Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Сұрақтар және жауаптар » Тұрғындарды жұмыспен қамту

Сулейменова Лязат Молдахан (Талғар ауд, Талғар қаласы)

Кұрметті Серік Әбікенұлы!

Сәлеметсізбе!
Сізге хат жолдап отырған Талғар қаласының тұрғыны, қарапайым тарих пәнінің оқытушысы Сулейменова Ляззат Молдаханқызы.
Осы күнге дейін мен әділеттікке сеніп, үнемі Елбасы Н.Ә. Назарбаевты және Сізді өнеге етіп келе жатқан адаммын. Сіздердің күнделікті халықтың жағдайын біліп, соларға қызмет етуге дайын болып, үнемі қол уштарыңызды беріп жүретіндеріңіз қуантады.
Мен өзім Талғар ауданында қоғамдық өмірге белсене қатысушының бірімін, № 741 сайлау учаскесінің төрағасының орынбасарымын, «Нұр Отан» ХДП мүшесімін. Сіз Талғар қаласына келгендегі кездесулерге қалмай қатысамын, сол кездесулердің әсерінен, Сіз ауданға қойған міндеттемелеріңізді қолдап, іске асыруға қуана қатысатындардың бірімін.
Мен 2010 жылдың мамыр айының 26-28 аралығында Астана қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП жоғарғы партия мектебіндегі семинарға қатыстым. Сол семинарда «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауының рөліне тоқталған, онда халықтың мұң-мұқтажын қарастырып, шешілмей келе жатқан мәселелерін шешетіндігі туралы айтылды. Соған қарап мен «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауына өтініш беріп кеттім.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ жастарын жаңа ақпараттық технологияларды және техникалық мамандықтарды игеруге шақырғанына байланысты, қызым Молдахан Инабат 2005 жылы Алматы энергетика және байланыс институтына грантқа ілініп, үздік бітірді, 2009 жылы оқуын жалғастырып магистратурада оқып жатыр. Оқуды бітіре сала, жұмыс іздеп едік, мамандығы бойынша жұмыс таппадық, сол себептен Талғар аудандық салық басқармасына ақпараттық технология бөліміне жол картасы жобасы бойынша 9 ай жұмыс істеді. Сол арада мемлекеттік қызмет агенттігінің байқауының тестін жоғары балға өткізді, одан кейін Медеу ауданының салық басқармасының бос орынға байқау қатысушыларының әңгімелесуіне қатысты, одан өтпеді деген жауап алдық.
Біраз уақыт өткеннен кейін Еңбекші қазақ ауданының салық басқармасының бос орынның байқауына қатысты. Комиссия шешімі бойынша менің қызым тағы өтпей қалды. Өтпей қалған себебін айтпады.
Менің білгім келгені, байқаудан қандай адам өтті, оның білім деңгейінің қаншалықты менің қызымнан артық. Сонда Қазақстанның мақтаулы оқу орындарының бірі Алматы энергетика және байланыс институтының «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығын игеріп, оған қоса магистратурасының 1 курсын үздік бітіріп, 9 ай Талғар қаласының салық басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінде ешбір қателік жасамай, жұмыстан қалмай, үміттеніп жүргенде, осы жағдай мені қатты күйзелтті. Баламның сағы сынып, әділеттілік жоқ деп отыр. Бірақ мен білемін, Елбасы мен Сіздің жүргізіп жүрген саясатыңыз экономикаға, мемлекеттік қызмет болсын білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды тарту, оларды қолдау. Өкінішке орай, төменгі деңгейде Сіздердің қойған талаптарыңыз орындалмайды.
Оған дәлел менің қызымның жағдайына байланысты «Нұр Отан» ХДП-на жазған өтінішіме 08.06.2010 ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хат келді, онда маған 08.07.2010 –ге дейін дәлелді жауап келеді деген. 03.07.2010 Талғар салық басқармасының бастығы Қабышев А.Ж. қызыма талап қойыпты: «Сен Еңбекші-қазақ ауданының бастығына арыз жазыпсың, дереу арызыңды қайтып ал, арыз жазу деген жаман, сені ешбір мемлекеттік қызметке алмайды, сен маған рахмет айт, ұжымға сенің арызың туралы айтпағаныма, егер арызыңды алмасаң, сені жұмыстан кетіремін»,- деп қысым көрсетіпті.
Қызым үйге жылап келді. Мейрам өткенін күтіп, 07.07.2010 А.Ж.Қабышевке өзім бардым, одан не себептен менің қызыма қысым көрсетеді, өтінішті жазған мен, ол арыз емес дедім. Талғар ауданын жамандаған жоқпын, менің білгім келгені байқаудан өткен адамның білім деңгейі қандай десем, Қабышевтың маған айтқан жауабы: «Сіздің жүргеніңіз бос әуре. Байқауда сіз болған жоқсыз, бейне-дыбыс жазба жоқ, хаттамалар, шешім керекті деңгейде жазылып қойды, «поезд ушел», сіз ештеңе өзгерте алмайсыз. Еңбекші-қазақ ауданының салық басқармасының бастығы менің досым, сондықтан мен оны қолдаймын, қызыңызды алып кетіңіз»,- деді. Мен қызымды жұмыстан алып кеттім. Оған жұмыс істетпеді. Сондағы күнәміз менің ақиқатты білгім келгені ме? Сонда мен арызқой, сүйкімсіз адам бола қалдым. Мемлекттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасына бардым, онда маған жөндеп жауап берген де жоқ: «Біз қандай адам алынғанын есеп беруге міндетті емеспіз, кімді алатынын комиссия өзі шешті», - деген жауап алдым. Алматы облысы бойынша салық департаментінің бастығы А. Жолдыбек қолы қойылған хат келді. Ондағы жауабы байқауға 14 үміткер қатысты, жұмысқа Мусаев Д. алынды, резервке 1 үміткер ұсынылды. Молдахан И. бос орынға алуға мүмкіншілік жоқ делінген. Осы дәлелді жауап па?
Менің өтінішім, құрметті Серік Әбікенұлы, Еңбекші-қазақ ауданындағы байқауының қорытындысы бойынша жұмысқа алынған Д. Мусаевтың және кадрлық резервке өткен үміткердің менің қызымнан қандай артықшылығы барын білу. Маған берілген жауапқа қанағаттанған жоқпын.
Бүгінгі күнде Талғар ауданы бойынша салық басқармасында ақпараттық технологиялар бөлімінде білім деңгейі сәйкес маман жоқ, бөлімдегі 2 адам декретте, орындары бос, бірақ ешкімді алмай отыр, ал қазіргі ақпараттық технологиялар бөлім бастығының міндетін атқарып жүрген кісінің жоғарғы білімі де жоқ.
Құрметті Серік Әбікенұлы, менің осы жағдайыма түсінушілікпен қарап, жазып отырғаным арыз емес, өтініш, қызымның өмірі енді ғана басталып келе жатыр, болашаққа деген сенімін, үмітін әділеттікпен байланыстырғым келеді. Өзіңізден төмен отырған чиновниктер таныс-тамыр, «звонок» деген протекцияларды қашан қояды деймін? Сонда біз сияқты қарапайым, танысы, қаржысы жоқ адамдардың балаларының, қажетті білімдері бола тура, еңбек жолы қайдағы бір бес-алты «комиссия мүшелерінен» тәуелді ме?
Маған мемлекеттік қызметке өту үшін құрылған комиссиялар, тек жемқорлыққа тікелей ашылатын жол ма деген ой пайда болды.
Мен Сізге ғана сеніп, осы хатта көрсетілген жағдайды тексеріп, қанағаттандырарлық жауап беруіңізді сұраймын.

