Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Құқық қорғау органдары
ауыл тұрғындарынан (Балқаш ауд)
Ассалаумагалейкум кұрметті жан ашыр азаматтар мына мәселені шешіп беріңіздерші біздің ауданда көлік жүргізуші оқушылар қаптап кетті қыс мезгілі кедлі, қар жауды, жер тайғақ бііреуді қағап кетсе кім жауап береді, көлікті беріп отырған ата-ана ма әлде ГАИ учаскілік полициясыма
Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесіндегі 21 тарауына сәйкес, жолдарда автокөлік жүргізіп үйрену үшін тек үйретуші мен үйренушінің бастапқы автокөлік басқару дағдылары болған кезде ғана рұқсат етіледі, жеке үйрену кезінде механикалық көлік құралында жолаушылар болмауы тиіс. Үйренуші жол Ережесінің талаптарын білуге және орындауға міндетті.
Үйренуші Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесін бұзып, жол-көлік апатына ұшыраса, орын алған апаттың салдарына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Азаматтық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің талаптарына сәйкес жауапқа тартылады.

Навигация