Сұрақтар және жауаптар
Сұрақтар және жауаптар » Жастар саясаты
Байтеева Айгерим Сардарбек (Талғар ауд, Алматы каласы Аксай4 молтекауданы 59уй 52патер)
Салеметсиз Аким Мырза!! Жана жыл кутты болсын! Мен дипломмен ауылга деген багдарлама бойынша, жумыска орналаскым келеди. Алматы каласына жакынырак ауылды мектептерде бос орындар барма? Мамандыгым математик информатик. Казак Улттык педагогикалык университетин тамамдаганмын. Алматы каласында тиркелгенмин.(пропискадамын). Егер орындар болса, кай уакытта баруга болады? Осы багдарлама бойынша кайдан малиметтер алуга болады. Ел арасында осы багдарлама бойынша баргандардын кейбиреуи акша ала алмай жур деген сыбыстар бар. Буган не айтасыз? Жауабынызды кутемин.
Сіздің Алматы облысы әкімінің сайтына жіберген өтінішіңізді қарастырып, төмендегіні хабарлаймыз.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін Сіз, Талғар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне түйіндемеңізді (резюме) беруіңіз керек.
Жұмысқа орналасқаннан кейін, әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін Сіз, жұмыс органға, яғни экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Талғар қаласы, Қонаев даңғылы №65, №309 бөлме, тел: 295-61-16) өтініш жазуыңыз тиіс.
Өтінішті Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау» шараларын ұсыну ережесіне сәйкес қарап, тиісті жауапты береді.
Бұл бағдарлама бойынша ақшаларын ала алмай жүрген мамандар туралы мәлімет жоқ. Ауылдық елді мекенге келіп, жумысқа орналасқан және бағдарламаға жататын мамандарға көтерме жәрдемақылары беріліп, несиге ұсыныс бергендер бюджеттік несиемен қамтамасыздандырылды.

Навигация