын айғай-аттан, шу болып жататын. Соның әсерінен білім сапасы ылғи төмен болды.
1960 жылдардан бері мектеп балансында болып келген интернаттың бір бөлігін 2008 жылы өзі басшылық қызметті пайдалана отырып мектептің техникалық паспортындағы сызбаға әдейі енгізбей қойып, легализациялау арқылы заңсыз жекешелендірді. Жылуды, электр энергиясын тегін пайдаланды. (Соңынан сот арқылы мойындап 290 мыңнан астам соманы үкімет кассасына құйды.)

Исатаева Айман ЕРм (Іле ауд, Али ауылы)

Сәлеметсиз бе,Аңсар Тұрсынханұлы!Мен Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекттік университетин бітірдім,Іле ауданы Али ауылына жаңадан көшип келдим,,мектепте өз мамандығым бойынша жумыс істесем деймін,бірақ мектеп директоры орын толық дейди енди мен қайда барып жолыксам болады, менің жасы 80-ге келген ата-енем бар,жолдасым ма да жумыс жоқ!Сол жақын маңда болса деп едим,көмегіңіз керек!!!!…

Митковских Галина (Ақсу ауд, село Аксу)

САЛЕМЕТСІЗ БЕ?! МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,АҚСУ АУДАНЫ, АҚСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ МИТКОВСКИХ ГАЛИНА ВЛАДИМИРОВНА. 2011 ЖЫЛЫ АҚСУ АУЫЛЫНДАҒЫ "МАМАНИЯ" ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БОЛДЫМ.ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТТІЛЕУДЕН 79БАЛЛ АЛДЫМ ОНЫН ІШІНДЕ 1 ПӘННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖОЙЫП БАЛЛЫМ 69ҒА ТЕҢ БОЛДЫ. ОСЫ БАЛЛ МЕНІҢ ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҒЫМА ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ. АТА-АНАМНЫҢ ФИНАНС-МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АҚШАЛАЙ ОҚУҒА ТАПСЫРАР ЖАҒДАЙЫМ БОЛМАДЫ.ОТБАСЫМ КӨП БАЛАЛЫ, АНА-АНАМ ЖҰМЫССЫЗ.КЕЛЕР ЖЫЛЫ ГРАНТҚА ТҮСЕМ ДЕГЕН ҮМІТПЕН ДАЙЫНДЫҚҚА ҚАЛДЫМ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ТАЛДЫҚОРҒАН КАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТЫСУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНЕ ТАПСЫРҒАН БОЛАТЫНМЫН,БАЛЛЫМ 82ГЕ ТЕҢ БОЛДЫ. ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНЕ ШЫҚҚАН ҚОРЫТЫНДЫ БОЙЫНША МЕНІҢ БАЛЛЫМ ГРАНТКА ЖЕТІП ТҰР БИРАҚ АУЫЛДЫҚ КВОТАМЕН,МАҒАН ОЛ КВОТАНЫ САНАМАДЫ. МЕНІКІНДЕЙ 82 БАЛЛ АЛҒАН ҚЫЗ ӨТІП МЕН ӨТПЕЙ ҚАЛДЫМ. СІЗДЕН СҰРАЙТЫНЫМ РЕКТОРДЫҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛА АЛАМЫН БА? ТАҒЫДА АТА-АНАМНЫҢ ФИНАНСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СҮЙЕНЕ КЕЛЕ СІЗДЕН КӨМЕК СҰРАП ОТЫРМЫН. ТОЛЫҚ АҚШАДАЙ КӨМЕК БОЛМАСА ДА, 50% ЖЕҢІЛДІК ЖАСАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН.…

Лаззат Асанова (Қарасай ауд)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

Қарасай ауданында ҰБТ- тапсыру алдында әр мектептен «500 АҚШ долларын жинауға міндеттісіңдер» деген білім бөлімінің бастығы Н.Назарбаеваның тарапынан талап қойылып, орынбасар Қ.Ахманбетов пен Керімбеков мектебінің директоры С.Мәсімақынов жинады.
Қалиев Е. бар барлығы келген комиссия аш жүргендей күнде тауға апарып, жасағандарын өздері ішіп-жеумен әлек болды. Президентіміздің сыбайлас жемқорлықтың тамырын кесуге тапсырма беріп отырған заманында 23000 АҚШ долларын қанағат тұтпай бізден тағыда оқу жылының аяқталуына байланысты демалуға бәрімізді мұқтаждап барсанда бересің, бармасанда бересін деп А.Назарбаеваның бұйрығы деп 10 000 теңгеден жинатып алды, 9 шілде күні біздерден тағыда 3000 теңгеден жинады, не үшін жиналғаны бәрімізге беймәлім. Ақшаны А.Назарбаева өзі жинамай сенімді адамы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің директоры Тұрсынова Қ. жинатты. Тек тұрмай сіздің атыңызды қолданып 20 000 теңгеден келе салып 13 сәуір күні 7000 теңге, 24 сәуір күні 5000 теңге, 4 мамыр күні 200 АҚШ доларын жинатты.
Жиналыс жасаған сайын ақша жинамаңдар деп, сұрайтыны тілейтіні ақша. Ал енді осы ақшаны ауданданның бар мектебіне көбейтсеңіз қанша екендігін өзіңіз ойлай беріңіз. Осындай сорақы қылық жасай отырып, зейнеткерлікке жеткен мектеп ба…

Үңгіртас орта мектебі (Жамбыл ауд, Үңгіртас ауылы)

Құрметті Аңсар Мұсаханұлы
Біз сізге Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебінен Аламты облыстық сотының судьясы Е. А. Абдилдин мырзаның әділетсіз шешім шығарғанын хабардар еткіміз келеді.
Сізден біз бұрынғы талай жылдар педагогикалық этиканы сақтамай, ұжымның атына кір келтіріп қана қоймай, мектеп өмірінің тыныштығын жоспарлы түрде бұзған, мектеп қызметкерлерінің отбасы жеке басына бала және туған – туыстарының өміріне қауіп төндіріп, өмірден озған ата – аналарының аруағын тілге тиек еткен, ұжым мүшелерінің өміріне қатысты адам баласына жат, жүректен кетпес адам аузы бармайтын лағнет ауыр сөздер айтып қана қоймай жат пиғылдар көрсетіп жүкті мұғалімдердің құрсағындағы баласының өмірге сау денелі болып келуіне қауіп төндірген, ұстаздардың жүйке жүйесіне тиіп қалыпты жұмыс жасатпаған, мектеп мұғалімдеріне психологиялық қысым көрсеткен, жоғары лауазымды тұлғаларды жазықсыздан – жазықсыз кіналаған, Ш. Б. Тұрысбекова Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің №54 бабының 11, 13 тармақшасына сәйкес мектеп директорының бұйрығымен 18.01.2011 жұмыстан шығарылған болатын.
Біздің сізден сұрарымыз, Жамбыл аудандық сотының 11.04.2012ж; Алматы облыстық сотының 22.06.2011ж; Алматы облыстық сотының18.08.2011ж. шешімдерін Е. А. Абдилдин мырза жоққа шығарған.
Е. А. Абдилдин мырза біздің ұжымның жан айқайына мән бермей ме, ол кісі Ш. Б. Тұрысбековамен бір күн бірге жұмыс істесе түсінер еді...............әлде Абдилдин мырза таныс тамырға бой ұрып, өзінің …

Сексенбаева Ляззат (Талдықорған қ.)

Құрметті Ансар Мұсаханұлы!
Айыпқа бұйырмаңыз, бірақ өзіңізге хат жолдап, көмек сұрайға тура келді. Мен жалғыз басты анамын. Бір қыз тәрбиелеудемін. Қызым Қабдолданова Айғаным Қайратқызы М.Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейін бітірді. 11 жыл бойы озат оқушы болып, "Алтын белгіге" үміткерлер қатарында еді. Бірақ, өкінішке орай ҰБТ алған балы (барлығы 86) алтын белгіге жетпей қалды. Емтихан кезінде қатты қобалжыған көрінеді. Енді оған мемлекеттік жоғарғы оқу орындарына баруына жол жоқ. Өзі география пәні бойынша қаржы саласын таңдаған еді. Қызым 11 жылдық еңбегім зая кетті деп қатты қиналуда. Қандай күйде екені айтпаса да түсінікті. Жеке меншік оқу орындарына барғысы да жоқ. Дәрежесі биік, сапалы білімі беретін, кейін жұмысқа орналастыратын оқу орындарында оқытқым-ақ келеді. Бірақ, бәрі қаражатқа келіп тірелетіні тағы бар. Қызымның «Алтын белгі» алып гратқа оқуға түсем деген арманына жете алмай қалғанына менде қиналамын. Осы орайда, бізге көмек көрсете аласыз ба? Қандай да бір грант түрлері бола ма екен деген үміт қой.
Алдын-ала алғыс білдіремін.
Құрметпен, Л.Сексенбаева…

Иманбаева Нұргүл Жаңабайқ (Талғар ауд, Алматы)

Салеметсизба!Биыл 2012 жылда алған дипломмен , Дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы , Алматы қаласының маңындағы ауыл-аймақтардан жумыс қарастырып, мектепке жұмысқа орналассам деген үмітпен.Өзім 2009 жылы Жамбыл обылысы , Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында Ж.Отарбаев атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.(1 жылдық стаж, 2 санаттамын)Бұл бағдарламаның сұрағымен кандай мекмеге барып өтініш билдіруім қажет және оқу басынан жумысқа қабылдануым үшін кімге жолығуыма болады?…

мектеп директорларының тәр (Қарасай ауд)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Сізге Қарасай ауданының мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шағымданып отырмыз! Оның себебі, қаншама жыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Рысбүбі Дүйсебаевадан көрген қорлығымыз Сізге хат жазуға мәжбүрлеп отыр. Рысбүбі Дүйсебаева елді қорлап , аузына келген сөзбен балағаттап, елді менсінбейді. Әр мерекеге жасаған разработканы тексертуге алғызып, қайта-қайта бетімізге лақтырып, ақшасын бермейінше келісім бермей, ақша беруге мәжбүрлейді.Сонда Рысбүбі разработканы бекітпей қойса , мектептер құлап қалатындай! Нағыз мәдениеті төмен, білімі саяз, тәрбиесіз адам. Жаңа білім бөлімінің бастығы келгелі тіпті құтырып кетті. Бастық менің айтқаныммен жүреді -деуін қайтерсіз. Сонда Назарбаева осының ақылына мұқтаж екен! Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстанбайтындарын жұмыста қалай ұстап жүрсіздер!
Бізді осы адамның арсыздығынан құтқаруыңызды Құдайдан тілегендей тілейміз! Аты-жөнімізді жазсақ, басымыз кетерін біліп, жазбай отырмыз.…

