Тұрғындарды жұмыспен қамту
Сұрақтар және жауаптар » Тұрғындарды жұмыспен қамту
Қуатбек Қабдыраш (Талғар ауд, Тұздыбастау ауылы)
Құрыметті Ансар Мұсаханов, мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылының тұрғынымын. Қазіргі кезде жұмыссызбын. Ел басының жұмыспен қамту 2020 бойынша қайта даярлықтан өтіп, жылыжайда көкеніс өндіру, агротехникалық жүйені үйреніп өзім иелік етедін жиырма соттық жерге шағын несие алып жылыжай салып, жыл бойы көкөніс өндіріп, өзімді-өзім жұмыспен қамтамасыз етпекші едім. Алайда, аудандық жұмыспен қамту орталығына барып жолығып едім олар, жылыжайдың технологиясын, оның құрылымы туралы оқыта алмайтындықтарын айтты (Нұрбек тел: 295-68-75. 8701-426-24-44). Сізден сұрайтыным мені жылыжайдың технологиясын үйренуге, қайта даярлау курсына оқытып, жылыжайы бар жерге бір ай тәжірибеден өтуіме көмектесіп, шағын несие алуыма жергілікті жердің әкімшілігіне ықпал етуіңізді сұраймын және менің бұл ойым жүзеге асатын болса жергілікті жердегі жұмыссыз жүрген көп адамдарға көмектесер едім. Ізгі тілекпен Қуатбек…
| Жауап Мерзімі: 03.05.2012 Прочитано: 104 Комментарии | 0 | ![]() |
Сайрат Дарын Сайраұлы (Талдықорған қ., Талдықорған қаласы)
Ассалаумағалейкум аға!Сізден сұрайын дегенім,мен Алматы қаласы КУПС колледжінде оқимын 2 курс Автоматтандыру және байланыс мамандығын.Тұрмыстық жағдайға байланысты 2 жыл артта қалдым.Сізден өтініп сұрайтыным маған осы мамандығыма байланысты жұмыс тауып берсеңіз Алматы не болмаса Талдықорған қалаларынан сізден өтініп сұраймын аға?Қазір Алматы қаласында тұрып жатырмын сізден асыға хабар күтем аға!Аты-жөнім:Сайрат Дарын Сайратұлы.Байланыс телефоным 87022578640…
| Жауап Мерзімі: 12.03.2012 Прочитано: 301 Комментарии | 0 | ![]() |
Бұтабаев Ержан Құрманғалиұ (Панфилов ауд, Пенжім ауылы Райымбек көшесі 29 үй)
Өтініш
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы біріншіден Сізді облыс әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, облыстың әлеуметтік-эканомикалық дамуына қосып жүрген еңбегіңізге зор табыс тілеймін. Жақсылықтың ерте кеші жоқ дегендей Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтауға бұрынырақ сәті түспеді айып етпеңіз. Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы бұл өтінішті жолдауымның себебі мен 2006жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызына дейін Пенжім ауылдық округінің әкімі болып қызмет істедім. Ауданға әкім болып Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы келгеннен кейін аяқ астынан 4-5 айдан соң Пенжім округіне Ақсубаев Серік деген кәсіпкер азаматтың ұсынысымен аудан әкімдігінде заңгер болып істеп жүрген Еламанов Бауыржанды ұсынады. Менің орныма жіберген Еламанов деген азамат округке қызметке барудан бас тартты. 2006 жылдың қаңтар айының 30-шы жұлдызында маған қызметтен босату туралы аудан әкімінің өкімін шығарады, өкім шығарған күні мен жұмысқа жарамсыз туралы парағымен (больничный лист) 26.01-ден 04.02.2006ж дейін 10 күнге ем алып жатқан едім. Он күннен кейін жұмысқа барсам қызметтен босату туралы 30 қаңтар 2006 жылғы қабылдаған өкіммен таныстырып жатыр, өздерінің кейіннен қабылдаған өкімнің заңсыз екеніне көздері жеткен соң, маған басқа қызметке барсаң деп ұсыныс жасады. Менің ауданға қатынасып жүруге мүмкіндігім болмады. Аудан әкімі өзінің дұрыс шешім қабылдамағандығын түсініп, маған сені жұмыссыз қоймаймын деп уәде беріп еді. Сөзіне сеніп өз орныма қайта қояд…

