Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Еркін тақырып
Жабықбаева Гүлмира Алдабер (Талдықорған қ., Ғарышкер ш/а, 18 үй, 80 пәтер)
Сәлеметсіз бе құрметті Серік Әбікенұлы, менің Сізге жолдап отырған хатымның себебі, менің әкем Жабықбаев Алдаберген 14 жасынан еңбек етіп, тер төккен адам еді. Ақсу ауданы бойынша үздік комбайнер, озат механизатор саналатын. Техника тілін жетік меңгерген он саусағынын өнер тамған азамат болатын. Көп жылдар «Көшкентал», «Күренбел», серіктестіктерінде, 2007 жылы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жүргізушісі болып еңбек етті.Осы жылдың 17 қыркүйегінде Aқсу ауданының, Суықсай аулының тау бөктеріндегі бірнеше киллометр егіндік жер өртенді. Сол күні әкемнің демалыс алған күні еді. Ауыл әкімі Білісбеков Түрсыннұр үйге келіп, сол өртке әкемізді жіберді. Асығыс жиналып, өрт сөндіруге барамыз деді. Сол өрт әкемнің ажалына себепші болды. Тау ішіндегі сайларда 13 адам ұйтқыған желмен гүлей жанған оттың ортасында қалады. Әкімнің машинасы да сол жерде болатын. Әкімнің өзі ауылда тамақ ішіп, демалып отырған. Әкеме телефон соғып машинаның ішіндегі мөр мен құжаттарды алып шық деп нусқау береді. Жанып жатқан машинаға жеткенде, машинада қатты жарылыс болып, әкемнің денесінің 70% күйіп аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті, ертеніңе облыстық ауруханаға ауыстырылды. Аруханаға барып, әкемді көріп, сөйлеп жатқанынаң үміт етіп едік. Бірақ сұм ажал әкемді 27 қыркүйекте бізден алып кетті. Білісбековтен неге сіздер арнайы құралдары, киімдері, білімдері жоқ жай адамдарды өрт сөндіруге апардыңыздар десек, бұл аудан әкімінің бұйрығы-деді.
Әкем қайтыс болған соң ауыл әкімі Білісбеков Тұрсыннұр мен аудан әкімі Айтжанов Аян екеуі анам Кузембева Гүлнарға аудан орталығынан салынып жатқан үйлерден, бір пәтер береміз деп еді. Анам өзі ауру 2-топтағы мүгедек болатын. Үй береміз деген себебі, сол кезде біздің жанұя «Тамшыбулақ» кафесінде тұратын. «Күренбел» серіктестігінің төрағасы Жұмагелдінов Аман Макенұлының алаяқтығының арқасында баспанасыз қалып еді.
Әкемнің атын ауданданың «Құрмет» кітабына енгізіп, басына тас қойған соң әкімдер бар міндеттен құтылдық деген болу керек. Анам Кузембаева Гүлнар 2008 жылдың 18 тамызында аудан әкімі Дүйсембаев Әскербектің қабылдауында болды. Ол кісі мен ешкімге үй беремін, басқадай көмек беремін деп уәде еткем жоқпын, күйеунізді мен өлтірдім бе?-деп, дөрек мінез көрсетті. Сол қабылдаудан Анамның қан қысымы көтеріліп, ес-түссіз аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. 26 тамыз күні қайтыс болды. Әкемнің жылына да жетпеді. Әкем үй саламын деп тырысып еді, тағдыр оны жазбады. Анам өкімет далада қалдырмайды, елдің ырысын қорғады ғой әкелерің дейтін. Сонша үмітін үзбей, үйді бір жылдың ішінде береміз деп отырып еді. Өзі әкем қайтыс болған соң қатты ауырып, жиі-жиі ауруханаға түсті. Сондағы үміті балаларым баспанасыз қалмас, ел ағалары өтірік айтпайды, деп сенетін. Бақытты, сүттей ұйып отырған жанұя едік, аяқ астынан бәрі күл талқан болды. Қазір баспана алатын қаржым да, мумкіндігім де жоқ, себебі жұмыссызбын. Жоғары білімді экономист-бухгалтермін.
Құрметті Серік Әбікенұлы Сізді әділ, шыншыл ер азамат, ел ағасы деп естідім. Анама бүйырмаған үй балаларына бүйырар деген үмітпен,сізге осы хатты жолдап отырмын. Себебі, әкемізбен бірге өртте қаза болған Дутпаевтың балаларына үй беріпсіз, осы Талдықорган қаласынан, Қаратал ш/а, 43 үй, 15 пәтер. Оң шешімін шығарарсыз деп сенемін.
Алматы облысы аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Құрманғалиев хабарлайды
Сіз 2010 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде «Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары» ретінде тіркелгенсіз, қазіргі уақытта 10-шы болып тұрсыз.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген уақыттан бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер аталған Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайтындығын мәлімдейміз.

Навигация