Жумагулова Роза (Қарасай ауд, Каскелен)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Қарасай ауданында ҰБТ- тапсыру алдында әр мектептен «500 АҚШ долларын жинауға міндеттісіңдер» деген аудандық білім бөлімінің бастығының орынбасары Ахманбетовтің тарапынан талап қойылып отыр. Президентіміздің сыбайлас жемқорлықтың тамырын кесуге тапсырма беріп отырған заманда Ахманбетов бізді орға итеріп отыр. Ең өкініштісі ол ақша жинаудың өзіне кесірі тимейтіндей әдісін үйреніп алғандығында. Ахманбетов ақшаны өзі жинамай әр аумақтағы мектеп директорларынан сайлап алған адамдарына жинатады. Мәселен, алысқа бармай –ақ 8 ақпан күні -2000 теңге, 20 ақпан күні 5000 теңге, 13 наурыз күні 7000 теңге , 13 сәуір күні 5000 теңге ақша жинатып отыр. Ал енді осы соманы аудандағы 54 мектепке көбейтсеңіз қанша екендігін өзіңіз ойлай беріңіз. Осындай сорақы қылық жасай отырып, мектеп басшыларының алған сөгісі мен қатаң сөгісін есептеп, жыл соңында бірталай басшылар орындарыңнан кетесіңдер деп әкіреңдейді. Өзінің сыбайлас жемқорлығы үшін соңғы ескертумен отырғандығын әлде біз білмейді деп отыр ма? Білім бөлімінің басшысы А. Назарбаева сияқты адал, білімді әрі , тәрбиелі адамды тағайындағандығыңызға алғыс айтамыз , ал енді орынбасарының қылығы сын көтермейді. Осындай үлкен ауданды басқару үшін өзінің жүріс-тұрысы да дұрыс болуы керек емес пе? Осы мәселе шешуін таппаса, Президентке шағымданамыз
Қарасай ауданының мектеп директорлары…

Сапиева Динара (Қарасай ауд, п.Кайнар)

Тілдерді оқыту орталығының директоры округ әкімдері аппартының құжаттарын тексеруге құзыреті бар ма? Менің ше ол лауазымын асыры пайдаланады оның жұмысы мемлекеттік тілді оқыту сияқты.Ал Ділда Ұланқызы мені тексеруге Аудан әкімінің орынбасары жіберды дейды. Осы кісінің әрекеттері дұрыс па? Бұл директорды тоқтататын басшы табылады ма?…

Салтақова Жанат (Еңбекшіқазақ ауд, Бәйтерек )

Құрметті әкім мырза! сізге Еңбекшіқазақ аудына, Бәйтерек аулының жан жағында орналасқан саяжай тұрғындарының атынан хат жазып отырмын. Осы Бәйтерек ауылының жан жағында орналсқан саяжайлар өте көп. Барлығының балалары Бәйтерек ауылының мектебіне барып оқиды. Ал мектеп болса өте ескі, білім сапасы да айтарлықтай емес. Және де балалар 3 ауысымда оқиды. Балабақша да 75 орындық. Балаларын кайда апарарларын білмей сандалган жұрт өте көп. Осы саяжайларды біріктіріп, ауылдық округке айналдырсаңыз немесе мектеп пен балабақша салуға жәрдем берсеңіз екен…

Қопа орталау мекте (Жамбыл ауд, ст. Қопа)

Аңсар Мұсаханұлы!!!!!

Біздің сізге арыз жазып отырған Қопа орталау мектебінің директоры Ракишева Анар Ерубайқызы өзінің қызметінасыра пайдаланып, ұжымға қысым көрсетеді. Атап айтқанда мектеп ұжымының ар-намысына тиіп, әдепсіз, боқтық сөздер айтады. Мұғалімдерге оқушылардың,ата-аналарының көзінше мен сенің көзіңді құртамын, екі аяғыңды аспаннан келтіремін, айлық жалақыңды кесемін, тайраңдатамын, жетіліп қалыпсың бұдан басқа аузымыз бармайтын сөздер айтып балағайттайды.
Біздің мектеп оқушыларын педогог психолог Абитаев Данияр суицидке итермелейді, ол мектептегі қыз балаларға қол көтеріп, жаман сөздер айтып балағаттайды. Өзі директордың күйеуі педого-психолог маман емес, балалармен ешқандай жұмыс атқармайды. Директордың шоферлік қызметін атқарады, бір аптада 6 күн болса, сол күндердің 4 күнінде Алматы-Ұзынағаш арасында жол жүруде, біз мұғалімдерге аудан жиналысқа барамын деп өтірік айтып, өз жұмыстарымен айналысып жүреді.
Сонымен қоса мектепте жұмыс істейтін кейбір адамдардың атынан 2006 жылдан бастап ақша алады.
Мысалы: Байжанов Мұрат мектеп қарауылы және жұмысшысы ретінде айлық алып отыр. Біз ол жұмысшыны жұмыс уақытында көрген емеспіз.
Өсербаева Күлжақан мектепте лаборант қызметін атқарады, ондай қызметкер бізде жоқ.
2012 жылдың ақпан айының 1-ші жұлдызынан бастап мектеп қарауылы Майбасарова Лариса бастауыш сыныпқа сабақ беріп жүр, 3-ші сыныпқа класс жетекші ретінде негізгі пәндерден сабақ береді, ол кісі ешқандай педогог еме…

Салтақова Жанат (Еңбекшіқазақ ауд, Бәйтерек ауылы)

Кұрметті әкім мырза! Біз тұратын Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында білім беретін мектеп қазыргі заман талбына сай емес. өте ескірген ғымарат. және білім беру жүйесіне де көңіліміз толмайды. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша көмек болмай ма? Және мектепте оқушы саны өте көп. сонымен қатар Бәйтерек ауылының аймағында дачалар өте көп. оларда тұратын отбасыларда балаларын мектепке алу, балабақшаға беру, үйдің құжатын жасау өте қиын. Осы аталған дачалардың тұрғындары қай селолық округке қарайтынын әлі де анықтай алмай жүр. Шамамен 1000-2000 отбасы бар десек те болады. осы мәселелерді шешуге көмектессеңіз…

Байториева Бибинур Алтанкы (Еңбекшіқазақ ауд, шелек ауылы)

Ансар Турсынханулы салеметсиз бе! жана жылынызбен! сыбайлас жемкорлыкка байланысты кылмыстык фактилерди жабуда жумыссыздыкты жоюдын орнына парахордын парасына мулддели болган тексерушилерге аким ретинде коз карасыныз кандай. БАК та тек кана жетистиктерди айтып коймай Енбекшиказак аудандык оку болиминен колдау тауып облыс оку болиминен аякталып отырган зансыз арекеттерге кашан занды турде адил нукте койылады. Алде Елбасшымыз араласып шешеме?…

Балауса балабақша ұжымы (Жамбыл ауд, Қазыбек бек бекеті)

Алматы облысының әкімі
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлына
Жамбыл ауданы, Қазыбек бек бекеті
«Балауса» бала-бақша ұжымынан
Арыз
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Өзіңізге белгілі 2011 жылы желтоқсан айында 75 орындық балабақша ашылып ауыл тұрғындарының төбесі көкке жеткендей болып қуандық. Ол үшін сізге үлкен рахмет. Ал осы балабақша қалай жұмыс істеуде? Балабақша меңгеоушісі болып Нукеева З.Ш тағайындалды. Өзі тағайындалған күннен бастап ол кісі балабақшаны өзінің жеке меншігі ретінде пайдалануда. Ә дегеннен бұрынғы қоршауды өзінің үйіне тасып Советбек аға оны іздеп тауып алып, шаруашылыққа алып кетті. Балабақшаға қабылдаған кадрларды мамандығына қарамай кім 200 доллар берсе соны қабылдады. Балабақшаға қабылдаған 75 баланы да ешқандай комиссиясыз, кезексіз өзі кім ақша, силық берсе соны қабылдады. Ата-анасы жұмыс істейтін көпшілік балалар қабылданбай қалды. Өзінің қызы мамандығы сәйкес келмейтін Камшатты жұмысқа қабылдап, сол арқылы билік жүргізіп, балабақша тамағын үйіне тасытып екінші меңгеруші пайда болды. Балалар тамағының менюі сақталмайды. Оны тексеретін комиссия жоқтың қасы. Енді балабақша ашылғанда «мен қонақтарға дастархан дайындадым соған 1 айлық жалақыларыңды бересің»- деп күш көрсетуде. Егер бермесек жұмыссыз қалудан қорқамыз.
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы! Нукееваның қандай адам екенін бұрын білмеуші едік. Сөйтсек өзінің бас пайдасын ғана ойлайтын, олай етпегенде қайтеді пенсияға 1 жыл ғана қалған. …

Гулмайра (Қарасай ауд, Қаскелең)

Саламатсыз ба Аңсар Мұсаханов мырза! Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Н. Әлімқұлов орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Көпжанов Ғалымжан Балықбайұлы осы мектепте жұмыс атқарғалы көптеген заңға қайшы іс-әрекеттер орын алып отыр. Көпжанов тоқсан сайын сабақ кестесін ауыстырып, ақша алып, ақша берген мұғалімдерге сабақ кестесін ыңғайлы етіп береді. Мектептегі сабақ кестесін көрсеңіздер фоэдегі сабақ кестесі өтірік, келген адамды алдау үшін қоя салған. Оқушыларға ол сабақ кестесі бойынша сабақ өтілмейді. Сабаққа келмеген мұғалімдердің сабағын көтеріп, сол күнгі сағатын өзінің адамдарына жазып, ақшасын алады. Больничныйдағы мұғалімдердің орнына сабақ берген мұғалімдерге сол сағатты жазбай, ол сабақты өтпеген өзінің адамдарына жазып, сол адамдардан қолма-қол ақша алады. Қыркүйек айынан бері бірде бір рет өзінің сабағын мүлдем өтпей айлығын алады. Өзі больничныйда болса да, өзінің сабағын, өтпеген адамдарына жазып айлығын бір алады, "больничный" тағы алады. Мұғалімдерге дөрекі сөйлейді, дауыс көтереді. «Әкем финполда істейді» - деп, заңды белшесінен баса бермек пе? Әр класс оқушыларынан ақша жинап, 5000 теңгеден киім ілгіш алды. Сіздерден өтінерім Көпжановқа және оған өтпеген сабақтарын өздеріне жаздырып, ақшасын әкеліп беретін мұғалімдерге шара қолдануыңызды сұранамын.…

Оқұшылар (Іле ауд, Водник)

