Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Көлік және автожолдары
Рысбеков Эльдар (Талдықорған қ., Солтүстік- Батыс ш/н аудан )
Салеметсіз бе Ансар Турсынханұлы!!! Мен №25 орта мектепте 6 сыныпта оқимын. Біздің мектептің көп балалары Шайқаорған, Красный камень шағын аудандарында тұрады.Мен түстен кейін оқимын, біз кешкі сағат 6-да шығамыз.Біздің жаққа 14-автобус жүреді. Кешкі өтетін 2-микроавтобус және жай автобус іші толы болады,және тоқтамай өтеді!!! Ал біз попуткамен және жаяу қайтамыз.Сізден сұрайтыным: оқушыларды мектептен алып қайтатын үлкен автобус 20-30 теңгеден болсын немесе автобус санын көбейтуді сұраймын. Рахмет!!!
Құрметті Эльдар! Талдықорған қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес № 14 маршрут желісіне қызмет көрсетуші «Транстал» ЖШС кәсіпорны тендер негізіндегі келісімшарт бойынша әр күн сайын үш автобус 9,5 айналымнан, бір автобус 5,5 айналымнан, барлығы төрт автобус 34,5 айналымнан жасау керек болатын.
2011 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап саяжайларда тұратын оқушылар санының көбеюіне байланысты төрт автобус 10 айналымнан, бір автобус таңертең 1,5 айналымнан, барлығы бес автобус 41,5 айналым жасайтын болды.
Автобустардың жүру қозғалысы күн сайын 06 сағат 40 минуттан - 19 сағат 30 минут аралығында.
№ 25 орта мектепте автобус желісінің кестесін ескере отырып, сабақ кестесі саяжайдан барып оқитын оқушылар үшін ыңғайланған.
Сіз оқитын 6 сыныпта аптасына төрт күн 5 сабақ, екі күн 4 сабақтан болады. Үзіліс кестесі бойынша 1-ші сабақ 13 сағат 20 минутта басталып, 5-ші сабақ 17 сағат 25 минутта аяқталады. Барлық оқушыларға автобуста тегін жүретін жол билеттері берілген.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тарапынан автобус жүргізушілерінің әр қайсысымен жеке сұхбат жүргізіліп, таңертеңгі және кешкі уақытта оқушыларды аялдамадан қалдырмай алып кету туралы ескерту жасалды.

Навигация