Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Сұрақтар және жауаптар » Еркін тақырып

ile-tany (Іле ауд, п.Отеген батыр)

АСА ҚҰРМЕТТІ
АҢСАР ТҰРСЫНХАНҰЛЫ!

Сіздің БАҚ өкілдеріне, оның ішінде жергілікті газет қызметкерлеріне жасап жатқан ағалық қамқорлығыңыз ұшан-теңіз. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы наурыз айындағы «Мүлік туралы» Заңына байланысты аудандық газеттерді 100 пайыз мемлекеттік жасаймын деген ұсынысыңызды біз қуана қабылдадық. Дей тұрғанмен облыстық «Жетісу» теле-радио корпорациясының, яғни «Жетісу» медиахолдинг құрамына филиал ретінде кіретініміз көңілге кірбің ұялатып отыр. Филиал болып қалсақ, түбінде облыстық газеттердің жәй ғана бөлімшесі ретінде қалатын сияқтымыз. Өзіміздің есеп-шотымыз, бухгалтериямыз да бір жерге орталықтандырылатын сияқты.
Өйткені, өткен жылдың 27 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Болат Долдайұлы Тәкеновтің төрағалық етуімен бұқаралық-ақпарат құралдары басшыларының жиналысында облыстық қаржы басқармасының бастығы Сырым Қасымов мырза «Аудандық газетті жою туралы» қаулы қабылдап, олардың құрал-жабдықтарын облыстық «Медиахолдингке» өткізу жөнінде айтқан еді. «Жою туралы» қаулының шығатындығының өзі де бізді шошытып отыр.
Олай болса, аудандық газеттердің жабылып қалуы да мүмкін. Қылышынан қан тамған Кеңес Одағы кезінде әр ауданның өз газеті болған, енді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлаған мына егеменді заманда аудандық газеттер күш-қуаты, материалдық жағдайы жоқ қауқарсыз бөлімше болып қала ма, деген сұрақ бізді қатты мазалайды.
Қазірдің өзінде облыстық «Жетісу» теле-радио корпорациясының басшылығы мен бухгалтериясы «Газет ғимаратын, дүние-мүлкін тез арада бізге өткізіңдер»; - деп айтып жатыр. Олар «Шаш ал десе, бас алғалы» отыр. Оның соңы бізді шын мәнінде жойып жіберуге әкеле ме деген қауіп бар.
Сондықтан, Сізден өтінеріміз «Огни Алатау» газетінің 2012 жылдың 7 қаңтардағы №3 (16508) санының 10 бетінде жарияланған Талдықорған қаласы әкімінің 2011 жылдың 14 желтоқсанындағы №32-1268 А «ГГКП на ПВХ «Газета «Талдыкорган» аппарат акима г. Талдыкоргана реорганизовывается путем преобразование в ТОО «Газета «Талдықорған таңы» атты қаулысының негізінде аудандық газеттерді де ЖШС етіп қайта құруға мүмкіндік жасасаңыз екен деген тілегіміз бар.

Үлкен үмітпен аудандық басылымдар атынан
«Заман жаршысы» газетінің бас редакторы
Өтесін ҚҰБИЕВ.
«Атамекен» газетінің бас редакторы Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ,
«Іле таңы» газетінің бас редакторы Роза АЙДАРБЕКОВА,
«Талғар» газетінің бас редакторы Райхан ӘЗІМОВА,
«Жаркен өңірі» газетінің бас редакторы Бағдат АЙТМУХАЕВА.


Алматы облысының әкімдігі 2011 жылғы 1 наурыздағы ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң талаптарын орындау мақсатында «Медиахолдинг Жетісу Ақпарат» акционерлік қоғамын құру (жарғылық капиталында 100% мемлекеттің құзырында) жұмыстарын жүргізу үстінде.
Қазіргі кезде аудан және қалалық газеттер қайта құрылып, «Медиахолдинг Жетісу Ақпарат» акционерлік қоғамына кіреді.
Бұл жөнінде Сіз өзіңіз де қатысқан жиналыстарда бірнеше рет айтылған болатын.
Аудан және қалалық газеттер өздерінің меншік нысанына қарамастан, жарыққа шығуын тоқтатпайды.
Жоғарыдағыны ескеріп, бүгінгі таңдағы туындап отырған жағдайларға Сізді түсіністікпен қарайды деп сенім артамын.

Аталған дәрежеге қосымша:

20.02.2012 - Уважаемый Ансар Турсынханович. К вам обращаются жители близлежащих к "старой" больницы улиц города Талгар (улиц Медицинская, Асфендиярова, Камо, Веселая, Бокина, Кунаева и т.д.). Нам стало известно, что в "старой" больнице хотят открыть областную наркологическую клинику особого режима на 180 коек. Мы не можем понять, как можно открыть такую клинику в центре города. Когда рядом жилые дома, детский сад, санаторная школа, мед. учреждение, множество магазинов, аптек, кафе. Ведь никакие высокие заборы и охрана не оградят нас и наших детей от н...
20.02.2012 - Құрметті Аңсар Мұсаханұлы!
Деніңізге саулық,отбасыңызға амандық тілейміз.Өзіңізге хат жолдау себебім оқу бітірісімен 2 жылға жуық уақыт құқық қорғау органдарында қызмет атқардым.Әділет министірлігінде 2011жылдың қыркүйек айында жарияланған өзгерістері бойынша қыстартылуға түсіп қалдым.Жүктелген жұмысты адал атқаруға дайынмын.Өзіңіздің қабылдауыңызға қай күні кіруге болатынын білсем деп едім.Өзіңізге үлкен үмітпен сенім артамын....
20.02.2012 - Аса құрметті Аңсар ага!
Өз Отанымды сүйемін, Қазақстандай іргесі берік, экономикасы дамыған елде туғаныма, тұрғанымы қуанамын.
Елбасымыз Нұрсұлтан атаның ұстанған саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем танып, дүниеде Қазақ деген ұлы халақтың бар екендігін мойындап отыр. Кең байтақ елімізде сан – алуан ұлттың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның отбасынан, ата – анаға деген құрметтен, қадірлеуден басталатын секілді. Ауылдастарының құрметіне бөленіп отырған адамның бірі мен...
16.02.2012 - Здравствуйте уважаемый аким! У меня есть выкупленный делимый участок 25 соток, целевое назначение крестьянское хозяйство, участок находиться ниже новой больницы на поле, могу ли я поменять целевое назначение на ИЖС и поделить его на 3 равные части?? сколько нужно будет платить? и какие документы потребуются? могут ли быть сложности? спасибо...
16.02.2012 - Добрый день! Прошу ответить на вопрос - будут ли сносить дома, расположенные по адресу - пос. Таусамалы, ул.Кунаева - угол ул.Магжана Жумабаева (выше домов №51,52). В настоящий момент - со слов соседей по ул.Рыскулова, того же поселка - у них забрали документы на дом, выписав предписание о запрете на продажу домов, в связи с тем, что будет осуществляться снос домов для строительства дороги/развязки. У всех жителей нашего поселка паника - в акимате молчат, в земельном комитете Карасайского района - молчат, говорят - все решает городской акимат. Сидим как...
Created by Alex Unknown