Сәлеметсізбе құрметті Әкім. Біздің №15 мектепте өте суық, балалар кабинетте сырт киіммен отырамыз. Мектептің әжетхналарының терезесі жоқ, үнемі жел соғып тұрады, мектебімізде еш тәртіп жоқ. Біздің директорымыз Ижанова Гульзира Болатовна өз қызметін дұрыс атқармайды, жұмысқа келмейді және мұғалімдерге шамасы келмейді.…

Ауыл жастары (Райымбек ауд)

Салеметсиз бе құрметті Аңсар Мұсаханұлы ! Елбасының жолдауымен "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша жұмысқа келдік. Ауылдық мектептерде басым бөлігі зейнеткерлер жұмыс істейді. Жалақысымен қатар зейнетақысын да алады. Сонда біз сияқты жастардың жайы не болмақ. Жарты жыл уакыт болды жұмысқа алатын емес жана жылдан кеін зейнеткерлер кетеді деген аудан әкімінің қаулысы шыққан,бірақ қарт ұстаздар бұған құлақ асар емес. Біз қайда барып жұмыс істейміз, не басымызда баспана жоқ! Бізге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз !…

Жұлдыз Әбділда (Қарасай ауд, Жармұхамбет)

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!
Мен Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылында тұрақты тіркеудемін, сол жерде тұрамын. Бұл ауыл, турасын айтқанда, назардан тыс қалған ауыл.
Біріншіден, ауылда күні бүгінге дейін мектеп жоқ. Ауыл тұрғындарының саны жылдан-жылға артып келеді. оған саяжай тұрғындарын қосыңыз. Барлық балалар сабылып, Жетісуға, Көкөзекке не Боралдайға барып оқиды. Төрт жылдық бастауыш мектеп мал қораның кейпінде. Компьютер секілді игіліктерді былай қойғанда, дұрыстап жабдықталған сынып бөлмелері де жоқ. Балабақша туралы армандамаймыз да. Бірақ, ХХІ ғасырда алақандай ауылға бір мектеп салып бере алмау еш қисынға келмейді. Естуімізше, мектеп салу биылғы жоспардан да қалып қойған көрінеді. Сонда бұл ауылдың балаларының жазығы не?
Екіншіден, ауылда кеңестік заманнан бері қарайғы уақытта жол жөнделмеген. Үлкен жолдан бұрылғаннан кейінгі ауылға кіретін жолда жарты сағат жүруге тура келеді, ойдым-ойдым. Негізі, бұл ауылдың аумағында, жалпы ауданның аумағында көптеген ірі кәсіпорындар бар. Мәселен, "Ефес" сыра зауыты, "LG" компаниясы (тура ауылдың ішінде). Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген бар, егер шын ниет болса, осы ауылға жол салып берудің түк те қиындығы жоқ еді. Мәселе әкімдердің шаруаға епсіздігінде болып тұр. Тұрғындардан ақша жинап, жолдың тесігін бітеуге де болады. Барлығымыз сол жолмен жүретіндіктен, одан қашпаймыз да. Бірақ, мемлекет бар емес пе, әкімшілік бар емес пе? Жыл сайын көліктеріміз үшін салық төлеп …

Султанова Гульназ Нияровна (Іле ауд, п.КазЦик)

Уважаемый Ансар Турсынханович! Хочу задать вопрос о школе в п.Каз-Цик. Почему-то наш поселок оказался забытым всеми. Нас не касается программа Президента "100 школ, 100 больниц". Наша школа рассчитана на 640 учеников, а учатся в ней более 2000 учащихся. не хватает класс-комплектов. В классах сидят по 35 и более учащихся. Начальная смена учится в 3 смены. Плюс ко всему одно крыло первого этажа отдали под детский сад.??? У нас нет детского сада. Так же у нас проблема с больницей. Есть только крохотная амбулатория. А если заболеешь ночью даже поехать не куда. мкр.Водник нас не принмает а из района помощи можно и не ждать... Почему про наши проблемы никто не ходатайствует???? Какое образование могут получить наши дети учась в таких условиях????? Очень хочется знать когда же наконец начнется строительство новой школы и больницы в нашем всеми забытом поселке????????…

Винокуров Максим (Талғар ауд, Талгар)

Здравствуйте ! у меня вопрос следующего плана -в г.Талгар в колледже Агробизнесса и менеджмента имени Масимхана Бейсебаева не подняли заработную плату на 30% с 01.09.2011 года! вопрос почему? по словам учителей организация имеет статус Гос.казенное предприятие. вроде же Государственное? почему не подняли? пожалуйста узнайте и разберитесь с этим!!!!!!!!!!!…

Байменова Гулжамал (Іле ауд)

Аса құрметті Аңсар Тұрсынханұлы. Мен 04.05.2005-10.12.2008 жылдар аралығында №28 орта мектебінде директорлық қызмет атқардым. 10.12.2008 жылы мен жұмыстан қысқартылдым. Қысқартылуымның себебін мектептің жойылуымен байланыстырғанымен негізінде мектеп қайта құрылды. Қысқартылуға байланысты жәрдемақы төленген жоқ. Өз құқығымды қорғап, сотқа да шағымдандым, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмадым. С.М.Мұқанов мырза мен Л.Т.Базарқұлова ханым 2 жылдан бері мені жұмысқа орналастырамыз деп өтірік уәде беріп келеді.
Сізден өтінетінім, осы заңсыздықтарды анықтап, менің қайта жұмысқа орналасуыма көмек сұраймын. Қарасай ауданында сіздің қабылдауыңызда болғанмын. Алдын ала алғысымды білдіремін.…

Айдар (Талғар ауд)

Менің бір сұрағым бар. Талғар қаласындағы №8 мектепте 11 сыныпта балам оқиды. Выпускной балға мұғалімі 30 000 теңгеден жинап жүр. ОЛ НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ??? МЕНІҢ АЙЛЫҒЫМ 35 000 ТЕҢГЕ, СОЛ АҚШАНЫ БЕРУ ҮШІН БІР АЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕКПІН. не деген ақшадан өлген мұғалімдер??? 15000 жинаса бір жөн.....…

Нұрмағанбетова Бах (Капшағай қ.)

Сәлеметсіз бе ? Менің Сізден білгім келіп отырған жағдай төмендгі мәтінде:
Қазақ жеріне 1992 жылы келгенбіз, өзім мектепте еңбек еткеніме 22жыл болды, білімім жоғары,жолдасым Қазақстан Қарулы Күштеріде еңбек етіп,қазір еңбек зейнеткері, 1 ұл,1 қыз тәрбиелеп өсіріп отырмыз,Ұлым жоғары оқу орнын (АТУ) бітіріп,қазір мамандығы бойынша жұмыс табылмағандықтан,ойын-сауық орталығында жұмыста,қызым ІТ-университетінде 1 курс студенті,мектепті "Алтын белгі"-мен бітіген.Бір кездері әскери қызметкерлер жанұясы құқықтары белгілі бір заң баптарымен қорғалады деуші еді,(бұл бап тармақтарын толық білмеймін,бұрын оны пайдаланып көрмеппін),сонымен биыл мен уақыты келіп,әрі мектеп завучтары санатыңды көтеретін уақыт деп,өткен жылы өтініш бергенмін,І-санатқа,жақында қалалық білім бөліміміз,бұл кісінің еңбегі жоқ деп санатымды бермеген, соның себебін Сізден білгім келеді?-Әкім мырза!, Тест сынағынан бірінші кезеңде-ақ өттім, Ұбт-бойынша 22,1, Оқушым Президент Тестіне қатысып 3-ші орынды алған, Өзімнің де, оқушымның да КҒА-дан мақтау қағазым бар,Қалалық панорамалық сабақта өткізген сабағым "Үздік сабақ" номинациясы атағын алды,Облыстық семинар ашық сабақ беріп "Атамекен" журналына жарияланған,қалалық семинар,тамыз мәслихатында 3 жыл қатары сабақ үлгісін өтемін,пед. оқуларға қатыстым,қатысасың деген жерге барлық уақытта бардым.Солай бола тұра, жасым 46-ға келіп,ІІ-санатта болу,ыңғайсыз екен,еңбегім болмаған уақытта жүрдім,түсіндім, кеше келіп ІІ санатты алып ж…

Карлыгаш Абекова (Қарасай ауд, каскелен каласы)

Құрметті аким мырза!
Қарасай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Оспанова өзінің қызметтік мәртебесін пайдалана отырып, жазылым бағасы 180 тенге тұратын 1/2011 жылғы «Атамекен-Ай» журналын, Ш.Оспанова алып келіп білім мекемелеріне алып сатарлықпен айналысып 700 теңгеден зорлықпен сатып ақшасын жинап алады. Жағдайы жоқ меңгеруші арендалық үйденде үй алыпты, ауданға қандай еңбегі бар екен. Бір мектепке 30-40 штуктан, бір мұғалімге бір журнал неге керек, әлде қымбат болуының себебі аудандық білім бөлімінің бастығы Ұ.Бархинова шыққан журнал болғандықтан ба? Осы жағдайды жазып аудан әкімінің сайтына шықтық, ешқандай нәтиже жоқ, білім бөлімі директорларды, директорлар завуч, мұғалімдерді қырып салды. Журналдын ақшасын жинап алды, кредитке, концертке, кітапқа жетпей жатқан жалақыны қайда жеткізерімізді білмей жүрміз. Кітапханаға 2-3 штук алса болмай ма, әдістемелік өзімізге керек кітап емес қой, мерекелерге беретін грамоталарды да меңгерушінің ставкасы бар жалындырып сүйінші сұрап барып сатады. Мұғалімдердің тестілеу кезінде ақша алған мұғалімдерге пән мұғалімдерін аудиторияға мұғалімдердің көзінше кіргізіп көмектестірді, айтқан мұғалімдерді директорларға айтып ауыздарын жапсын, сөйлемесін «жалмауызға жан керек» деген мақалмен алдын ала дайындап қояды.
ППНТН директоры Н.Еркімбаева ал Білім бөліміндегі ҰБТ-ге жауапты А.Еркімбаева 4-11 сыныптар арасында 260 теңгеден жиі ақылы тест өткізеді, 40 мың теңгеден курстар ұйымдастырамыз деп…

Шакиров Әділет (Қарасай ауд, Карағайлы ауылы)

Ассалямуалейкум!!!Құрметті Серік Әбікенұлы! менің сізге өтінішім мен Алматы қаласындағы Республикалық Медицина Колледжінің 4 ші курс студенті боламын, осы жылы соңғы курс болғандықтан мен ары қарай оқуымды шет мемлекеттердегі жоғары және сапалы білім беретін университеттерінде оқығым келеді алайда ата - анамның мені шет елде оқытқанға жағдайы келмейді. Қазақстандағы ірі компаниялардың жастарды шет елде оқыту туралы ақпаратты естіген едім, бірақ қандай компаниялар және қандай жолмен келісун білмеймін сол жағынан маған жәрдем етсеніз.коп коп рахмет!!!…