| Жауап Мерзімі: 11.03.2012 Прочитано: 296 Комментарии | 0 | ![]() |
Омишева Мархабат Бекмуханб (Қарасай ауд, любой)
Құрметті Ансар Мусаханов мырза!
Мен сізге бірінші рет хабарласып отырмын! Орныңыз құтты болсын! Мен негізі Алмалы ауданының тұрғынымын енді осы Қарасай ауданынан жер алып үй салсам деген ойым бар. Сол себепті мамандығым АТУ-дың 2010-2012жж Мемелекеттік жергілікті басқару. Құдай қаласа ендігі жылы қолыма дипломымды аламын. Өзім Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасының көмекшісі болып
2 астам жұмыс істедім. (КМС). Бірінші мамандығым 1994-1998жж экономист-менеджер бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемедім. 2-ші мамандығым бойынша сізден көмек сұрарым әкімшіліктен бос орынға орналасуыма қол үшін беруіңізді сұраймын. Рахмет 87051373654…

| Жауап Мерзімі: 20.06.2011 Прочитано: 1399 Комментарии: 2 | 0 | ![]() |
Аралханова Роза Ар (Іле ауд, Жана-дауір ауылы,ленина 2 а)
Сәлеметсiзбе Аңсар Турсынхан ұлы ! Менің сiзден сұрайтын өтiнiшiм жұмысқа орналасу мәселесiн карастырып берсеңiз.Резюмемдi көтерiп тоздырмаған есiгім қалмады.барлык жерде сен еш жерде жұмыс жасамағансың стажың жоқ деп шығарып салады.2007 жылы КазНАУ университетінің (вет сан врач) мамандығын үздік бітіріп, тұрмысқа шықтым. Қазір Ата- енеміздиң қолындамыз,кішкентайымызды ауыл балабақшасына беріп қойдық Келешектегі арманым жан-жолдасыма тіреу болып,маман иесі болып қызметте істеп ,бірігіп үиреніп қалған ауылымыздан жер сатып алып үи салып ,жеке өмір жолын бастап,Халқыма адал қызмет етсем - деп армандаймын Тілегімді хош көріп жәрдем етсеңіз деп сұрамын!…
| Жауап Мерзімі: 20.06.2011 Прочитано: 1538 Комментарии | 0 | ![]() |
Жанар Маханова (Капшағай қ., Алматы қаласы)
Салеметсізбе?Сізден сұрайын дегенім: Мен биылғы жоғары оқу орнын бітіруші түлекпін. Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының түлегімін. маған мамандығыма сәйкестендіріп Алматы қаласынан жұмыс тауып беруіңізді сұраймын.…
| Жауап Мерзімі: 16.05.2011 Прочитано: 779 Комментарии | 0 | ![]() |
Базилбекова Шынар Ботаханқ (Талдықорған қ.)
Құрметті Серік Әбікенұлы!!!
Елдің жүгін арқалар азамат деп сенген еліміздің үмітін ақтау жолындағы еселі еңбегіңіз үшін шексіз алғыс білдіремін! Сіз Алматы облысының әкімі болғалы облысымыз күннен-күнге көркейіп, экономикамыз алға басып, халықтың әл-ауқаты жақсарып қалды. Сізге тілерім осындай қарапайым қалпыңызда халықтың қалаулысы болып, әліде талай биік белестерден көріне беріңіз!
Мен сіздің әкелік қамқорлығыңыздың арқасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Заң факультетін "Экономика және құқық негіздері" мамандығы бойынша Алматы облысы әкімінің грантымен білім алып шықтым. 2010жылдың түлегімін. Сіз әкелік қамқорлық көрсетіп мені және мен сияқты көптеген жастарға жоғарғы оқу орнында тегін білім алуға көмектескеніңіз үшін алғысым шексіз!
Диплом алғалы бері мен кіріп шыққан жұмыс орындар "жұмыс бұрын істемегенсің, еңбек өтілің жоқ" деп жұмысқа қабылдамайды. Алған мамандығым бойынша жұмыспен қамту бөліміне тіркелдім, ол жерден мені жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жіберді. Бірақ мен барған мемлекеттік мекеме мені жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа алудан бас тартты.
Жаңа бітірген жас маман қайда барып жұмысқа орналаса алады? Қарапайым жанұядан шыққан, білімі жоғары деңгейдегі талай жастар өзінің мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды. Жұмысқа орналасу үшін тамыр-таныс немесе ата-анасының қалың қалтасы болуы шарт.
Оқуымды жақсы тамамдадым. Сізден менің Талдықорған қаласында жұмысқа орналасуыма қол …

