Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Білім және ғылым
Амирова Айдана ҚайѢ size= (Талдықорған қ., Қаратал ауданы, Кальпе ауылы, Қонаев кошесі №30)
Сәлеметсіз бе
Серік Әбікенұлы Үмбетов!
Мен БҰТ-ден 107 балл жинап едім. Орыс тілін алып тастағанда 86 балл. Документімді жинап С.Асфендияров атындағы мед.академияға Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университетінің қабылдау бөліміне тапсырған едім. Бірақ, түсе алмадым. Ал "ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАН" және интернеттен қарағанымда 80 балмен грантқа түскендердің тізімі өте көп екен. Ал ауылдық квотадан 75 баллмен түскендер де аз емес.Содан, документімді алып, Алматыдағы С.Асфендияров атындағы мед.академияға барып ректорына жолықпақшы едім,біреуі демалыста деп, біреуі обходта деп қуып жіберді. Мен ауылдық болғандықтан, ауылдық квотамен түсуіме мүмкіндік бар еді. Аттестатымда 13 бестік, 6 төрттік, 1-ші сыныптан бері үштік баға алып көрген емеспін. Ауданнан биологиядан үздік оқушы ретінде бірінші дәрежелі диплом алғанмын. Мед.академияға түсуім үшін 3жылдан астам дайындалдым. Коп балалы отбасынан шығып отырмын. Ақылы оқуға шамамыз жетпей тұр. Әке-шешем жұмыссыз. Грантқа түсуіме қол ұшыңызды беруіңізді сұраймын!!!
Облыс әкімінің бас инспекторы Д . Жүнісов хабарлайды:
Мемлекеттік білім беру гранты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 және 2008 жылғы 28 мамырдағы толықтыруларымен № 509 қаулыларымен бекітілген «Мемлекеттік білім грантын беру» ережесіне сәйкес беріледі, аталған ереже негізінде Білім және Ғылым министрлігінде мемлекеттік комиссия құрылады, мемлекеттік гранттарды бөлу комиссияның құзырында.
Медициналық және педагогикалық мамандардың жетіспеуіне байланысты оқу грантын тағайындау басымдық осы мамандарға беріледі.
Әлеуметтік көмек (грант) аз қамтылған, көпбалалы отбасының, жетім, жартылай жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның ұсынысы бойынша тағайындалады.
Сіз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазып, қажетті құжаттарды комиссияның қарауына ұсынуыңыз қажет.

Навигация