Жұманбекова Айнұр (Жамбыл ауд, Дегерес)

Сәлеметсізбе! Менің білгім келген мәселе қазіргі таңда "Дінтану" пәнінен сабақ беру нақты қай пәннің мұғаліміне жүктелген? Жамбыл ауданы Дегерес ауылындағы орта мектепте осы "Дінтану" пәнінен "Еңбек" пәнінің мұғалімі Сәрсенбиева Хадиша сабақ өткізіп жүр, осы жағдай дұрыс па? Аталған мәселе бойынша осы пән ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы нақты қай пән маманына жүктелгендігі туралы дұрыс мәлімет берулеріңізді сұраймын.…

Коянбаев Бексултан (Талғар ауд, с Берлик)

Ассаламағалеикум құрметті Умбетов Серик Абикенович! Мен Қоянбаев Б.Ш. Жамбыл облысында туып өскем. Талғар ауданы Бірлік ауылында 2002 жылдан бері тұрып келемін. Менің қызым Бексұлтанова Аибибі осы ауылдың №35 мектебінде 7 сыныпта оқиды. Қызымыз биыл бой жетіп Алланың құранындағы үкімін ұстанып басына орамал тағып мектепке бармақшы болған. Оған мектеп директоры ұрықсат етпейтіндігін айтты себеп ретінде АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 19,02,2010жылы №62-62-04/358 хатының көшірмесін ұсынды. Ол хатта мектептерде хиджап тағуды ұрықсат етілмейтіндігі жазылыпты. Құрметті Серик Абикенович мениң атам Қоянбаев Маден 6 жасынан намаз оқыған кісі еді Жамбыл облысы Жуалы ауданының мектебінде ұстаздық қылған. Совет заманы кезінде намазоқығаны үшін мектептен қуылған еді сойтіп 2жыл 6 баламен жумыссыз қалған енді оның немересін киімі үшін мектепке кіргізбеи қоймақшы. Біз егемендік алған заманда президентіміз "...дініміз ислам сондықтан кітабымыз құранды уағыздауымыз керек" деген сөзін калай іске асырамыз егер кұранда айтылғандай киіне де алмасақ. Қазқтың ұлттық орамалын қазақ жерінде тағуды ұрықсат етпесе. Кезінде дінін намысын қорғау үшін көшіп шетелге кеткен қандастарымыздай қалғанымызды да тентіретіп жібергісі келіп отқандар бар мекен бүл саясаттың төркінін түсіне алмадық. Құрметті Серик Абикенович сізден бідің хұқымызды қорғап беруіңізді сұраимыз. Алла разы болсын!…

Азат Сейылқан (Жамбыл ауд, Үңгіртас )

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Біздің сізге жазған баяндау хатымыз бойынша Ш.Б.Тұрысбекованы ҚР Еңбек кодексінің 54 бабының 11,13 тармақшалары бойынша жұмыстан шығарды. Енді ол кісі 2 айдан кейін жұмысқа қайта орналасмын деп жар салып жүр. Бұл кісінің жолдасы Тұрысбеков Қ.О директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болған. Мектептегі келеңсіз жағдайларға байланысты барлық мектеп әкімшіліг жұмыстан босатылып, тек жүктемелерімен қалдырылған болатын, бірақ 22.01. күні аудандық Білім бөлімінің бастығы Л.Х.Бакированың бұйрығымен Қ.О.Тұрысбековке Ш.Б.Тұрысбекованың лаборанттық жұмысының берілгені мәлім болды.Сонда география пәні мұғалімі химия,физика пәндерінің зертханасына лаборант болуға бола ма?.. Әлде бұл мемлекеттік мекеме Тұрысбековтардың жеке мектебіне айналғаны ма? 2010 жылдың қыркүйек айынан Тұрысбековтарға жиен Манасов Ерсін деген азаматты дене тәрбиесі мұғалім ретінде қабылдады.Оның бұрын қыз зорлап,сол қыздың өліміне қатысты түрмеге отырғаны да ескерілмеді.Мамандығы бойынша жұмысқа орналастыра алмаған қызын 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап қыздары А.Тұрысбекованы хатшы ретінде жұмысқа қабылдатты.Бұл мұғалім жұмыстан шығып кетсе де аудан басшыларына өзінің үкімін жүргізіп отыр. Бұл қалай? 2011 жылы елімізде білім жылы болып жарияланса да, мектебіміздегі шәкірттеріміз осы күнге дейін аталған пәндер б ойынша зертханалық жұмыс дегенді лаборатория тарапынан көрген емес.Енді ғана шындықтың шырғалаңы ашылған сәтте,оқу білім базасына кімдер жанашырлық танытады?

Қалыбаева Ақмарал (Жамбыл ауд, Үңгіртас ауылы)

Құрметті Серік Әбікенұлы! Біз Үңгіртас орта мектебінің ұжымы мектебімізде орын алған келеңсіз жағдайлардың шешімін табуға көмектесуіңізді , Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сеніміне лайық тұлға болғандықтан сізден мектеп ұжымының "ЖАН АЙҚАЙЫН" шұғыл түрде шешіп беруіңізді сұраймыз.
Біздің хат жазу себебіміз, мектебіміздің химия-биология пәні мұғалімі және лаборант Шолпан Бейсеғұлқызы Тұрысбековамен бір ұжымда жұмыс істеуден бас тартамыз. Өйткені ол педагогқа жат қылықтар көрсетіп, ұжымдағы мұғалімдердің ар-намысына қол сұғып және жеке өміріне араласып, тіл тигізіп, балағаттайды. Мысалы: мектептегі жас мұғалім, тұл жетім М.Жұмабаеваға әке-шешесінің қалай қайтыс болғандығын, әсіресе анасының «асылып өлгендігін» үнемі айтып, дүниеге әкелгелі отырған үшінші сәбиінің кемтар болып туылуы мүмкіндігін айтып жүрегін жаралайды. Сабақ уақытысында мұғалімнің рұқсатынсыз сабаққа кіріп «топас», «сүмелек», «цаплячка» т.б. адам аузы бармайтын сөздерді айтып, психологиялық қысым көрсетеді.
Информатика пәні мұғалімі Л.С. Оспанбаеваға қанішер Бахтияр Қонаевтың қолынан өлген сіңілісін бетіне басып, «сауыншы», «қанатыңды қырқамын», «топас» деген сөздерді айтып жүрек ауыруына шалдықтырды.
Кітапханашы Ж.Батырбаеваның қызы Оразақын Салтанаттың (диагнозы «ДЦП гиперкиническая форма тяж. степений») мүгедектігін және дені сау 9-сынып оқитын ұлын «екі балаң да мүгедек»- деп үнемі жүрегіне тиетін ауыр сөздермен жанын жаралап, денсаулығына нұсқан келтірді.

Бақытжан Шынар Ерж (Жамбыл ауд, Үлгілі ауылы)

Сәлеметсізбе! Мен Үлгілі орта мектебінің 11- сынып оқушысымын. Менің сұрайын дегенім, біраз уақыт ғылыми жобаға дайындалып жүрмін. Соны республикалық деңгейге шығарғым келеді. Ол үшін ең алғаш аудандық конкурстан оту керек деп естідім. Сол аудандық конкурс қашан және қай жерде болады екен, соны толықтыра кетсеңіз?…

Бабашева Райхан (Талдықорған қ.)

1 жыл бала бақшада тарбиеші болып жумыс істедім.9 жыл мектепте бастауыш мугалім болдым. 6 жыл университетте методист жумыс аткарып келемін.Жалпы стаж 16 жыл.Бала бақшанын меңгеруші болу үшін стажын жетпейді деп іс қағаздарымды қабылдамай отыр.Бала бақшаның менгеруші болу үшін қанша еңбек стаж керек?…

Апииева АЙжан (Жамбыл ауд, Ұзынағаш ауылы)

Мен мұғалім болып жұмыс істегеніме 20 жыл болды.Маған жер беруіңізді сұраймын…

Aбен Толғанай Айдынқызы (Көксу ауд, Балпық би кенті)

Алматы облысының әкімі
Үмбетов Серік Әбікенұлына

Сізге «РАХМЕТ АЙТСАМ» - деп едім.
Аса құрметті Серік аға!
Сізді қадір тұтып,Сіз арқылы мақтанатын Жетісу халқының біреуі мен екенімді өзіме мақтан етемін.
Бұл мақтаныш сезімі менің енді ғана басталған болашақ өміріме үлкен жол сілтеген бағдаршам екеніне сенемін.Ел тәуелсіздігімен бірге өмірге келіп,еліміздің азат ойлы бір ұрпағы болып қалыптасқан мен үшін Отан,ел мен жер, көк ту,ән-ұран,ата-ана – деген қастерлі ұғымдардың ішінде Сүйікті Президентіміз Н.Ә.Назарбаев және аса құртметті Серік аға өзіңіз менің балалық жүрегімнің төрінен мәңгілікке орын алдыңыз.
Сіздің әркез жастарды қолдап, жастардың намысын қайраған өсиет сөздеріңізді өзіме бойтұмар еткен мен – 11 жыл бойы оқуда үздік болып аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі білімнен, өнерден, спорттан өткізіліп келген түрлі байқауларда аудан намысын қорғап,жүлдесіз қайтқан кездерім болмады. Өз мектебімнің, өз ауданымның мақтанышы болдым. Алайда биылғы мектеп бітірген жылы ҰБТ-де жақсы көрсеткіш көрсеткенімен, өзім армандаған (110-120) балға қол жеткізе алмадым.
Бұл жолы «Бабым келіссе де бағым келіспегендей» сезіліп, жаным жабырқаған сәтте жүрегімнің түбіне алтын әріппен жазылған Сіздің бір кездері басымнан сипап, бауырыңызға басып тұрып «Қайда жүрсем де өзім оқытамын» деген әкелік қамқорлықпен айтқан сөзіңіз көңіліме демеу болды.
Мен бүгін де тікелей Сіздің әкелік қамқорлығыңыз арқасында Алматы қаласын…

№ 14 орта -мектеп ги (Талдықорған қ.)