| Жауап Мерзімі: 10.02.2011 Прочитано: 1753 Комментарии | 3 | ![]() |
Сулейменова Лязат Молдахан (Талғар ауд, Талғар қаласы)
Кұрметті Серік Әбікенұлы!
Сәлеметсізбе!
Сізге хат жолдап отырған Талғар қаласының тұрғыны, қарапайым тарих пәнінің оқытушысы Сулейменова Ляззат Молдаханқызы.
Осы күнге дейін мен әділеттікке сеніп, үнемі Елбасы Н.Ә. Назарбаевты және Сізді өнеге етіп келе жатқан адаммын. Сіздердің күнделікті халықтың жағдайын біліп, соларға қызмет етуге дайын болып, үнемі қол уштарыңызды беріп жүретіндеріңіз қуантады.
Мен өзім Талғар ауданында қоғамдық өмірге белсене қатысушының бірімін, № 741 сайлау учаскесінің төрағасының орынбасарымын, «Нұр Отан» ХДП мүшесімін. Сіз Талғар қаласына келгендегі кездесулерге қалмай қатысамын, сол кездесулердің әсерінен, Сіз ауданға қойған міндеттемелеріңізді қолдап, іске асыруға қуана қатысатындардың бірімін.
Мен 2010 жылдың мамыр айының 26-28 аралығында Астана қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП жоғарғы партия мектебіндегі семинарға қатыстым. Сол семинарда «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауының рөліне тоқталған, онда халықтың мұң-мұқтажын қарастырып, шешілмей келе жатқан мәселелерін шешетіндігі туралы айтылды. Соған қарап мен «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауына өтініш беріп кеттім.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ жастарын жаңа ақпараттық технологияларды және техникалық мамандықтарды игеруге шақырғанына байланысты, қызым Молдахан Инабат 2005 жылы Алматы энергетика және байланыс институтына грантқа ілініп, үздік бітірді, 2009 жылы оқуын жалғастырып магистратурада оқып жатыр. Оқуды бітіре сала, жұмыс іздеп едік…

| Жауап Мерзімі: 09.09.2010 Прочитано: 2421 Комментарии | 0 | ![]() |
Гүлнәр Мұқатайқызы Зікіров (Балқаш ауд)
Құрметті Серік Әбікенұлы!
Адам тірлігіндегі бақыттың қайнар көзі – мөз қолымен игілікті істер жасау. Ол дегеніміз, өзінің ішіп-жеміне, бала-шағасының қамынан асып түсетін одан әлдеқайда артық хақтың, халықтың қызығын көрер, байлық қалдыру. Яғни, өзін қойып, өзгені ойлаған адам нағыз қасиетті адам деп ойлаймын. Осындай ізгілікті іс жасау – менің арманым. Бар саналы ғұмырымды мүгедек бауырларым мен жетім-жесір қайын жұртыма жақсылық жасаумен өтті. Енді өз бала-шағама не қалдырдым деп ойласам өзімнен өзім ұяламын. Бақ отбасынан басталады ғой.
2006 жылы Ерекең бар ынтаммен жасап жүрген жұмысымды өзінің қайын апасына өткіздірді. «Маман емессің» деген сылтаумен. Азаматтығын сыйлап, осы күнге дейін жұмыссыз отырмын. Көңілім қалаған, қолымнан келетін, әрі халқыма да пайдасы бар қызметке қолым жетпей қойды. Отбасымның да жағдайы күннен күнге қиындап барады. 2004 жылдан бері үйсізбіз. Нұрланов Дүйсеннің арқасында үйлі болдым. Бірақ қаражаттың жоқтығынан үйіміз жөнделмей тұр. Бұл жағдайлардың бәрін Ерекең біледі. Неше рет хат жазып, көмек сұрадым. Бірақ көмек тұрмақ қызмет бермей жүр. «Есеңгірегеніңді елге білдірме, еншіңді жатқа ілдірме», қанша қиналсам да, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығын құрып, шамам келгенше халықпен жұмыс жасап жатырмын. Есеп-шотыма әлі бір тиын түскен жоқ. Былтыр да, биыл да сіздердің ҮЕҰ-ға қаралған грантқа тапсырыс бердім. Сәтін салып, ұтсам, бәрі халықтың игілігіне жұмсалады. Ал мен зейнеткерлікке шығуға екі ж…

| Жауап Мерзімі: 20.03.2010 Прочитано: 2757 | 0 | ![]() |

Навигация