Алматы облысы әкімінің жеке блогы
OK

Сұрақтар және жауаптар


Сұрақтар және жауаптар » Тұрғындарды жұмыспен қамту

Гүлнәр Мұқатайқызы Зікіров (Балқаш ауд)

Құрметті Серік Әбікенұлы!
Адам тірлігіндегі бақыттың қайнар көзі – мөз қолымен игілікті істер жасау. Ол дегеніміз, өзінің ішіп-жеміне, бала-шағасының қамынан асып түсетін одан әлдеқайда артық хақтың, халықтың қызығын көрер, байлық қалдыру. Яғни, өзін қойып, өзгені ойлаған адам нағыз қасиетті адам деп ойлаймын. Осындай ізгілікті іс жасау – менің арманым. Бар саналы ғұмырымды мүгедек бауырларым мен жетім-жесір қайын жұртыма жақсылық жасаумен өтті. Енді өз бала-шағама не қалдырдым деп ойласам өзімнен өзім ұяламын. Бақ отбасынан басталады ғой.
2006 жылы Ерекең бар ынтаммен жасап жүрген жұмысымды өзінің қайын апасына өткіздірді. «Маман емессің» деген сылтаумен. Азаматтығын сыйлап, осы күнге дейін жұмыссыз отырмын. Көңілім қалаған, қолымнан келетін, әрі халқыма да пайдасы бар қызметке қолым жетпей қойды. Отбасымның да жағдайы күннен күнге қиындап барады. 2004 жылдан бері үйсізбіз. Нұрланов Дүйсеннің арқасында үйлі болдым. Бірақ қаражаттың жоқтығынан үйіміз жөнделмей тұр. Бұл жағдайлардың бәрін Ерекең біледі. Неше рет хат жазып, көмек сұрадым. Бірақ көмек тұрмақ қызмет бермей жүр. «Есеңгірегеніңді елге білдірме, еншіңді жатқа ілдірме», қанша қиналсам да, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығын құрып, шамам келгенше халықпен жұмыс жасап жатырмын. Есеп-шотыма әлі бір тиын түскен жоқ. Былтыр да, биыл да сіздердің ҮЕҰ-ға қаралған грантқа тапсырыс бердім. Сәтін салып, ұтсам, бәрі халықтың игілігіне жұмсалады. Ал мен зейнеткерлікке шығуға екі жылым қалды. Енді сол зейнеткерлікке жақсы жалақымен, абыроймен шығу үшін бос тұрған ауылдық әкімнің қызметін сұрадым. Ауыл қарттары, бүкіл ауыл десем артық емес, қолдап отыр. Ерғазы Қошанбекұлы ол «Сіздің құзырыңызда» дейді. Сол себепті, Сізден өтінерім, осы қызметке тұруға ықпал жасауыңызды сұраймын. Мен адал қызмет етуге ант беремін. Гүлнәр Мұқатайқызы Зікірова


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
Осыған орай Бақанас селолық округі әкімінің лауазымына тағайындау Балқаш ауданы әкімінің құзырына жатады.

Аталған дәрежеге қосымша:

03.05.2012 - Құрыметті Ансар Мұсаханов, мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылының тұрғынымын. Қазіргі кезде жұмыссызбын. Ел басының жұмыспен қамту 2020 бойынша қайта даярлықтан өтіп, жылыжайда көкеніс өндіру, агротехникалық жүйені үйреніп өзім иелік етедін жиырма соттық жерге шағын несие алып жылыжай салып, жыл бойы көкөніс өндіріп, өзімді-өзім жұмыспен қамтамасыз етпекші едім. Алайда, аудандық жұмыспен қамту орталығына барып жолығып едім олар, жылыжайдың технологиясын, оның құрылымы туралы оқыта алмайтындықтарын айтты (Нұрбек тел: 295-68-75. 8...
12.03.2012 - Ассалаумағалейкум аға!Сізден сұрайын дегенім,мен Алматы қаласы КУПС колледжінде оқимын 2 курс Автоматтандыру және байланыс мамандығын.Тұрмыстық жағдайға байланысты 2 жыл артта қалдым.Сізден өтініп сұрайтыным маған осы мамандығыма байланысты жұмыс тауып берсеңіз Алматы не болмаса Талдықорған қалаларынан сізден өтініп сұраймын аға?Қазір Алматы қаласында тұрып жатырмын сізден асыға хабар күтем аға!Аты-жөнім:Сайрат Дарын Сайратұлы.Байланыс телефоным 87022578640...
11.03.2012 - Өтініш
Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы біріншіден Сізді облыс әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, облыстың әлеуметтік-эканомикалық дамуына қосып жүрген еңбегіңізге зор табыс тілеймін. Жақсылықтың ерте кеші жоқ дегендей Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтауға бұрынырақ сәті түспеді айып етпеңіз. Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы бұл өтінішті жолдауымның себебі мен 2006жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызына дейін Пенжім ауылдық округінің әкімі болып қызмет істедім. Ауданға әкім болы...
20.06.2011 - Құрметті Ансар Мусаханов мырза!
Мен сізге бірінші рет хабарласып отырмын! Орныңыз құтты болсын! Мен негізі Алмалы ауданының тұрғынымын енді осы Қарасай ауданынан жер алып үй салсам деген ойым бар. Сол себепті мамандығым АТУ-дың 2010-2012жж Мемелекеттік жергілікті басқару. Құдай қаласа ендігі жылы қолыма дипломымды аламын. Өзім Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасының көмекшісі болып
2 астам жұмыс істедім. (КМС). Бірінші мамандығым 1994-1998жж экономист-менеджер бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемедім. 2-ші мамандығым бойынша с...
20.06.2011 - Сәлеметсiзбе Аңсар Турсынхан ұлы ! Менің сiзден сұрайтын өтiнiшiм жұмысқа орналасу мәселесiн карастырып берсеңiз.Резюмемдi көтерiп тоздырмаған есiгім қалмады.барлык жерде сен еш жерде жұмыс жасамағансың стажың жоқ деп шығарып салады.2007 жылы КазНАУ университетінің (вет сан врач) мамандығын үздік бітіріп, тұрмысқа шықтым. Қазір Ата- енеміздиң қолындамыз,кішкентайымызды ауыл балабақшасына беріп қойдық Келешектегі арманым жан-жолдасыма тіреу болып,маман иесі болып қызметте істеп ,бірігіп үиреніп қалған ауылымыздан жер сатып алып үи салып ,же...
Created by Alex Unknown