Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Шағын және орта кәсіпкерлік
Жақанов Тұяқ ақсақ� (Талғар ауд, «Самал» саяжайы )
Құрметті Әкім мырза! Мен Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылына қарасты «Самал-1» саяжайының тұрғынымын. Мен Сізге төмендегі жағдайды баяндай отырып, Сіз қолдай көрсете ме деген үмітпен хат жолдап отырмын. 2009 жылы 25 шілдеде аудандық «Талғар» газетінде КОНКУРС жарияланғаны туралы хабарлама шықты. Оның мәтіні былайша: «Алматы облысы Талғар аудандық әкімдігі ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін жалға беру туралы конкурс өткізетіндігі жөнінде хабарлайды. Конкурстың өткізілетін күні 28 тамыз, 2009 жылы сағат 10.00-да. Бұдан басқа онда конкурс өткізілетін мекен жай, жер телімдерінің тізімі және 49 жылға уақытша берілетіндігі айтылған. Осыған орай мен қажетті құжаттарымды алып барып, ұйымдастырушыларға ұсынған едім. Ол құжаттардың тізімі: - Бизнес план организации крестьян.хоз. – Справка 1 шт. – Диплом; - Удостоверение; - РНН; - Свидетельство о регистрации; - Автобиография; - Заявление; - Трудовая книжка. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 ж. 13 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісіндегі нұсқауы бойынша ауыл шаруашылығын өркендету туралы айтылған болатын. Осыған орай жұртшылықтың талап-тілегі орындалмай қалып барады. Жер жерлерде мен сияқты тұлғалар осындай келелі шаруаны қолға алғысы келеді, бірақ құзырлы органдардан қолдау таппай отырмыз. Менің Райымбек ауданында малым бар. Ол жөніндегі анықтама қағазымды да жаңағы құжаттарға қосып ұсынған едім. Сол малды өзім қарап-бақпаған соң көбеюдің орнына жойылып, жоқ боп барады. Не төлі, не сүті, не етінің пайдасын көре алмай отырмын. Осы жайында ҚР Премьер Министрі Масимов К.Қ. жазған болатынмын. Ол кісі Талғар аудандық әкімдігіне қаратып нұсқау берген болатын. Оның да берілген нұсқауы қараусыз қалып, аяқ асты болды. Бір жыл болды Талғар аудандық әкімдігіне берген пакетім ашылмай, қарастырылмай отыр.
Менің Сізге айтар тілегім: 1. Осы жарияланған конкурс бойынша менің құжаттарымды қарастырып, арызымды қанағаттандырса екен. 2. Еш нәтиже шықпаған жағдайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа шағымдануға мәжбүрмін. Мазасыз жұмысыңыздың жемісін жеп, рахатына бөленіңіз деген тілекпен хат жолдап отырған Жақанов Тұяқ ақсақал деп білерсіз.
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі Ж. Әлімбеков хабарлайды:
Сіздің жер алу мәселесі туралы түскен өтінішіңіз Талғар ауданы әкімінің аппаратында қаралды.
2010 жылғы 26 шілдеде сіз аудан әкімі Т.Өмірәлиевтің жеке қабылдауында болғансыз. Қабылдауда сізге Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылатыны түсіндірілді.
Сіздің Талғар аудандық жер қатынастар бөліміне берген арызыңыз қаралып, конкурсқа қатысуға болатынын хабарлаймыз.
Талғар ауданының жер қатынастар бөлімі қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты өткізілетін конкурсқа құжаттарды дайындауда.

Навигация