Cәлеметсіз бе! Серік Абекенұлы. Біз сізге томендегі хағдайды айтқымыз келеді. Жақында ғана теледидардан мектептептегі ұл балалардың қорқытып ақша жинауының арты қайғылы оқиғамен аяқталғанын коріп едік. Осыдан кейін барлығы орнына келер деп едік. Ал енді ұл балалардың қорқытқаны былай тұрсын енді Спорт мектебінң қыздары келіп қыздарымызды қорқытып, ақша талап етіпті. Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Ертеңғі күні қыздарымызға бір жағдай болса сонда кім жауап береді. Ол мектептің қыздары дзюдоисттер ал біздің қыздарымыз жай ғана мектепте оқиды . Сонда спорт мектебінде спортшыларды емес рэкеттерді дайындап жатыр ма? Бізді осы жағдай қатты алаңдатып отыр.Мектепке келіп қыздарды тізерлетіп отырғызып әбден мазақ етіпті. Не деген сұмдық . Мектеп директорына айқанмен ешқандай шара қолданылмайтынын біліп сізден осы жағдайға байланысты бір шара қолдануыңызды сұраймыз.…

Жумабаев Қырғызбай (Жамбыл ауд, Сарыбастау)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сізге хат жазып отырған Сарыбастау ауылының тұрғындарының атынан ауыл ақсақалдары Жұмабаев Қырғызбай және Есжанов Қуаныш. Біздің ауылдағы Сарыбастау орта мектебі 1965 жылы тұрғын үй жайға бейімделіп салынған, жалпы алаңы 320 шаршы метр, мектепке арнайы салынбаған. 1935 жылы салынған екінші мектеп ғимараты бар, ол балалар өміріне қауіпті болғандықтан, бұл ғимаратта оқытылмайды. Мектепте барлық кабинет саны -8,1-кабинетте мұғалімдер бөлмесі мен мектеп директорының кабинеті орналасқан, қалған 7-бөлмеде 12-сынып комплектісі және мектеп алды даярлық тобы оқытылады. Қазіргі уақытта мектепте 204 оқушы 3-кезеңде дәріс алуда.
Сабақтан тыс үйірме ,қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ. Сынып бөлмелері өте тар, санитарлық нормаларға сай емес. Мектепте акт залы, спорт залы мүлдем жоқ, дене шынықтыру сабағын оқушылар қысы-жазы далада өткізуде. Мектеп ескірген, арнайы салынбағандықтан оқушылардың білім алуына қолайсыз. Заман талабына сай физика, химия кабинеттерінің зертханалары жоқ.
Қазіргі уақытта мектепте бала саны өсуде, балаларымыздың ескі, жағдайы жоқ мектепте оқитыны қынжылтады. Балаларымыздың заман талабына сай мектепте білім алуын қалаймыз.
Құрметті Серік Әбікенұлы! Біз ауыл тұрғындары ауылда жаңа мектеп салынуына ықпал етуіңізді сұраймыз. Осы сұрақтың оң шешімін табатынына сенеміз.

Ауыл тұрғындары атынан ауыл ақсақалдары:

Галымурат Жукел (Талдықорған қ.)

Армысыз, Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен биылғы жылдың түлегімін. Мамандығым дінтанушы, Алматы қаласында Шет тілдері және іскерлік карьера университетін бітірдім. Мемлекеттік "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентінде орналасқан 3 мектепте (Қарабұлақ орта мектебі, Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп гиназиясы, Титов атындағы орта мектеп) дінтану пәнінің мұғалімі қызметін атқарамын. Жаңа 2010-2011 оқу жылында қазан айының басына дейін мектептерде сабақ беріп жүрдім. Алайда қазан айының басында, атап айтқанда 4-і күні мектеп директоры маған жаңа қаулыға байланысты, мен тек 3-ші тоқсаннан бастап-ақ сабақ беретінімді айтты. Бұрын мен аптасына 8 сағат сабақ беретінмін, жалақы аз, дегенімен менде әлі дәреже жоқ, осыны жақсы түсінемін, әрі ұстаздық мен үшін құрмет болғандықтан бір Аллаһқа аманат деп жұмысымды жасай бердім. Ал енді менің алдымда бір үлкен сұрақ тұр: я екі ай күту, я басқа жұмыс табу. Құрметті Серік Әбікенұлы, сіз жас ұстаздардың мәселелерін өзгеден артық біледі деп, үміттене сізге осы мәселе бойвнша хабарласып тұрған жайым бар. Дінтанушылар еліміз бойынша аз, мектепте дінтанушы ұстаз жетіспейді дегенді жиі естіп отырмын. Бірақ та мектепке келген ұстаздың алдынан да мынадай мәселе шығып тұр. Осы мәселені қақстыуыңызды сұраймын. Ізгі ниетпен және аса құрметпен: Галымурат Жукел.…

ата-аналардан (Жамбыл ауд, Алматы облысы Жамбыл ауданы Копа бекеті)

Кұрметті Серік Әбікенұлы!
Сізге өтініш жазып отырған Алматы облысы Жамбыл ауданы Копа бекетінің тұрғындары; Себебі: Копа орталау мектебінде біздің балаларымызға завхоз ешкандай дипломсыз сабақ беріп жүр. Жыл басынан бері 4 - сыныпта орыс тілі, өзін - өзі пәндері өтілген жоқ. Жоғарғы сыныпта оқитын балаларымыз сабақтан үйге ерте келеді, сабақтары түгел өтілмейді. Абитаев Данияр ағайдың георафия және құқық пәндері жиі-жиі өтілмейді. Сабақ үстінде директор А.Е.Ракишева мұғалімдерді сабақ үстінде жинап жиналыс өткізеді, сол себепті біздің балалар далада ойнап жүреді. Мектеп директоры бізбен сөзге келіп калған жағдайда өшін балаларымыздан алады. Сол себепті кейбір ата - аналар балаларын басқа мектепке оқытуға мәжбүр болып тұр. Өтінішке аты - жөнімізді көрсетпей тұрғанымыздың себебі сол.
Біздің өтінішімізді карап беруді сұраймыз.
Өтініш / жазушы ата - аналар.…

Информатика мұғалімдері (Жамбыл ауд, барлық ауыл)

Құрметті Серік Әбікенұлы! Сізге хат жазып отырған аудан информатиктерін мына мәселе толғандырады.Бүгін қыркүйек айының 16 сы. Барлық мектепте мұғалімдерге жүктемелер бөлініп берілді. Мектептер толық қарқынмен оқушыларды оқытуға кірісті. Міне осындай уақытта аудандық білім бөлімі мектеп директорларына информатик мұғалімдердің апталық сағаты қысқарғанын хабарлайды. Яғни бұрын сыныптағы 26-30 баланы бөліп 2 топта сабақ өтсек аптасына ол 2 сағаттан болады.Енді міне осы оқушылар 2 топқа бөлінбейді жергілікті бюджетте қаржы жоқ деп аптасына 1 сағаттан бермекші. Сонда кейбір мұғалімдер 7 сағатпен , кейбіреулері 12 сағатпен қалуда.Мұғалімнің толық апталық жүктемесі 18 сағат болу керек.
Біріншіден, бұндай сағатпен қалай семья бағуға болады?
Екіншіден, министрлік немесе аудандық білім бөлімі неге ертерек бізге осылай қысқарту болатынын 1-2 ай бұрын ескерпейді, біз басқа жерден жұмыс іздер едік.
Үшіншіден, информатика кабинетінде 12-14 компьютер орналасқан 30 баланы қалай компьютерге отырғызып жұмыс істетуге болады?
Төртіншіден, ақпараттандыру жөніндегі орынбасар немесе модератор штатын енгіземіз деген министрлік бұйрығы әлі шешілмеуде.
Қазіргі уақытта ақпараттандыру мәселесі ауқымын кең қанат жайған заманда оқушылардың компьютерлік білімін көтеруден қаржы аяған жергілікті атқа мінерлердің бұл әрекетін қалай түсінуге болады?
Егер министрлік бұйрығы дұрыс шешім болса сағаты азайған информатик мұғалімдерге факультатив немесе үйірме сағаттары есебі…

Дюсенов Жетыбай Аманбайұлы (Талдықорған қ., Еңбек ауылы, Панфилов көшесі 5)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен, Дюсенов Жетыбай Еңбек ауылының тұрғынымын. Жасым 61 де. Жағыма жасалған бірінші операциядан кейін сөйлеу қабілетімнен айырылғанмын.
Бір ұл, бір қызым бар. Қызым тұрмыста.
Қазіргі таңда ІІ топтағы онкологиялық аурудан мүгедекпін.Қазір ауруханада Алматы қаласында жатырмын.Алдағы аптада жағыма үшінші операция жасамақшы.Оның қалай боларын бір құдай біледі.Әйелім 04 наурыз 2010 ж қайтыс болған.
Менің Сізден сұрайын дегенім ұлым -Аманбай Елдар Жетыбайұлы Талдықорған қаласындағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ақылы бөлімінің ІІІ курс студенті. Баламның оқуының ақшасын денсаулығыма байланысты төлей алмай отырмын, себебі мүгедектік зейнетақым қазіргі таңда өзімнің дәрі-дәрмегімнен аспайды. Сондықтан Сізден өтінерім баламның жартылай жетім, әкесінің мүгедек екендігін ескере отырып, оқуының қаражатын жартылай төлеуге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Оқу орнына өтініш жазған едім, ешқандай көмек болмады.
Сізден сұрарым-менің осы хатымды жауапсыз қалдырмасаңыз екен.Сізге Алланың нұры жаусын! Жауабыңызды асыға күтемін.…

Мархабат (Талдықорған қ.)

Серік Әбікенұлы мырза! Менің сізге қоятын сұрағым: Талдықорған қаласында тұратын балаларды мектеп интернатқа беруге бола ма? Егер болса сізден өтініп сұрарым, мен өзім Алматы қаласының тұрғынымын. Менің сіңілім Талдықорғанда тұрады, мкр. «Молодежный» 14-үй 28-пәтер. Аты Гүлжанат Жагыпарова 1981 ж. қызы Усерова Толқын 2000 ж 5 (бесінші) сыныпқа бару керек. Гүлжанаттың әке-шешесі жоқ, қайтыс болған, күйеуден ажырасқан. Жалғыз басты ана. Қызын мектеп-интернатқа орналастыруға көмек берсеңіз деймін. Қызына бола жұмыс жасай алмайды. Мектептен күтіп алады, қыз бала болған соң қорқады, өзіңіз түсінесіз ғой. Сенбі жексенбі күндері барып алып тұрар еді. Сізге бір көмек болар деп хабарласып тұрмын. Сізден бір жақсы хабар естимін деген үміттемін. Байланыс тел; үй 2253620 ұялы 87771805130 Гүлжанат. 87051373654 Мархабат Талдықорған қ.…

МАРХАБАТ (Талдықорған қ., Алматы)

