Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы (мемлекеттік қызмет көрсету)
Сүлейменова Зоя Ізтелеу қы (Райымбек ауд, Қарасаз ауылы)
Құрметті Серік Әбікенұлы!
Мен Алматы қаласының тұрғыны Сүлейменова Зоя Ізтелеу қызы! Сізге үлкен өтініш білдіре хат жолдап отырмын. Менің анам Сарсенбаева Нұрланхан Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында тұрады. Әкем Сүлейменов Ізтелеу осы ауылда өмір бойы жұмыс істеген. Үстіміздегі 2010 жылдың көкек айында дүниеден өтті. Анам 2-ші топ мүгедегі, 7 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Алтын медаль иегері. Біз ауылдағы үйімізге телефон орнату үшін осыдан 8 жыл бұрын өтініш жазғанбыз. Бірақ та, әлі телефон қойдыра алмай келеміз. Ауылдың байланыс торабының жауапты қызметкері Керімов Тәлет жолдасқа әкем де біз (балалары) де бірнеше рет бардық. Ол кісі «келесі аптада қойып берем» - деп құрғақ уәдемен жылдарды өткізіп келеді. Анама 5 рет операция жасалған. Қан қысымы жиі көтеріледі. Ауылымызда мобильді телефон да ұстамайды. Анамызға звондап, қал-жағдайын білуге көршілерге хабарласамыз. Егер ол кісілер шақырып берсе ғана сөйлесе аламыз. Алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіруге әрекет етіп жатқан Қазақстандай еліміздің үлкен қаласы Алматыдан 320 шақырымда ғана орналасқан ауылдағы жағдай осы. Керімов Тәлет мырзаға кім ақша, арақ, қой береді, соның үйіне телефон орнатады. Ал ауыл әкімі Құдабаев Дастан мырзаға жолыққанымызда, «Өзім қадағалап тез арада қойдырып берем»- деп уәде берген. Одан бері 2 айдың жүзі өтті. Телефонның қойылатын түрі жоқ. Сондықтан облыс басшысы ретінде өзіңізден көмек сұрай хат жолдап отырмыз.
Облыс әкімінің бас инспекторы Д. Жүнісов хабарлайды:
Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы М. Ахметов, әйелдер кеңесінің төрайымы Д. Саламатова, Қарасаз селолық округ әкімінің жетекші маманы Б. Медеуовтың қатысуымен тексеріліп, өтініште көрсетілген жағдайлардың орын алмағандығы анықталды.
Анаңыз Н. Сарсембаеваның үйіне телефон нүктесін орнату үшін, 2 бағана, 120 метр ПРППМ сымтеміріне сұраныс беріліп, 2010 жылдың қыркүйектің 5 – не дейін телефон нүктесі орнатылып беріледі.

Навигация