Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Әлеуметтік қамсыздандыру
Қарылғаш Мұрат (Панфилов ауд, Көктал селосы )
Құрметті Серік Әбікенұлы! Біз Панфилов ауданы Көктал ауылында тұрамыз.Сізден сұрайтынымыз теледидардан жиі айтады ауылды көркейту керек деп.Үкіметтің дағдарысқа қарсы "Жол картасы" инвестициялық жобасы аясында өзге облыстарда жүргізілген істер жайында көп көрсетеді. Екі жыл қатарынан ауқымды шаралар жүзеег асты.Мәдениет үйлері, мектептер, ауруханалар , жолдар жөнделуде. Көктал ауылының бүгінде ажары қашқан.Көшеде түнгі уақытта жүріп-тұру қиын.Бір де бір шам жанбайды. Оның үстіне көше толы қаптап кеткен қаңғыбас иттер. Ауылдың көшелерін қурай басып тұр.Бір кездері қалаға лайық болған үлкен ауылдың осыншама тозып кеткеніне ешкімнің бауыры сыздамайтын сияқты.Биылғы көктемде бірнеше үйді су басты.Ауыл әкімі келіп жағдайымызды білмеді.Аудан әкімдігінен коммиссия күтіп едік олар да үнсіз қалды.Ауылды көркейту Елбасы саясатының басымдылыққа ие бағыттары емес пе? Біздің Көктал ғана емес жалпы Панфилов ауданы "Жол картасы" бағдарламасыынң шарапатын көретін күн бола ма ? Келесі жылы бұл бағдарлама болмайды деп естідік, сол рас болса біздің ауыл сол тозған күйі тозып бітетін шығар.Осыған орай біз сіздің пікіріңізді білсек деп едік.Рахмет!
Облыс әкімінің бас инспекторы А. Құрманғалиев төмендегідей хабарлайды:
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасымен Көктал ауылының Уәлиханов, Құрманғазы көшелеріне барлығы 57 дана көше жарығының бағаны 5865,2 мың теңгеге орнатылды.
Бүгінгі күнде Көктал ауылының Сүлейменов көшесінде - 22, Құрманғазы көшесінде - 49, Уәлиханов көшесінде - 36, Жамбыл көшесінде - 8, Маметов көшесінде - 6, Заречная көшесінде - 5, Жағыпаров көшесінде - 9, барлығы - 135 дана көше жарығының бағандары жалпы ұзындығы 4995 метр жерге орнатылған. Көше жарығының жануы электронды уақыт релелерімен автоматты түрде реттеледі. Көше жарығы көктемгі-күзгі уақытта сағ 19.30 дан 24.00 ге дейін, жазғы уақытта сағ 21.00 ден 24.00 ге дейін, қысқы уақытта сағ 17.30 дан 24.00 ге дейін жанады. Көше жарығы жүйесіне Жаркент қаласындағы «Жаркент Көркейту» МКК қызмет көрсетеді, жүйеде пайда болған ақаулар дер кезінде жөнделеді.
Сондай-ақ, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасымен Көктал ауылындағы Ибраймолдаев, Сүлейменов, Уәлиханов көшелерінің 1800 шаршы метріне 2519,5 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Көктал ауылдық округінің әкімі Ө.Төлепбековтің хабарлауы бойынша қазіргі кезде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 20 адам жұмысқа қабылданып, жол бойындағы қурайларды, арамшөптерді шабу, күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын атқаруда.
Келешекте елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылатын жұмыстарға келсек, биылғы жылы Көктал ауылының паркін абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауды жоспарлап отырмыз. Аталған құжаттама дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінуіне қарай Көктал ауылының паркінде абаттандыру жұмыстары атқарылатын болады. Ауыл ішіндегі көшелерді жөндеу бойынша 2011 жылға Уәлиханов көшесіне Ибраймолдаев көшесінен Көктал ауылының ауруханасына дейін орташа жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланып отыр.
Көктал ауылында «Ауыз су» бағдарламасымен 2006 жылы 24600,0 мың теңгеге ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстары атқарылған болатын, биыл 2010 жылы Талдықорған қаласындағы «Гидротехникжоба» ЖШС Көктал ауылының бүкіл ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстарын атқаруда. Жобада Көктал ауылының әр үйінің ауласына дейін ауыз су құбырын жеткізу қарастырылуда. Жобалау-сметалық құжаттама дайын болғаннан кейін құрылысқа қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Панфилов ауданында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамту, көше жарығын орнату бойынша көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Жаркент қаласынан кейін тұрғындар саны жағынан ең үлкен елді мекен Коктал ауылында аталған жұмыстарды атқару - аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің назарынан тыс қалып көрген емес.

Навигация