Сәлеметсізбе әкім Серік Әбікенұлы мырза!
Менің сізге қоятын сұрағым Талдыкурган қаласында тұратын балаларды мекетеп интернатқа беруге бола ма?
Егерде блоса сізден өтініп сұрарым мен өзім Алматы қаласынның тұрғынымын. Менің сіңілім Талдыкурғанда тұрады. мкр Молодежный 14 уй кв 28. Аты Гульжанат Жагыпарова 1981ж қызы Усерова Толкын 2000 ж 5 (бесінші сынып)қа бару керек. Гульжанаттын әке шешесі
жок кайтыс болган куйеуден ажырасқан. Жалгыз басты ана. Қызын мектеп- интернатқа орналыстыруға көмек берсеңіз деймін. Қызына бола жүмыс жасай алмайды. Мектептен күтіп алады қыз бала болған соң қорқады өзіңіз түсінесіз ғой. Сенбі жексенбі күндері барып алып тұрады. Сіздің ауданның тұрғыны ғой сол себептен сізге бір көмек болар деп хабарласып тұрмын. Сізден бір жақсы хабар естимін деген үмітпен. Байланыс тел; уй 2253620 уялы 87771805130 Гульжанат. 87051373654 Мархабат…

Туратпекова Жанар (Талдықорған қ., М-он Коктал)

Құрметті Серік Үмбетұлы! Мен биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Химия факультетін Қызыл дипломмен битирип келдим.Университет қабырғасында әр түрлі іс шараларға қатысып,ғылыми конфиренциялардың жүлделерине ие болдым,дипломдық тақырыбыма байланысты Химик анықтамалығы атты журналға мақаламда жарық көрді.Өзім ҚазҰУ қалашығындағы жатақханада тұрып,екі жыл студенттер кеңесінің төрайымы болдым.Енді оқуды бітіріп, өзімнің туған қалама Талдықорғанға келіп жұмыс істейін десем, жұмыс жоқ.Сіз ,жастарды қолдайды деген үмітпен,сізге осы хатты жазып отырмын.Осы хатыма жауап қайтарады деген үміттемін.Әкем жоқ,ал шешем болса жалғыз. Сондықтан маған жұмыс өте қажет. Менің мамандығым химия пәнінен мұғалім. Сау болыңыз.…

Амирова Айдана ҚайѢ size= (Талдықорған қ., Қаратал ауданы, Кальпе ауылы, Қонаев кошесі №30)

Сәлеметсіз бе
Серік Әбікенұлы Үмбетов!
Мен БҰТ-ден 107 балл жинап едім. Орыс тілін алып тастағанда 86 балл. Документімді жинап С.Асфендияров атындағы мед.академияға Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университетінің қабылдау бөліміне тапсырған едім. Бірақ, түсе алмадым. Ал "ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАН" және интернеттен қарағанымда 80 балмен грантқа түскендердің тізімі өте көп екен. Ал ауылдық квотадан 75 баллмен түскендер де аз емес.Содан, документімді алып, Алматыдағы С.Асфендияров атындағы мед.академияға барып ректорына жолықпақшы едім,біреуі демалыста деп, біреуі обходта деп қуып жіберді. Мен ауылдық болғандықтан, ауылдық квотамен түсуіме мүмкіндік бар еді. Аттестатымда 13 бестік, 6 төрттік, 1-ші сыныптан бері үштік баға алып көрген емеспін. Ауданнан биологиядан үздік оқушы ретінде бірінші дәрежелі диплом алғанмын. Мед.академияға түсуім үшін 3жылдан астам дайындалдым. Коп балалы отбасынан шығып отырмын. Ақылы оқуға шамамыз жетпей тұр. Әке-шешем жұмыссыз. Грантқа түсуіме қол ұшыңызды беруіңізді сұраймын!!!…

Алмас (Қарасай ауд)

Серік Әбекеұлы!
Сізге мен облыс информатиктерін толғандырып жүрген сұрақ бойынша хат жазып отырмын.Бізді тамыз айында аудандық білім бөлімі тарапынан әр мектептепте ақпараттандыру , жергілікті желі, компьютермен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру үшін арнайы модератор немесе мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары штаты 1 қыркүйек айынан бастап беріледі деп оқытқан еді осы штат беріле ме? Оның қаржысы бөлінген бе? Себебі сендерге осындай штат беріледі деген желеумен мектеп директорлары біздің бұған дейін беріп жүрген сағатымызға маман алғысы келеді.…

Қазыбаева Айдана (Панфилов ауд, Жаркент қаласы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен Қазыбаева Айдана Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласының "Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік мекемесінің, биылғы 2010 жылдың мектеп бітіруші түлегі едім. 4-ші маусым күні Ұлттық біріңғай тест тапсырдым. Алтын белгіге үміткер болатынмын. 4-ші маусым күнгі тест нәтижесі бойынша менің жалпы балым 111 балл болды./қазақ тілі-21 балл, орыс тілі - 24 балл, қазақстан тарихы - 23 балл, математика - 19 балл, дүние жүзі тарихы - 24 балл/. "Алтын белгіге" математика пәнінен тек бір ғана балым жетпей қалды! Мен 1-ші сыныптан 11-сыныпқа дейін бір төрт деген баға алмай, тек кілең беске оқып, алдыма 11-сыныпты "Алтын белгімен" бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетіне түсіп, Қазақстан Республикасының дамуына өзімнің үлкен үлесімді қоссам, халқыма адал қызмет етсем деген мақсат қойғанмын. Өкінішке орай 4-ші маусымдағы тест нәтижем бойынша менің бір ғана балым осы мақсатымның орындалуына нұқсан келтіре ма деген қүмәнім бар?! Соған сізден өтініп, көмек сұраймын! Менің "Алтын белгі" алуыма, не болмаса Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінің мемлекеттік грант иегері болуыма көмектесуіңізді өтініп, сұраймын! Көмек қолын созсаңыз сіздің және халқымның үмітін ақтауға сөз беремін!!! Міндетті түрде көмек қолын созуыңызды өтінемін! Қазіргі кезде сіздің көмегіңіз маған өте қажет, менің тағдырым осы уақыт ішінде шешілетін секі…

Алия (Кербұлақ ауд, Сарыозек)

Алматы облысы Әкімі
С.Ә.Үмбетовқа

Шұғыл хат !

2010 жылдың 4 маусымында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебінің базасында орналасқан №760 тестілеу орталығында Ұлттық біріңғай тест өткізілді. Осы тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның 6 мектебінен келген 32 оқу озаттары 19-47 балдан алды. Оның ішінде 9 бала «Алтын белгіге» үміткерлер. Бір бала емес, бірден 32 баланың осындай жағдайға ұшырауы ата-аналарына күдік туғызып отыр. Біздің ойымызша, комиссия тарапынан бірқатар кемшіліктер болды. ҰБТ өткізу ережесінен тыс ауытқушылықтар болып отыр. Комиссияның құрамына ережеге сәйкес, балалалардың құқығын қорғайтын органның, бұқаралық ақпарат құралдарының мүшелері қатысуы керек еді. Бірақ бұл құрылған комиссияға кірмей отыр.
Тестің қорытындысы кешкі сағ.22-де белгілі болды. Жоғарыдағыдай балл алған балаларды ұстай алмай, ата-аналары жан-жаққа түн жарымда көше кезіп жүгірді. Комиссияның төрайымының түсіндіруі бойынша, тестілеу парағындағы нұсқа нөмірлері шатастырылған.
Бұл жерде ата-аналардың кінасынан болып отырған жағдай деген шешімге келіп отыр. Ата-аналар аудиторияға кірген балаларының тағдырын сол комиссияның қолына тапсырып отыр емес пе? Неге өз білімімен жазып отырған баланың нұсқасын тест орталығының бастығы келіп, басқа нұсқаға ауыстыртқан? Әлде ауданның рейтингін көтеру керек болды ма?
Жыл бойы байқау…

Касенов Мурат (Панфилов ауд, Жаркент)

Қымбатты Серік Әбікенұлы !




Мен, Қасенов Мұрат биылғы 2009 – 2010 оқу жылында Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы гуманитарлық – техникалық колледжінің «жалпы бастауыш білім» мамадығы, «Бастауыш сыныптағы информатика пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу орнын бітіргелі отырмын. Колледжге түскенге дейін алматы қаласындағы № 1 «Бағанашыл» балалар үйінде тәрбиелендім. Келешекте осы оқу орнын бітіргеннен соң Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Евразиялық университетінде оқуды армандаймын. Бірақ ақылы оқуға жағдайым жоқ. Көмектесетін ата – анам, туыстарым жоқ. Соны ескере отырып, маған оқуға түсуге және мемлекеттік грант алуға көмектесуіңізді өтінемін.



Қасенов Мұрат
Жаркент гуманитарлық-
техникалық колледжінің
4 курс студенті
Байланыс телефоным: +77022529019…

Жандос (Қарасай ауд, Қырғауылды ауылы)

Салеметсіз бе, Серік Әбікенұлы!
Біздің ауылда бір жаңа мектеп салынды, оған көп рахмет айтамыз!
Бірақ оған қуанарымызды, қуанбасымызды да білмейміз. Өйткені, біздің ескі мектепте спорт зал, акті залы, асханасы жоқ. Жаңа мектепке барғымыз келмейді, өзіміз үйренген ескі мектеп біз үшін ыстық. Және жаңа мектепке бәріміз симаймыз. Былтырғы жылы біздің ата-аналардың өтінішіне ауылдарыңызға жаңа мектеп салынды, сол жетеді деген жауап алдық. Сонда президентімізід әрбір мектеп толығымен жабдықталуы керек деген талабы, бізге қатысты емес пе? Осы мәселеге сіз қалай жауап бересіз?…

Панфилов ауданы НәТ size= (Панфилов ауд, Нәдек)

Алматы облысы әкіміне Серік Үмбетовке,

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Біздің балаларымыз осыған дейін іргетасы 1963 жылы қаланған, ескі мектепте оқып келген-ді. Үстіміздегі жылдың ақпан айында мектептегі бір сыныптан электр желісінің тұйықталып өрт шығып, ескі сыныптың белағашы жанып, төбесі ортасына түсті. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ. Біздер, ата-аналар мектеп директоры Бейсембаев Абдрахманның жағдайды осыған дейін жеткізген салғырттығына наразымыз. Осыдан кейін аудан орталығы Жәркенттен өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіріп, мектепке қара құлпы салды. Біздің Нәдек ауылындағы мектеп екі корпустан тұрады. Бір корпус айтқанымыздай төбесі түсіп жарамсыз болып қалды. Екіншісі, 4 бөлмелі бөлек корпус. Білім ордасында 320-330-дай оқушы білім алып келеді. Қалай болғанда да, оқушылар оқу бағдарламадан қалмай оқу керек. Осыдан кейін мектептің шеберханасы мен медпунтке арналған бөлмелерде оқу жалғасуда. Бұл бөлмелер де аздық еткен соң, ауылдағы мәдениет үйінің бір бөлмесі мен соның жанындағы күрес залы сыныпқа айналды. Мәдениет үйінің жылу жүйесі жұмыс істемейтіндіктен ол жерге пеш орнатылған. Аудан әкімі Ермек Келемсейітов халықпен кездескенде жаңа мектеп салуға 329 миллион теңге бөлінген жеткізіп, қуантып тастады. Бұл іске Сізде қолдауымен білдіргеніңізді білеміз.
Енді негізі әңгімемізге көшсек, 2000 жылдан бері мектебімізді басқарып келе жатқан (көрші Алтыүй ауылының тұрғыны) Бейсембаев Абдрахман Тұрлығожаұлының өз ісіне жауапкершілікпен…