Өтініш иесі, Сулейменова Л.М.


Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі Ж. Әлімбеков хабарлайды.

Сіздің Талғар аудандық салық басқармасы бастығының заңсыз әрекеттері жөніндегі өтінішіңіз Талғар ауданы әкімі аппаратының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 05-3115 хатымен Талғар ауданының прокурорына жолданды.

Аталған дәрежеге қосымша:

20.06.2011 - Құрметті Ансар Мусаханов мырза!
Мен сізге бірінші рет хабарласып отырмын! Орныңыз құтты болсын! Мен негізі Алмалы ауданының тұрғынымын енді осы Қарасай ауданынан жер алып үй салсам деген ойым бар. Сол себепті мамандығым АТУ-дың 2010-2012жж Мемелекеттік жергілікті басқару. Құдай қаласа ендігі жылы қолыма дипломымды аламын. Өзім Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасының көмекшісі болып
2 астам жұмыс істедім. (КМС). Бірінші мамандығым 1994-1998жж экономист-менеджер бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемедім. 2-ші мамандығым бойынша с...
20.06.2011 - Сәлеметсiзбе Аңсар Турсынхан ұлы ! Менің сiзден сұрайтын өтiнiшiм жұмысқа орналасу мәселесiн карастырып берсеңiз.Резюмемдi көтерiп тоздырмаған есiгім қалмады.барлык жерде сен еш жерде жұмыс жасамағансың стажың жоқ деп шығарып салады.2007 жылы КазНАУ университетінің (вет сан врач) мамандығын үздік бітіріп, тұрмысқа шықтым. Қазір Ата- енеміздиң қолындамыз,кішкентайымызды ауыл балабақшасына беріп қойдық Келешектегі арманым жан-жолдасыма тіреу болып,маман иесі болып қызметте істеп ,бірігіп үиреніп қалған ауылымыздан жер сатып алып үи салып ,же...
16.05.2011 - Салеметсізбе?Сізден сұрайын дегенім: Мен биылғы жоғары оқу орнын бітіруші түлекпін. Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының түлегімін. маған мамандығыма сәйкестендіріп Алматы қаласынан жұмыс тауып беруіңізді сұраймын....
10.02.2011 - Құрметті Серік Әбікенұлы!!!
Елдің жүгін арқалар азамат деп сенген еліміздің үмітін ақтау жолындағы еселі еңбегіңіз үшін шексіз алғыс білдіремін! Сіз Алматы облысының әкімі болғалы облысымыз күннен-күнге көркейіп, экономикамыз алға басып, халықтың әл-ауқаты жақсарып қалды. Сізге тілерім осындай қарапайым қалпыңызда халықтың қалаулысы болып, әліде талай биік белестерден көріне беріңіз!
Мен сіздің әкелік қамқорлығыңыздың арқасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Заң факультетін "Экономика және құқық н...
20.03.2010 - Құрметті Серік Әбікенұлы!
Адам тірлігіндегі бақыттың қайнар көзі – мөз қолымен игілікті істер жасау. Ол дегеніміз, өзінің ішіп-жеміне, бала-шағасының қамынан асып түсетін одан әлдеқайда артық хақтың, халықтың қызығын көрер, байлық қалдыру. Яғни, өзін қойып, өзгені ойлаған адам нағыз қасиетті адам деп ойлаймын. Осындай ізгілікті іс жасау – менің арманым. Бар саналы ғұмырымды мүгедек бауырларым мен жетім-жесір қайын жұртыма жақсылық жасаумен өтті. Енді өз бала-шағама не қалдырдым деп ойласам өзімнен өзім ұяламын. Бақ отбасынан басталады ...
Created by Alex Unknown