Бекшоинова Айман Қуанышқыз (Талдықорған қ., Еркін ауылы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Саламатсыз ба? Сіздің бүгінгі таңда дағдарыстың дауылына қарамай, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жағдай жасап, ризашылылығына бөленіп жүргеніңізден хабардармыз. Алланың нұрына бөленіңіз!
Мен Семей жерінен былтырғы жылы тұрмыстық жағдаймен Талдықорған қаласынан қоныс тепкен болатынмын. Өзім 7 баланы өмірге әкелген көп балалы анамын. Жолдасым 2008 жылы қайтыс болған. Үлкен қызым биыл тұрмысқа шықты. Одан кейінгі ұлым жасы 23-те, жұмыссыз. Ал, екінші қызым болса Семейдегі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мемлекеттік университеттің сырттай бөлімінде 2-курс оқиды. Қаражаттың болмауынан осы қызым кезекті сессиясына бара алмай отыр. Ал ортаңғы ұлым мен қызым Талдықорған қаласындағы Гуманитарлы-экономикалық колледжінде ақылы бөлімінде оқиды. Қаражаттың болмауынан осы қызым кезекті сессиясына бара алмай отыр. Ал, кіші екі ұлым мектеп қабырғасында. Өз басым жұмыссызбын. Әйтеуір мемлекет бөлген жәрдемақымен нан-тұзымызды айырып отырмыз. Осы балаларымды жеткізсем деген ниеттемін. бірақ өзіңіз білесіз мұндай заманда жалғыз басты анаға күнкөрістің өзі ауыр тиеді. Мен сізден сұрайын дегенім - осы студент балаларымды өзіңіз жылда бөлетін облыс әкімінің грантының тізіміне алсаңыз деген тілегім бар. Сізден үлкен үміт күтемін. Алдын ала көп рахмет…

Смылтирова Кумисжан (Алакөл ауд, Алакөл ауданы Достық бекеті)

Құрметті Серік Әбікенұлы мен сізге қояын деген сұрағым менің қарауымда бауырымның қызы Смағұлова Шынар аты жетім қыз тәрбиеленген 9-сыныптан кейін Жетісіу мемлекеттік коледжіне түскен қазір 1-курс оқып жұр. Жылдық оқу ақысы 110000 теңге, өзінің әкесі де, шешесі де қайтыс болған сол балаға мемлекеттік оқу гранты бола ма? Сізден көмек күтеміз.…

Сайлау Күншай (Іле ауд, Жетіген ауылы)

Мен Сайлау Күншай 2009 жылы Илияс Жансүгүров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітіріп, Алматы облыс Іле ауданы Жетіген ауылы №11 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жұмысқа орналастым. Жас мамандарға қайтарымсыз көмекті әлі ала аламадым. Қажетті құжаттарды Іле ауданының білім бөліміне өткіздім. Осы сұрақ бойынша жауап бере аласыз ба?…

Жагпарова Гулжан Б. (Талдықорған қ.)

Салеметсізбе күрметті Серік Әбікенұлы Ү. Мен Талдыкорған тұрғынымын жұмыссыз жалғыз басты анамын. менің кызым 4"ә" сынып окушысы №25 мектепте.бұрын №16,да окыған еді,. 1-2 токсанда Алматы каласында окыды. Менің сізге кояр сауалым бастауыш сыныпта олар асханадан тамак ішеді,бірак кызым Алматыда окығанда асхана тегін болды.Ал Талдыкорған мектептерінде асхананың бәрі ақылы.Сонда Алматы қаласын бюджет қамтамасыз етеді де Талдықорған қаласы бюджетке қарамайдыма?Мен әрқашан балама ақша тауып бере алмаймын ғой қазір жұмыссыз болғандықтан.Неге Талдықорғанда да тегін болмасқа.барлық мектебіміз үкіметтік қой.Осы сауалыма жауап алсам деймін.Рахмет!…

Медетбекова Периза (Қарасай ауд, Алматы облысы Карасай ауданы, Жандосов ауылы)

Біздің көше тұрғындарына берген жауаптарыңызға, оның үстіне осы Жандосов ауылының әкімшілік қызметі "Бердімұрат" мырзаның жауабына қанағаттана алмай отырмыз.
Өйткені, су күн аяз болғанда қатып қалған дейсіз, ал жаз айында судың болмауын немен түсіндіресіз, оның үстіне түнгі 12.00-ден кейін аққан судың таза еместігіне не дейік.
Екіншіден, ауылдық әкімшілікке барғанда Бердімұрат атты қызметкердің жауабы мені қатты қынжылтты, "Сен жер телімін аларда ешбір жағдайы жоқ екенін білдің" - дейді. "Соған қарамастан алдың, енді не демексің" деген сөздері қызметіне де, жасына да келмес еді. Мен ол кісінің жерін алғаным жоқ, оның үстіне өз қалтаңнан шығарып жағдайымды түзе дегінім жоқ. Олай істесе де қазақ еркектеріне тән емес пе?!
Ең негізгі тағы бір айтарым, ол біздің учаскелік полиция туралы. Біздің білуімізше учаскелік полиция өзін халықпен таныстырып, отыратын жерін, байланыс телефондарын беріп, ел тыныштығын қорғаушы еді. Біз әлі күнге дейін танымаймыз, 2010 жылдың 27 қаңтар айында үйімізге ұры түскен ол бойынша Қарасай аудандық полициялар келді, ең қызығы ол мәселе учаскелік полицияны ешбір ойға салар емес.
Сондай күн туғанда барып білдім мен де, менің көршілерімнің бірі де учаскелік полиция тұрмақ оның отырар жерін де білмейді. Соған қарағанда "Наша милиция нас бережет" деген сөз далаға қалып түрғаны ғой!…

dosjan kurmet (Талдықорған қ., астана)

Құрметті Серік Әбікенұлы! менын сызге сурагым аудандарыныздагы жогаргы оку орындарына жыл сайынгы болынып отырган оку гранттарынын саны канша, жылдар бойы яғни жыл сайын грант иегерлеры кобеюде ме алде азаюдама? Асыресе сол мамандыктардын ышынде ен кобы кай салага болынеды, жане гуманитарлык салага канша накты айтканда? 2010-2011ж.ж оку жылдарындагы жоспар? сырттай оку орнын бытырушы студентттердын кобысы кай салада? рахмет! БАК.астанадан…

Бердибеков Ажкен (Жамбыл ауд, Алматы)

Құрметті аға мен казҰУ универститетинде 1-курста ақылы бөлімде оқимын, қазіагі таңда сабағым бәрі бес. сізден суранарым, оқудың ақысын әке -шешем төлей алмағандықтан,сізден маған грант болуіңізді өтинемин! тел-87774672518…

Смагулов Самат (Алакөл ауд, Алакөл ауданы Достық поселкасы)

Менің ұлым Достық қазақ орта мектебінің 6 сыныбында оқиды. Осы 6 сыныпта 36 бала оқиды, сапалы білім алу үшін оқушылар өте көп, 6 сынып екеу, екеуінде де 36 оқушыдан. Мектеп жаңа, өте кең неге осы 6 сыныпты үшке бөлмеске? Мен мектепке барып жағдайды оқу ісінің меңгерушісінен білгенімде "облыстық білім бөлімі жауып отыр" деген. 5 сыныпта негізі 3 сынып болған. Біз мемлекеттік маңызы бар аймақта тұрамыз, осыны ескере отырып келешек ұрпақтарымыздың бәсекеге қабілетті ел болу үшін маңызын ескере отырып біздің Достық қазақ орта мектебіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын.…

Калимова Айгүл Жақсылыққыз (Еңбекшіқазақ ауд, Шелек ауылы)

Құрметті С.Әбікенұлы!!!
Сідің елімізге сіңірген еңбегіңіз үшін,алғысымыз шексіз!!! Менің сізге хат жолдау себебім,бір жылдай болды,жұмысқа орналасайын деп қаншама жерге барсам,орын жоқ деп қайтарып жібереді...Тек өзім үшін ғана емес,мен сияқты қаншама жұмыссыз жүрген жастар атынан сұраймын!!!Егер жас мамандарға жұмыс берілмесе,несіне еңбектеніп,оқуға түсіп,бітірдік деп ойлаймын! Жастар қиын заманда қиналып жатыр...Сізге осы хат жетсе екен! Көп рахмет!!!…

Ажар Рысбекқызы (Жамбыл ауд, Ұзынағаш ауылы)

Сәлеметсізбе құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен Ұзынағаш ауылының тұрғыны, А.Қарсақбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысымын. Оқу үздігімін. Осыдан шамамен 2 ай бұрын Жетісу газетінен оқыған мақаламда, сіздің басшылығыңызбен Талдықорған қаласында Дарынды балалар мектеб салынып жатқанын оқыдым. Және 2010-2011 оқу жылына мектеп пайдалануға беріледі делінген екен. Сол мектепке оқушылар қалай қабылданады? Егер, сол мектеп ашылатын болса, менің сол мектепке қабылдануға мүмкіндігім бар ма?…

Ахметова Кулниса Орынбайқы (Сарқанд ауд, г. Саркан)

Аса қадірлі Серік Әбікенұлы!
Сізге жазып отырған Ахметова Кулниса Орынбайқызы, Сарқан қаласының тұрғыны, көп балалы ана, дәрігер. Менің қызым Ахметова Жұлдыз Жармұхамбетқызы Қазақ Медицина Университетінің І курс студенті. Жақын арада облыс әкімінің грант иегері атанды. Қазіргі қиыншылық дағдарыс кезеңінде, ел басының алға қойған мақсаттарының бірі – халыққа қамқорлық көрсету. Сол бағытта Сіздің үлесіңіз өте зор. Тәуелсіздік күні қарсаңында мен Сізге саялы Сарқан жерінен шексіз аналық ризашылығымды білдіре отырып, әрқашан Сізге құрыштай нық денсаулық, қажымас қайрат, жанұяңызға бақыт, қуаныш тілеймін. Әрбір атқан таң, батқан күн Сізге бейбіт, бақыт, байлық нұрынан шашу шашсын!
Ахметовтар жанұясы…

жасырын (Қарасай ауд, каскелен)

Саламатсыз ба? Мына дагдарыс заманында мектептердегі ата ана мен окушылардан акша жинауы киналдырып тур,ол аз десениз Абай мектеп гимназиясында мугалимдер котеринки бага алгысы келген окушылардан оз соткаларына акша салуын талап етеди екен,далелдеу мумкин емес болганнан кейн кимге айтарымды да билмеймин.Баламнын изине тусип ала ма деп те коркамын.Керимбеков мектебинде мектепке алгаш барган 0 сынып окушыларынын ата анасынан акша жинау бар,стендке 5000,окулыктар 5000,ауызсуга 200,килемге 200,кунделикти тамак 70тг, Бул али битеди деп ойламаймын,…

Нүркежанов Дамир Муратович (Ескелді ауд, Матай Баисов)

Құрметті Серік Әбікенұлы Үмбетов! Мен 6 сынып оқушысымын.Диагнозыма байланысты жалпы мектеп бағдарламасымен үйде оқимын.Мұғалімдер үйге келіп оқытады.Сабақ үлгерімім өте жақсы.Енді ағылшын тілін үйрене бастадым. Папам маған массаж жасайды.Мамам 80-дегі апама қарайды.Менде өз бетімше жүруден басқа тағы бір арманым бар-менде компьютер болса. Серік Әбікенұлы! Сізден осы арманымды орындауға көмек сұраймын.Себебі болашақ мамандығымды үйренуге көмектеседі.Менің тілегімді елеусіз қалдырмассыз деп сенемін.Алғыспен сізге Дамир.Диагнозым:Детский церебральный паралич в форме спастического тетрапареза,тяжелая степень,резидуальный период.Спастическая эквинусная стопа.Гиперметропия слабой степени.Ангиопатия сетчатки.Интеллект сохранный.…

му?алімдер (Райымбек ауд)

Құрметті Серік Әбікенұлы ! Біздер Райымбек ауданының ұстаздарының атынан Сізге үлкен өтініш білдіргіміз келіп отыр . Ауданымызда ашылған Райымбек ата ескерткішіне 2008-2009 оқу жылданырнда бір күндік ақша бөлдік. Енді 2009-2010 оқу жылында тағы да бір күнді бөлесіңдер дейді.Аудан күніне тағы да бір күндік еңбек ақыны ұстамақшы. Сонда осының бәріне аудан бюджетінен ақша бөлінбей ме ? Әлде басшылардан кеткен "қателік" пе? Елбасымыздың күнделікті теледидардан айтып жатқан, баспасөзде жазылып жатқан 2010 жылы бюджет қызметкерлеріне 25 пайыз үстем ақы қосылады деген заңына, біздің аудан 2010ж шілде айынан қосылыуын сұраймыз деп арыз жазыңдар дейді. Сонда бұны қалай түсінеміз. Президенттің сөзіне сенеміз бе, әлде "бұйрыққа " бағынамыз ба ?
Сондай -ақ , ақпарат құралдарына жыл сайын "норманы"орындап жазыламыз. Жазыламыз-ау, бірақ қолымызға бірде тиіп , бірде тимейді. Тағы да ақшамыз "артық" болғаннан кейін желге шашылғандай бола ма? Осы жөнінде бізге толық ақпарат берсеңіз !…

Есенов Абылай (Кербұлақ ауд, Сарыб?ла? орта мектебі)

??рметті Серік ?бікен?лы!
2007 жылы ?айнар университетіні? халы?аралы? ?атынастар факультеті "Тарих ж?не география" б?лімін бітірдім. Мектепке осы жылды? ?ырк?йек айынан м??алім болып орналастым. Президентімізді? "Дипломмен ауыл?а" ба?дарламасы аясында ?аза?стан Республикасы ?кіметіні? 2009-жыл?ы 18 а?панында?ы №183 ?аулысына сай " ?леуметтік ?олдау шараларын алу" м?мкіндігіне ие бола алмай отырмын. ?Р-сы ?кіметіні? 2009-жыл?ы а?панда?ы №183 ?аулысына сай Ережені? 6-шы тарма?ында осы Ережеде к?зделмеген ??жаттарды беруді талап етуге жол берілмейді, делінген. Осы?ан дейін Алматыда тіркелінген деген ??жат талап етіліп, ?тінішім ?ана?аттандырылмай отыр.
Алматыда тіркелмей-а?, о?уымды бітіріп шы?тым. Мені? дипломым осыны? ай?а?ы емес пе? Осы Ережені? 6-шы тарма?ында к?зделмеген д?йектемесіз ??жаттарды ?сыну фактісі бас тарту ?шін негіз болып табылады, деп жазыл?ан. Аз уа?ытта ?леуметтік ?олдау шараларын алу мерзімі ая?талды деген желеумен мені? ?тінішім ?ана?аттандырылмай ?алама? Отбасылымын. Ауылда т?ра?талып ?алсам ба деп ойым бар. ?леуметтік ?олдау шараларын алу м?мкіндігіне ?ол жеткізуме ы?пал етуі?ізді с?раймын.…

Еркебулан Толкынов (Іле ауд)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жас Отан» Жастар қанатының тұңғыш құрылтайында мемлекеттік басқаруда жастардың кадрлық резервін қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған тапсырмасына сәйкес 2009 жылдың мамыр айынан «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасы бастауын алған еді. Аталмыш жобаға үміткер қатысушыларды іріктеу өте қатаң түрде жүргізілді. Алматы облысы бойынша аймақтық конкурсқа 25 үміткер өтініш берген болса, соның ішінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің аумақтық басқармасында тестілеу рәсімінен және комиссия мүшелерінің (комиссия төрағасы А.Ө.Сейітов) алдында әңгімелесу кезеңінен кейін 6 үміткер (Байқаш Ж., Қалибеков Д., Кусеев Д., Медетхан Б., Ошақпаев Қ., Толқынов Е.) республикалық кезеңге жолдама алды. Мәжіліс депутаттарынан, түрлі орталық мемлекеттік атқарушы органдардың өкілдерінен құралған республикалық комиссия (комиссия төрағасы А.Орсариев) алдында әр үміткер өздерінің жазған жобалары бойынша сынаққа түсіп, нәтижесінде Алматы облысының атынан «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысушы ретінде Е.Толқыновты қабылдады.
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінен басталған жобаның жоспарына сәйкес, 7-31 шілде аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жанындағы «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару орталығы» АҚ-ның оқытушылар құрамы жүргізген дәрістері мен семинар-тренингтері өткізілді; 5-11 тамыз аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданында орналасқан «Жастардың жазғы саяси лагерінде» саяси мектеп дәр…

Жамбыл ауданының барлық ме (Жамбыл ауд, с. Узынағаш)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сізге хат жолдап отырған Алматы облысы Жамбыл ауданының мұғалімдер қауымы. Осы хат арқылы өзіміздің жан айқайымызды білдіргіміз келеді. Жамбыл ауданының білім беру бөлімінің басшылығына С.А. Алтынбекова келгеннен бері әр мектептен ақша жинаумен келеді. Осы дағдарыс заманында мұғалімдер қауымына да оңай тиіп жатпаған кезде білім беру бөлім басшысы С.А Алтынбекова ауыл мектептерін қаражат көзіне айналдырды. Мысалы, өткен 2008 жылдың желтоқсан айында облыстық қаржы полициясының тексерісіне деп әр орта мектептен 20 000 тенге, орталау мектептерден 10 000тенге, еңбек қорғау министрлігінен келген тексеруге әр орта мектептерден 20 000 тенге, орталау мектептерден 10 000 тенге, жыл аяғында тапсыратын Біріңғай Ұлттық Тестілеуге үкімет тарапынан қаражат бөлінуіне қарамастан, С. А. Алтынбекова әр орта мектептен 15 000 тенге, әр орталау мектептен 10 000 тенгеден ақша жинап алды. Сондай- ақ, мұнымен шектелмей аудандық білім беру бөліміне келетін әртүрлі тексерістерге әр мектептен бес- он мың тенге ақшаны жинап алады. Тіпті қала берді қаладан келетін әртістер концерттерінің билеттерін мектептердің мұғалімдеріне он-жиырма данадан және көтерме бағамен сатып, мұғалімдерді концертке баруға міндеттейді. Жыл бойы мұғалімдер оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудің орнына сабақтарын тастап, концертке баруға мәжбүр болады.
Тағы бір мұғалімдерді қынжылтатын мәселе баспасөзге жазылу. Біз баспа сөз беттеріне жазылуға қарсы…

Қожағулов Кәрібай Т size= (Ұйғыр ауд, Шонжы)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылындағы іргетасы 1948 жылы қаланған орта мектебінің ғимараты апаттыі жағдайда екендігі Сіздің назарыңыз бен бақылауыңызға алынған ба?
Құрметпен мәслихат депутаты Қожағулов Кәрібай…

Оразбекова Әсем Әділқызы (Талдықорған қ.)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Сіздің облыста атқарып жатқан игілікті істеріңізбен қатар жастарды қолдау мақсатында жыл сайын грант бөліп, әсіресе, тұрмысы төмен отбасы балаларының білім алуына мүмкіндік туғызып отырғандығыңыздан хабардармыз. Мен білім алатын Жетісу мемлекеттік университетінде өзіңіз бөлетін арнайы грант бойынша өткен жылы 120 бала оқуға түссе, биыл да осы игі іс жалғасын табады деп сенемін. Сіздің грантыңызға қол жеткізген студенттер қатарына іліксем деген менің де ізгі мақсатым бар. Өйткені, денсаулығы бойынша дәрігер-невропотологтың тіркеуінде тұратын анам талай жылдан бері жұмыс істемейді. Әкеміз болса бала кезімізден хабарласпайды, анам екеуі ажырасып кеткен. Інім, анам үшеуміз туыс әпкеміздің үйінде тұрамыз.
Былтырғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 96 балл жинап, сертификатқа енген 78 балл негізінде университеттің қаржы-экономикалық факультетіне ақылы оқуға түскен едім. Оқу ақысы 200 мың теңге. Биыл туған-туыстарым көмектесіп, оқу қаржысын әзер төледік. Олар жылда көмектесе бермесі анық. Ендігі оқу ақысын төлеу шындығында анамды да, мені де тығырыққа тіреп тұр. Өзіңіздің тұрмысы төмен отбасы балаларын және жастарды қолдау мақсатында бөлетін арнайы грантыңызға іліге алсам, менен бақытты адам болмас еді. Оған қол жеткізу мүмкін бе? Ол үшін қайда құжаттар тапсыруға болады? Осыны білсем деп едім. Жалпы жастарды қолдап, арнайы сайт арқылы тілдесуге мүмкіндік ашқаныңыз үшін алдын ала алғысымды айтамын.
Сауал жолдаушы Оразбекова Әсем Әділқызы…
Created by Alex Unknown